Главная страница
Навигация по странице:

  • Бір нәрсенің, құбылыстың орнына оған ұқсас екінші нәрсені, құбылысты қолдану.

  • Әйнегі – күн, шатыры – аспан

  • Теңеу – екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату.

  • оғындай;

  • Жүйрік қиял, ақ қайың, ереуіл ат, қоңыр кеш, әсем әуен, т.б

  • Әйелді– ақ жайлық, әскерді – қол, бүркітті – ақиық, мұзбалақ, қылышты – наркескен

  • Герат

  • Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек

  • Мөлдіреген көз жасын тыя алмай тұр.

  • Астыңғы ерні жер тіреп... Гипербола Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

  • Метонимия Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жайылады. Синекдоха Ақын-жел, есер, гулер жүйрік желдей

  • Орта жүздің көркі едің, Қоңыраулы бұйра нарындай, Ай мүйізді қошқардай, Қол жетпейтін асқардай. Теңеу

  • Адебиет. Әдебиет теориясы. Троптың түрлері. Метафора(Алмастыру) Бір нрсені, былысты орнына оан сас екінші нрсені, былысты олдану


    Скачать 67.98 Kb.
    НазваниеМетафора(Алмастыру) Бір нрсені, былысты орнына оан сас екінші нрсені, былысты олдану
    АнкорАдебиет
    Дата25.04.2023
    Размер67.98 Kb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаӘдебиет теориясы. Троптың түрлері.pptx
    ТипДокументы
    #1088030

    Теңеу

    Метафора

    Эпитет

    Метонимия

    Синекдоха

    Символ

    Аллегория

    Ирония

    Сарказм

    Гипербола

    Литота

    Кейіптеу

    Троп түрлері

    Метафора(Алмастыру)

    Бір нәрсенің, құбылыстың орнына оған ұқсас екінші нәрсені, құбылысты қолдану.

    «Мен – тауда ойнаған қарт марал»

    «Арыстанмын, айбатыма кім шыдар»

    Әйнегі – күн, шатыры – аспан

    Ашу деген – ағын су, ақыл деген – дария

    Жыр – нөсер

    Жастықтың оты, жүректің көзі, дүниенің есігі

    Теңеу

    Теңеу – екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату.

    -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

    Күндей күлімдеді;

    Садақтың оғындай;

    Жолбарыстай ақырған;

    Ор киіктей жүгірген.

    Эпитет

    Заттың, құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын айқындаушы сөз. Мысалы, қазақ поэзиясында «алтын» сөзі эпитет ретінде көп қолданылады. Оның мағынасы да сан алуан:

    түсті (алтын күз);

    құтты мекенді (алтын бесік – туған жер, алтын аймақ);

    атақ-дәрежені (алтын жаға);

    қазына-байлықты (алтын сандық);

    жаны таза, адамгершілігі мол кісіні (алтын адам, алтын кісі) білдіреді.

    Эпитет көбінесе сын есім, үстеу, зат есім, етістіктен жасалады.

    Жүйрік қиял, ақ қайың, ереуіл ат, қоңыр кеш, әсем әуен, т.б

    Метонимия

    Өзара байланысты ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына ерекше қасиетін көрсету. Сол сияқты өзара шектес заттар мен құбылыстардың, өзара байланысты ұғымдардың бірінің орнына бірі қолданылуы.

    Әйелді– ақ жайлық, әскерді – қол, бүркітті – ақиық, мұзбалақ, қылышты – наркескен деп айту;

    Үйі мәз боп қой сойды,

    Сүйіншіге шапқанға...

    Қасиетті қабірге, қасіретті Герат тас төкті.

    Бір табақ ет жеді.

    Конференция шешім қабылдады.

    Мен Әуезовты оқыдым.

    Синекдоха

    Синекдоха - бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді пайдалану. Синекдоханы меңзеу деп те айтуға болады.  Бұл метонимияға жақын, өйткені синекдоха да екі ұғымның іргелестігі арқылы жасалады. Мұның метонимиядан айырмасы мынада: метонимияда сандық айырмашылық болмайды; ал синекдохада сандық айырмашылық болады.

    Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек

    Толғауы тоқсан қызыл тіл

    Мал-жаның аман ба?

    Кейіптеу

    Табиғат құбылыстарын, жануарларды немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттеу.

    Ақ киімді, денелі, ақ сақалды...

    Мөлдіреген «Жетімкөл» көкке қарап,

    Мөлдіреген көз жасын тыя алмай тұр.

    Ертегілер мен сықақ-мысалдарда қасқыр, түлкі, қоян,тағы басқа жануарлар адам кейпінде суреттеледі.


    Жоғары ерні көк тіреп,

    Астыңғы ерні жер тіреп...

    Гипербола

    Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

    Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

    Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

    Басқан жері сықырлап келіп қалды.

    Кейіптеу

    Көк темірді киініп,

    Шықты батыр жекеге.

    Метонимия

    Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жайылады.

    Синекдоха

    Ақын-жел, есер, гулер жүйрік желдей,

    Ақын-от, лаулап жанар аспанға өрлей.

    Қиялы, жан-жүрегі ойнаған от,

    Ақынжы аласұртар, тыныштық бермей.

    Метафора

    Орта жүздің көркі едің,

    Қоңыраулы бұйра нарындай,

    Ай мүйізді қошқардай,

    Қол жетпейтін асқардай.

    Теңеу

    Қоғалы көлдер, қом сулар,

    Кімдерге қоныс болмаған.

    Саздауға біткен қара ағаш,

    Кімдерге сайғақ болмаған.

    Эпитет


    написать администратору сайта