вакуумдағы электр тогы 8 класс. Металдардаы электр тогы дегеніміз не Электролиттегі электр
Скачать 6.05 Mb.
|
Үй тапсырмасын қайталау. Металдардағы электр тогы дегеніміз не? Электролиттегі электр тогы дегеніміз не? Газдардағы электр тогы дегеніміз не? Еркін электрондардың реттелген қозғалысы Оң және теріс иондардың қарама-қарсы бағыттағы қозғалысы Электрондар мен оң және теріс зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы Металдардағы электр тогы Заряд тасушылар иондар электрондар Металдағы заряд тасушылар- электрондар! Сұйықтардағы электр тогы Диэлектриктер-дистелген су. Өткізгіштер- тұздардың, қышқылдардың судағы ерітінділері. Электролиттік диссоциация(бөлу) Электролиз Ауа - диэлектрик электр тасымалдау желілері ауалық конденсатор - контактілі қосқыштар Ауа - өткізгіш найзағай электр ұшқыны - металды пісіру Газдардағы электр тогы Ионизатордың әсерінен газ өткізгішке айналады. Ионизаторлар: жалын, ультракүлгін, рентген, радиактивті сәулелер Плазма дегеніміз не? Плазмадағы зарядталған бөлшектер қозғалыс жылдамдығына қарай нешеге бөлінеді?Төмен температура- дағы плазма ( 105 К-ге дейін ) Жоғары немесе ыстық плазма ( 105 К-нен жоғары) Иондалу дәрежесіне қарай плазмалар нешеге бөлінеді?Әлсіз иондалған Орташа иондалған Толық иондалған 29.02.12 Сабақтың тақырыбы: Вакуумдегі электр тогы. Электронды-сәулелік түтікше. Вакуум—сиретілген орта, онда молекулалар санының аздығы сонша, олардың соқтығысу мүмкіндігі болар-болмас. Кәдімгі жағдайда ол электр тогын өткізбейді. Оқшаулағыш болып саналатын вакуумде электр тогын тудыру үшін электр зарядтары мен электр өрістерінің бос тасушыларының болуы шарт. Вакуумде электр өрісін тудыру оңай. Металдардың температурасы артқан кезде электрондардың ұшып шығуы—термоэлектрондық эмиссия құбылысы деп аталады. Вакуумдегі электр тогы дегеніміз---термоэлектрондық эмиссия нәтижесінде алынған электрондардың бағытталған қозғалысы. Термоэлектрондық эмиссия құбылысы қолданылатын ең қарапайым құралдарға электрондық шамдар жатады. Практикада кеңінен екі электродты (диод) және үш электродты (триод) электр шамдары қолданылады. Өткізгіштер емесДиодтар электрвакуумдық (кенотрондар), газ толтырылған (газотрондар, игнитрондар, стабилитрондар) және жартылай өткізгіштер болып бөлінеді. Қазіргі кезде жартылай өткізгішті диодтар кеңінен қолданылады. Диод Шалаөткізгіштер Өткізгіштер емес Вакуум Газдар Диод ( ди- және -од электрод сөзінен ) —токты бір бағытта өткізетін екі электродты электр құрылғысы. Диод электроды оң зарядты ток көзіне қосылған болса, онда ол анод деп аталады. Ал теріс зарядты ток көзіне қосылса—катод болады. Электрондық триод — 3 электроды бар электрондық лампа: термоэлектрондық катод, анод және басқарушы тордан тұрады. 1906 жылы америандық Ли де Форесто жасап шығарған. Термоэлектрондық эмиссия — вакуум немесе басқа орта ішінде қызған денелерден (эмиттерлерден) электрондардың шығарылуы. 1882 ж. ашылған, термоэлектрондық эмиссияны ағылшын физигі О.У. Ричардсон зерттеген. Термоэлектрондық эмиссия, негізінде, электрондық шамдар және басқа электровакуумдық және газразрядтық аспаптар жұмыс істейді. Электронды—сәулелік түтікше. Электронды—сәулелік түтікше немесе кинескоп—электр сигналдарын жарық сигналдарына айналдыруға арналған электрлік құрал. Электронды-сәулелік түтікше теледидардың негізгі бөлігі болып табылады. Жаңа сабақты бекіту. Тест тапсырмаларыВакуумдегі электр тогы дегеніміз не? А) еркін электрондардың реттелген қозғалысы; Ә) оң және теріс иондардың қарама-қарсы бағыттағы қозғалысы; Б) электрондар мен оң және теріс зарядталған иондардың бағытталған қозғалысы; В) термоэлектрондық эимссия нәтижесінде алынған электрондардың бағытталған қозғалысы. 2. Термоэлектрондық эмиссия –қандай құбылыс? А) еркін электрондардың қозғалысы; Ә) электролиттердің қозғалысы; Б) жоғары температурада электрондардың металдан ұшып шығу құбылысы; В) плазма. 3. Термоэлектрондық эмиссия құбылысын қай ғалым зерттеген? А) М.Фарадей; Ә) О.У.Ричардсон; Б) Ли де Форесто; В) Г.Ом 4. Электронды-сәулелік түтікше дегеніміз не? А) электр сигналдарын көрінетін кескінге айналдыратын вакуумды электрондық құрал; Ә) ток күшін өлшейтін құрал; Б) кедергіні өлшейтін құрал; В) әр түрлі ортадағы электр тогын өлшейтін құрал. Дұрыс жауаптары: В Б Ә А Үй тапсырмасы:Үй тапсырмасы: §49 оқуға. Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтарға жауап жазу. |