Мерзімі:
11.12.2020
Өткізілетін орны:
№17 кабинет
| Айшабибі орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Еркебаева Ғаниза Ермахановна
| Коучинг тақырыбы : «Оқушылардың білім сапасын қалай көтеруге болады?»
| Мақсаты:
Оқу барысында инновациялық технологияларды тиімді қолданып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.
|
Тақырыбы
| «Оқушылардың білім сапасын қалай арттыруға болады?»
|
Жалпы мақсаты
| Оқу мен оқытудағы инновация - білім сапасын арттыратындығын түсіну
|
SMART мақсат:
| Педагогикалық технологияларды қолдану барысында функционалдық сауаттылықты арттыру
|
Оқу нәтижесі
| Мұғалімдер сабақтарында тиімді әдіс-тәсілдерді таңдайды Педагогикалық әдіс-тәсілдер білім сапасын арттырудағы көмекші ресурс екенін түсінеді. Педагогикалық технологияның тиімді қолдануы- оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың басты жолы екендігін басшылыққа алады. Педагогикалық технологияларды сабақтарында қолданып, көрсетеді.
|
Түйінді идея
| Мұғалімдер оқу мен оқытудағы инновация – білім сапасын арттыратындығын түсінеді.
|
| Тренердің іс-әрекеті
| Мұғалімнің іс-әрекеті
| Рефлексия
|
Психологиялық көңіл күй ахуалын тудыру.
5мин
| «Сынық құмыра» тренинг.
Тапсырма:
Бейне роликті көреді.
Ой бөліседі.
| Қатысушының міндеті:
Қатысушылар тесік құмыраның да өмірде пайдасын өмірмен байланыстырып ой қозғайды.
| Бейне ролик
|
Миға шабуыл
10 мин
| «Жетістікке қалай жетеміз?»
Инновациялық оқытудың ерекшеліктері:
Көрегендік сипат алуы, дамудың жылдамдығы; Болашаққа үмітпен қарау; Өзіне, өзгеге талаптың жоғары болуы; Тұлғаға, оның дамуына бағытталуы; Шығармашылақ элементтерінің міндетті қатысуы; Қарым-қатынастың ынтымақтастыққа, өзара көмекке негізделуі және т.б.
| Тыңдаушы топқа бөлініп,мәтінмен жұмыс жасайды. Топта талдау жасайды. Талқылайды. Жетістікке жетудің алғы шарттарын ойластырады.
Жетістікке жетудің қадамдары:
1-қадам:
2-қадам:
3-қадам:
4-қадам:
5-қадам:
ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУДІҢ ҚАДАМДАРЫ:
1. Мақсатты анық қою, басымдылықтарды белгілеу;
2. Ісіңе жауапкершілікпен қарау;
3. Денсаулыққа көңіл бөлу, дұрыс тамақтану, спортпен шұғылдану;
4. Ұқыптылық, жұмысты уақытында орындау;
5. Әдемі сөйлеу, ойыңды жинақы, дәлелдермен жеткізе білу;
6. Таза және ұқыпты киіну;
7. Өзіңнің және өзгенің уақытын бағалау;;
8. Қателік жасаудан қорықпау.
|
|
Таратпалар
Мәтінді текстер
Толтырмалар
|
Практикалық тапсырма:
КЕРІ БАЙЛАНЫС
| 1-тапсырма:
«Табысты болайық!»
Табыс формуласын жіктеу тапсырмасы
Т-
А-
Б-
Ы-
С-
ТАБЫСҚА ЖЕТУ ФОРМУЛАСЫН МҰҒАЛІМДІК ҚАСИЕТКЕ АРНАП ТАЛДАУДЫ ҰСЫНАМЫН
Әркім жетістікке жетудегі басым қасиетін айтып беруін өтінемін және қандай жетістік қасиеттері жетіңкіремей жатқандығын сұраймын.
Бүгінгі коучингтен мен не алдым?
Ойыма не түйдім?
Көңіліме не жақпады?
Мен оны былай жасар ма едім?
Сәтті жақтары қандай болды?
Сәтсіздікті мен көрдім бе?
Сіздерге айтарым не?
| Мұғалімдер өз мамандығы бойынша табысқа қалай жетудің ролін ойластырып ортада айтады.Табыс формуласын мұғалімдердің табыс кілтін табады.
Менің бойымдағы табыстың ең керемет қасиеттері бар дегендер өзгелермен бөліседі.
Кері байланыс орнату
| Таратпалар
Нақыл сөздер
|