Главная страница

Менің сүйікті кейіпкерім. Сарыбай Нұрбол №187 мектеп-лицей. Мені сйікті кейіпкерім Шетел жазушыларыны кітаптарын олыма аланда есіме Даниэль Дефоны Робинзон Крузо


Скачать 15.79 Kb.
НазваниеМені сйікті кейіпкерім Шетел жазушыларыны кітаптарын олыма аланда есіме Даниэль Дефоны Робинзон Крузо
АнкорМенің сүйікті кейіпкерім
Дата12.01.2023
Размер15.79 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаСарыбай Нұрбол №187 мектеп-лицей.docx
ТипДокументы
#883792

Сарыбай Нұрбол,

М.Шоқай атындағы

№187 ІТ мектеп-лицейінің

6 «Б» сынып оқушысы
Менің сүйікті кейіпкерім
Шетел жазушыларының кітаптарын қолыма алғанда есіме Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо» романындағы кейіпкер есіме түсе кетеді. Кітапты оқи бастағанымда Робинзон Крузоға ұқсайтын кейіпкер бар ма екен деп іздеп отырамын.

Ағылшын жазушысы Даниэль Дефоның керемет романын бірнеше рет оқып шықтым. «Робизон Крузоның бастан кешкен оқиғалары» адам баспаған иесіз аралда жалғыздықты басынан кешкен Йорктан келген теңізшінің өмірін баяндайды. Вест-Индиядағы адам аяғы тимеген иесіз аралға жақын жерде кемесі қирап, аралда жиырма сегіз жыл өмір сүргені баяндалады. Робинзон Крузо аралға келгеннен кейін көптеген адам төзгісіз қиындықтарға душар болады. Робинзонға жабайы аңдардан , аштық пен қорқынышты шабуылдардан сақтануға тура келеді. Робинзон барлық қиындықтарды ерлікпен жеңді. Робинзон аралда адамзат өркениетінің жүріп өткен жолының барлық кезеңдерін қайталайды. Ол баспана тұрғызып , үйінің жан-жағын айнала қоршап бекініс салады, жабайы ешкілерді қолға үйретіп өсіре бастайды, жануарларды бағумен айналысады, өз арпасының егістіктеріне ие болады. Ол аралдағы алғашқы күндерден бастап ағаш отырғызып, шөлейт жерлерді құнарлы алқапқа айналдырады. Оның сазды құмыраны қалай мүсіндегені туралы білу өте қызықты болды. Робинзон көп жұмыс істегенімен, ол күнделік жүргізді, Киелі кітапты оқиды. Күн сайын ол өзіне қауіп төндіре отырып, белгісіз аралды зерттеп, жаңа бір нәрсені біліп отыратын болды. Ол батылдық танытып, каннибалдардың қолынан тұтқынды құтқарады. Робинзонның өзіне де қауіп төніп тұрса да, өзінің қорқынышын жеңіп, қашқынға көмектеседі. Қашқын жұма күні құтқарылғандықтан, оған Жұма деген есім береді. Жұма Робинзонға адал дос бола біледі. Роман Робинзонның Отанына оралуымен аяқталады.

Робинзонның бойынан табандылық пен батылдықты, сенім мен жеңіске деген ұмтылысты бағалаймын. Робинзон Крузоның орнындағы кез келген адам қиындыққа төтеп бере алмайды. Сондықтан Даниэль Дефо кейіпкері нағыз батыр деп сеніммен айтуға болады.


написать администратору сайта