доклад метапән. Метапндік оыту дегеніміз
Скачать 111.83 Kb.
|
Бастауыш білім — бар білімнің бастауы деп жатамыз. Осыған сәйкес бастауыш сынып оқушыларына білім беру мен білім,білік дағдыларын жетілдіре отырып,оларды жан-жақты дамыту бұл біздің, яғни бастауыш сынып ұстаздарының басты мақсаты және талабы. Метапәндік оқыту дегеніміз бірнеше оқу пәндерінің материалымен бір мезгілде жұмыс істеуді қамтитын оқу пәндері болып табылады. Метапәндік тәсілді қолдана отырып, оқушылардың негізгі қабілеттерін дамытамыз Ойлау,Қиялдау,Мақсат қою,Түсіну,Әрекет «Белгі» метапәні Қазақ тілі сабақтарында сөз құрамы, сөйлем және сөйлем мүшелерінің; математикада түрлі геометриялық фигуралардың сызбалары; дүниетану сабақтарында деректері бар әртүрлі кестелер қолданылып,жүзеге асырылады«Белгі» метапәні аясында балаларды белгілер мен символдарды сызбалау, түсіну, құру және қолдану бойынша оқыту мақсаты жүзеге асады «Проблема» метапәнінің негізгі міндеті – білім алушыны ойлауға үйрету, ойлай білу, ойлауды ұйымдастыра және жүзеге асыра білу. Бұл – әдеттегі нұсқаулар мен ережелер түріндегі білімнің ерекше типі. Баланың еркін ойлауын дамыту үшін «Олайжаса, бұлай жаса» деген тежеу болмау керек. “Проблема” метапәні аясында дамитын қабілет түрлері :Түсіну қабілеті, Рефлексивті қабілет , Проблемалық ұйымдастырылған ойлау қабілеті «Жаратылыстану», «Дүниетану», «Математика», «Қазақ тілі» «Әдебиеттік оқу» оқулықтарында оқушылардың метапәндік нәтижелерін бағалау мақсатында оқу тапсырмалары берілген «Мәселені шешудің жолдарын ұсыну Оқушылар суретте берілген ақпарат негізінде үш түрлі тағамнан түскі ас ішудің қандай нұсқалары бар екенін анықтайды. Мүкіндіктер тармағының нсқаларын құрып, теңгемен ең арзан және ең қымбат түскі ас мәзірін анықтайды. Оқулықтағы Арал теңізінің ауданының кемуі туралы мәліметке қарап, есеп құрастырады. 2)Қажетті ақпаратты табу және белгілеу Оқушылар оқулықта берілген шартты белгілерге назар аударады. Дәптерлеріне әр қала атауының тұсына тұрғындар санын жазады. Қазақстан аумағынан ағып өтетін өзендердің ұзындығын салыстырады. Олардың арасынан ең ұзын өзендерді атайды. Өзендердің жалпы ұзындығын жүз километрге дейін дөңгелектейді. Шыққан сандарды жазады. Өз пікірін білдіру және дәлелдеу Оқушылардан Бурабай туралы аңыз желісінде ұсынылған суретке қарап, оған қарағанда нені естеріне түсіретіндігі жөнінде пікірін білдіру сұралады. «Картадағы масштаб бойынша Оқушылар дұрыс жауапты таңдап, өз пікірін дәлелдейді. Сипаттама беру Бұл оқу әрекеті мынадай тапсырма арқылы орындалады. Оқушылар суреттегі қарлығаштың бейнесін бақылайды. Оның ерекше белгілерін анықтайды, сипаттау дәл әрі анық болуы үшін қандай сөздерді пайдаланатыны жайында ойланады. Оған өз көзқарасын білдіреді Хабарлама жасау Оқушылар «Мен өскенде кім болам?» тақырыбындағы төртінші сыныптар арасында сурет салудан жарысқа досына жазбаша хабарлама дайындайды. Ақпаратты іздестіру Оқулықтың бетінде Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы секілді тұлғалардың суреттер берілген. Оқушылардан осы тұлғалардың қоғамдағы істері жайында не білетіндіктері сұралады. Оқушылар интернет дереккөздерінен және кітапханадағы кітаптардан осы жөнінде ақпарат іздестіріп, зерттейді Оқушылардың ой-қиялын дамытуға, өз ойын еркін айтуға, сөздік қорын молайтуға, өз ойына қорытынды жасап, жүйелі сөйлеуін үйлестіруге және де оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, сауатты оқу мен жазуға және сабақты жетік меңгерту үшін бастауыш сынып мұғалімдері бірнеше әдіс тәсілдерді сабақтарына қолданады. Қорытындылай келе, жаңа әдістер оқушының қабылдаған білімін шығармашылықпен жеткізуге үйрететін әдіс болып табылады. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, сыныптың білім сапасы көтеріледі. . |