АСАБА СӨЗДЕРІ. Мереке жрген жері береке! Баяыда айтан екен,йеліммен ажырасайын десем,мажамды имаймын деп Ортаа шыан еркек, еркек шыпаан просто шелпек Фруктовый Ойын Би жарысы
Скачать 19.5 Kb.
|
Ассалаумағалейкүм алқалаған әлеумет,шалқалаған шәлеумет,қалқалаған қәлеумет, талқалаған тәлеумет демекші міне бүгін атадан қалған дара жол, дарадан қалған сара жол, сарыдан қалған сары жол, жасылдан қалған жасыл жол ,фиолетовыйдан қалған фиолетовый жол демекші, аттан жығылсақта, салттан жығылмаған қазақтың ұрпағы екенімізді көрсетіп , жол мұраты жету, қыз мұраты кету демекші , іздеген жетер мұратқа демекші Мұрат ағамыздың ұзату тойына, кешегі той екенғой кешіріңіздер ....... қызымыздың ұзату тойына қош келдіңіздер , қыздарыңызды ортаға алып шығатын қазақстан эстрада жұлдызы Роза Әлқожа Билемеңіздер қыз берген адамдар билемейді, қыз алғандар билесін Қазақта сөз бар Қыз алған жалпақ құда,Қыз берген талтақ құда дейді. Ортаға жақын келіңіздер, Ағайын! қыз беру оңай емес! Алло охрана скажите Азамату пускай орындарынан турсын. Азамат сен бір елдің қызын алып жатсын, сен олай жасама, сен кішкене күліп тұр, бүгін сенің тойың , настроениян калай жаксы ма? Көрем бір жылдан кейін Мереке жүрген жері береке! Баяғыда айтқан екен,әйеліммен ажырасайын десем,мажамды қимаймын деп Ортаға шыққан еркек, еркек шықпаған просто шелпек Фруктовый Ойын Би жарысы Бірінші қайжақтансыз,руыңыз кім деп сұрайды асаба , потом фрукты тандатады, Қазақстанда Алма қайжерде қай жерде өседі? Алматыда Дұрыс емес Қазақстанда алма Ағашта өседі Ойын бойынша ер адамдар сол фруктыға ұқсайтын қыз издейди Қайырлы күн құрметті ағайындар Ассалумағалейкем қаптаған ел, жылқысын жалын кесіп баптаған ел, бүгін міне думанды той болар деп асқазанды сары майдай сақтаған ел Армысыңдар біріңді жаста кәрің, ашық болсын жайылған дастарханың шежірені шерітетін шегесінен сәлем бердік төрдегі ақсақалым талабыңды салмақтап бағалармын жолымен жүріп білген бабалардың нарықтада қымт етіп майыспаған қалайсыңдар қара нардай ағаларым бүгінгі той болсыншы толап тегі орындалсын жүректердің тіректері улап-шулап бүгігі тойды өткізетін сәлем бердік қыпшақ елінің жігіттері Қазағым той жасауға шебер екен еңселі елді көрсем елең етем әлемде нешетүрлі халықтар бар әрқайсының салемдері бөлек екен Мәселен, ағылшындар «Хэллоу» Гудбай деген сөзбен Өз достарының өзегін тебеді екен Ал Орыстар «Здраствуй» Привет деген сөзбен Бір-біріне сәлем береді екен Ал енді қазағыма бұрылайын Қазағымның сәлемі бөлек екен Қалың қалай деген сұрағына Сен қалайсың деп жауап береді екен Той біргін дүркірлердің тағдырына Не жетсін алты алаштың ән-жырына «Ассалаума ғалейкім» – деген сөзім, «Алланың нұры жаусын» барлығыңа Ассалаумағалейкүм арма ағайын! Жақсылыққа жиылған, Шеттерінен мейірбан. Дархандығы даладай, Аңқаулығы баладай. Жақсылыққа ат байлап, Жамандықты қақпайлап жүрген. Ізгілікті ине етіп, Имандылықты түйме етіп жүрген. Жақсылықтың жаршысындай, Асықтың алшысындай, Көңілдің мөлдір тамшысындай. Асылдың сынықтары, Алтынның ұнтақтары. «Той» десе – алып-ұшып жүгіретін, Мәрт қазақтың ұрпақтары Бүгінгі дүбірлі тойға Қош келдіңіздер, ағайындар! Ерекше қадірі де, бағасы да, Ұқсайтын алтын тонның жағасына. Тілегін жүрек жарды қалсын айтып, Берейік сөз кезегін нағашыға. Бұл тойға туыс келмей, жат келсін бе, Дүбірлі талай тойлар қапты есімде. Ағытсын шын жүректен ақ тілегін, Қанеки, бір тыңдайық әпкесін де. Сыйлы боп жүрген барша қауымына, Тілектес думаны мен сауығына. Жүретін Алатаудай арқа сүйеп, Берейік сөз кезегін бауырына. Жездеге берген қазақ төрден орын, Қайын жұртқа ерекше еңбегі оның. Дәл басатын сезімнің пернелерін, Алады сөз кезегін жезделерің. Пейілі қазақтың кең даласындай, Бір ару ортамызда бар осындай. Берейік сөз кезегін қарындасқа Көзінің ағы менен қарасындай. Тіреу ғой тұрса егерде артыңда іні, Інілер-ағалардың жал- құйрығы. Сөз кезегін береміз інісіне, Іні бар да қалмайды нардың жүгі. Жанары қыран құстай қиядағы, Именіп үлкендерден ұялады. Ақ тілегін айтсын бір күйеу бала, Той болса, жұрттан бұрын қуанады. Қыз ұзату Қадірменді қонақтар! Ағайын-туыс, дос-бауыр! Ақ дастарқан басына адал ниетпен жиналған құда-жекжаттар! Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру – әрбір ата-ананың тілегі, әрі парызы. Бүгін, міне, отбасымыздың көз қуанышы өмірлік серігімен қол ұстасып, ата-анасының аялы алақанынан ұшып барады. Сен біздің қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген шырағымызсың. Үлкен өмірге басқан қадамың құтты болсын! Әлпештеп өсірген перзентіңнің бақытын тапқаны біз үшін қуаныш қой, әрине. Барған жеріңе тастай батып, судай сің. Ата-анаңды қалай құрметтесең, ата-енеңе де сондай сый-құрмет көрсет! Жұптарың жазылмай, бақытты да тату-тәтті ғұмыр кешіп, үбірлі-шүбірлі болыңдар! Қыз ұзату «Жол мұраты — жету, қыз мұраты – кету» дейді. Оны ұғынсақ та, бауыр етінен жұлып алғандай етіп қызын өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емес екен. Дегенмен, теңін тауып, ата-анасының, туған-туыстарының ризашылығымен кетіп бара жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін! Құдай қосқан жарына бақ болып қонсын, қосағымен қоса ағарсын! Құда-жекжаттарымызға айтарым, бір-бірімізге деген жылы ықыласымыз суымай, сыйластығымыз жоғалмай екі жастың қызығына кенелейік. Той сіздерге де құтты болсын! Екі жас бақытты, өмірлері ұзақ болсын! |