№ 9 билет. Metoclopramidi hydrochloridi 0,01
Скачать 19 Kb.
|
Билет №9 1.Жазылған рецептте Rp.:Metoclopramidi hydrochloridi 0,01 D.t.d. №10 in tabulettis S. 1 таблеткадан күніне 3 рет тамаққа дейін шайнамай қабылдау. 1)фармакологиялық тобын анықтау АІЖ қызметінің бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар 2)негізгі фармакологиялық және жанама әсерлерін атаңыз Бұл препаратты асқаза ішіндегі заттардың жылжуы бұзылғанда және гастроэзофагиттік рефлексте тағайындайды. Асқазан мен он екі елі ішектің қақпасынан құсу орталығына беретін висцеральді жүйкелердің сезімталдығын әлсіретеді. Асқазан мен ішектің тонусын арттырады, асқазанның босауын жеделдетеді. Өт бөлінісін қалыпқа түсіреді. Ұйқышылдық, қажу, үрейлену, абыржу, депрессия, бас ауыруы, құлақтағы шуыл, бет бұлшықетінің түйілуі, тризм, тілдің ырғақтық протрузиясы, бульбарлық сөйлеу типі, экстраокулярлық бұлшықеттердің түйілуі (соның ішінде, окулогирлік криз), спастикалық қисық мойын, опистотонус, бұлшықет гипертонусы, жүрек айнуы, метеоризм, іштің қатуы немесе диарея, бронх түйілуі, есекжем 3) препаратты қолдануға негізгі көрсетілімдер. Құсуда, жүрек айнуында, шығу тегі әр түрлі ықылықта (кейбір жағдайларда сәулемен емдеумен немесе цитостатиктерді қабылдаудан туындаған құсу кезінде тиімді болуы мүмкін) Асқазан мен ішектің атониясы және гипотониясында (атап айтқанда, операциядан кейінгі) Өт шығару жолдарының дискинезиясында Рефлюкс-эзофагитте, метеоризмде Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жаралы ауруының өршуінде кешенді ем құрамында Асқазан-ішек жолына рентгенконтрастылы зерттеулерді жүргізуде перистальтиканы жеделдету үшін 2.Жағдайлық есеп шешу : Антиангиналдік зат органикалық нитраттар тобынан, тез әсер етеді. Сублингвалді. Нитроглицерин препаратына веналық қан тамырларының сезімталдығы жоғары, сондықтан препараттың әсерінен біріншіден веналық қан тамырлар кеңейеді, нәтижесінде жүрекке дейінгі жүктеме төмендейді. Содан соң артериялар кеңейеді, шеткі қан тамырлардың қарсыластығы төмендейді, сәйкес жүректен кейінгі жүктеме азаяды. Жүрекке дейінгі және кейінгі жүктеме төмендегендіктен жүректің жалпы жұмысы төмендейді, яғни миокардтың оттегіге қажеттілігі (мұқтаждығы) төмендейді. Нитроглицерин препараты миокардқа оттегінің келуін жоғарылатады, Тәждік қан тамырларды кеңейтеді, Коллатералдық қан айналымды жақсартады, Миокардтың ишемияға ұшыраған аймағында қан айналымды жақсартады. Сонымен қатар, нитроглицерин -простациклиннің босап шығуын күшейтеді жане тромбоксан өдірілуін тежейді. Қолданылуы: Ұстаманы тоқтату үшін: таблеткасы, спирттік ерітіндісі, капсула – нитроглицериннің майлы ерітіндісімен, сулы ерітіндісі, аэрозоль түрінде Стенокардия ұстамасының алдын алу үшін: нитроглицериннің жағылмасы, пластрі қолданылады. Жанама әсерлері: рефлекторлы тахикардия, АҚ төмендеуі, бастың айналуы, бастың ауыруы, әлсіздік, бейімделу, метгемоглобинемия. |