Главная страница

Айғаным эссе. Мені жмысымда полимерлерді асиеттерін сипаттай отырып олара балама болатын зиянсыз заттар дайындау туралы жазылан. Бгінде полимерлер ндірісі арынды дамуда


Скачать 15.09 Kb.
НазваниеМені жмысымда полимерлерді асиеттерін сипаттай отырып олара балама болатын зиянсыз заттар дайындау туралы жазылан. Бгінде полимерлер ндірісі арынды дамуда
Дата25.05.2023
Размер15.09 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАйғаным эссе.docx
ТипДокументы
#1158245

Эссе

Менің жұмысымда полимерлердің қасиеттерін сипаттай отырып оларға балама болатын зиянсыз заттар дайындау туралы жазылған. Бүгінде полимерлер өндірісі қарқынды дамуда. Алайда пластик өндірісінен бастап, кәдеге жарағанға дейін қоршаған ортаға зиянын тигізеді. Оларды өндіретін зауыттар атмосфераға қаншама көмірқышқыл газын бөліп және жануарлардың пластиктен жасалған орамаларды жеп қою себебінен пластикпен уланып жойылып кету қаупі басым. Ал полиэтилен пакеттерге келетін болсақ, біріншіден ол өте арзан. Біз дүкендерден тиынға, кейде тіпті тегін аламыз. Бір алғанда бірнеше пакет алуға тырысамыз. Үйге келіп қалған қоқысты сол пакетке салып, тастай саламыз.

Жыл сайын өндірілетін плстмассадан жасалған өнімдердің көп мөлшері бір рет қолдануға арналған. Пластмассалар жерге түскенде ұсақ бөлшектерге ыдырап қоршаған ортаға зиянды заттарды бөле бастайды. Сол себепті осы экологиялық проблемалар мені қатты толғандырды. Әсіресе полиэтилен пакеттерді халықтың көп мөлшерде тұтынатыны және оған тамақ өнімдерін салып пайдаланатыны адамзат үшін қауіпті екендігін білі бермейді. Аталған мәселе бойынша ойлана келе ұстазыма ойымды айтып, қауіпсіз заттарды қалай жасасам болады деген сұрақтардың жауабын іздедім. Нәтижесінде зерттеу жұмысымды бастап кеттім. Зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Пластмассаға балама биологиялық ыдырайтын заттар дайындау». Зерттеу жұмысым бойынша биологиялық ыдырайтын заттар полимер қалдықтары мәселесін шешудің жалғыз әдісі ретінде табиғатта зиянсыз компоненттерге ыдырайтын полимер деп есептеуге болады. Мен ұсынған биологиялық ыдырайтын компоненттерден үйде жасаған ыдыстар, пластиктен жасалған ыдыс-аяқтан әлдеқайда жақсы. Ол табиғи өнімдерден жасалған. Қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиян келтірмейді.

Қорыта келе мен өз ойымды айтсам, биоыдырайтын заттарды ойлап табу Қазақстан үшін маңызы зор болып табылады себебі біздің елде ондай өнеркәсіптер жоқтың қасы. Ал мен ұсынатын биопакеттің сапасы жағынан да, әрі сыртқы келбеті де талапқа сәйкес, берік, жоғары температураға төзімді.


написать администратору сайта