Главная страница

Эссе. Ғаппар Наргиз №187 мектеп-лицей. Мені сйікті кейіпкерім Марк Твенні шыармаларыны ішінде маан ерекше наан шыарма Том Сойерді бастан кешкен оиалары


Скачать 15.23 Kb.
НазваниеМені сйікті кейіпкерім Марк Твенні шыармаларыны ішінде маан ерекше наан шыарма Том Сойерді бастан кешкен оиалары
Дата17.01.2023
Размер15.23 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҒаппар Наргиз №187 мектеп-лицей.docx
ТипДокументы
#891549

Ғаппар Наргиз,

М.Шоқай атындағы

№187 ІТ мектеп-лицейінің

6 «Ә» сынып оқушысы
Менің сүйікті кейіпкерім

Марк Твеннің шығармаларының ішінде маған ерекше ұнаған шығарма - «Том Сойердің бастан кешкен оқиғалары» .

Мен оқыған кітаптардағы кейіпкерлерінің ішіндегі ең сүйікті кейіпкерім –Том Сойер. Америкалық шағын қалашықта тұратын Том Сойер ақылдылығымен әрі тапқырлығымен кез келген қиындықтан шығудың жолын таба алады. Том қызық оқиғаларға тап болуды , ерлік жасауды армандайды.Бірде Том Сойер үйінің жанындағы қоршауды сырлауға ерініп, көрші балаға сырлауға рұқсат береді және сырлағаны үшін Том баладан жаңа қағаз жылан, өлген тышқан, он екі алебастрдан жасалған кішкентай шар, кесек бор ,қалайыдан жасалған солдат ойыншық алады. Осы оқиғадан Томның тапқырлығын және кез келген нәрседен пайда таба білетіндігін байқаймыз.

Том Сойер батыл және адамгершілігі мол бала,ол басқа біреудің кінәсін өз мойнына алады.Том Бекки үшін мистер Доббинстің дүресінен де қорықпайды. Том Сойер үшін шешілмейтін нәрсе деген жоқ. Том Сойер Беккимен үңгір ішінен шығатын жолды таба алмай қалғанда да, қиындықтан жол табуды ойлайды. Беккиді өлімнен құтқарудың жолын таба біледі. Том Сойердің батылдығын түрмеде отырған кінәсіз Поттерді өлімнен құтқарған кезде көреміз. Қанышер Джоның бостандықта жүргенін білген Том өзінің досы Гекпен нағыз қылмыскерді әшкерлейді. Том Сойер өзінің бойындағы қорқынышын жеңіп, сот алдында куәгер болып, кінәсіз Поттерді құтқарады. Осы оқиғадан кейін Том Сойер қала тұрғындарының құметіне бөленеді. Том Сойерден адал дос болуды да үйренуге болады. Томның ең жақын досы- Гекельберри Финн. Томның үй іші Гекпен дос болуға қарсы, алайда Том үшін Гек өмір бойы дос болуға тұрарлық бала деп есептейді. Гекпен бірге Том Сойер шытырман оқиғаларға тап болуды армандайды. Екеуі бірге еркін өмірді армандап, батыл қарақшы , үнді тайпасының жаулаушысы ойындарын ойластырады. Үлкендерден бөлек өмір сүру шытырман оқиғаларға да, қауіпке де толы деп ойлайды. Том Сойер өзі оқыған кітаптың кейіпкері ,аты аңызға айналған халықтың қорғаушысы Робин Гудқа ұқсағысы келеді. Тіпті Том Сойер ер жеткенде Робин Гуд сияқты батыл әрі әділ адам болғысы келеді.

Том Сойердің бойында кездесетін тапқырлық, батылдық, адал дос бола білу сияқты қасиеттері оқырмандарын өзіне баурайды және көптеген оқырмандардың сүйікті кейіпкері болып қала береді.


написать администратору сайта