Метрология эссе. Алпыс Тамерлан АБ-25 эссе. Метрология жне лшеулер ылымипедагогикалы зерттеу жмысын йымдастыру кезедері. Анытау кезеі. баылау кезеі,алыптастыру кезеі
Скачать 16.28 Kb.
|
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министірлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Ақпараттық технологиялар факультеті Жүйелік талдау және басқару кафедрасы “Метрология және өлшеулер” Ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмысын ұйымдастыру кезеңдері.Анықтау кезеңі.бақылау кезеңі,қалыптастыру кезеңі. Орындаған: Алпыс Тамерлан АБ-25 Тексерген: Орман И.М Нұр-Сұлтан 2022 Эссе Ғылыми-педагогикалық зерттеу жұмысын ұйымдастыру кезеңдері.Анықтау кезеңі.бақылау кезеңі,қалыптастыру кезеңі. Педагогика-үнемі дамып отыратын ғылым.Қоғамда көп талқыға ие сұрақтардың бірі-неге ғылыми педагогика және оның кезеңдері мен нақты қандай кезеңдерге бөлінеді ? Халық ағарту жүйесі тәрбие мен білім берудің барлық салаларына ғылыми болжам жасау мақсатында және негізгі проблемаларды ғылыми-теориялық,практикалық жағынан терең талдау үшін педагогика ғылымында мынадай зерттеу жүйесінің әдістері қолданылады. Педагогикалық зерттеудің құрылымы мен логикасы.Педагогика саласындағы зерттеулер-бұл білім заңдылықтары,оның құрылымы мен механизмдері,мазмұны,принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мәліметтерді алуға бағытталған ізденіс процесі,және онын нәтижесі.Педагогикалық зерттеулердің міндеті-деректер мен құбылыстарды түсіндіру және оларды алдын ала болжау.Бағытталу тұрғысынан педагогикалық зерттеулер іргелі,қолданбалы және болжам-жобалау деңгейіндегі болып үш топқа бөлінеді.Іргелі зерттеулер нәтижесінде педагогиканың теориялық және практикалық жетістіктерін қорытушы жалпы тұжырымдамалар алынады немесе болжам жобалаумен педагогикалық жүйелерді дамытудың моделдері ұсынылады. Зерттеудің негізгі кезеңдері.Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгершелілігі бірнеше сатылық-анықтау,бақылау,қалыптастыру,теориялық немесе прогностикалық жұмыстарды орындауды қажет етеді.Зерттеу бағдарламасы 7 кезеңнен тұрады: Алғашқы кезең – зерттеу мәселесімен танысу, өзектілігін, зерттеу деңгейін анықтау. Мақсат, міндет, объекті, пәні анықталады. Екінші кезең - әдіснама, таңдау кезеңі. Алдыңғы тұжырымдамалар, теориялық ілімдер, таным әдістері, тәжірибенің болжамдық нәтижесі. Қолданылатын әдістер: жүйелілік, кешендік, тұтастық, жекелік, іс-әрекеттілік. Үшінші кезең - болжам жасау. Зерттеудің болжамы болашақта теориялық, тәжірибелік тұрғыдан дәлелдеуді қажет етіп, ғылыми тұрғыдан негізделген болжам жасаушылық. Төртінші кезең – зерттеу әдістерін таңдаумен сипатталады. Бесінші кезең – тәжірибені ұйымдастыру мен өткізу. Алтыншы кезең – зерттеу нәтижелерін өңдеу, талдау, безендірумен ерекшеленеді. Жетінші кезең– практикалық ұсыныстар жасау. Зерттеудің бақылау сатысында зерттеу нысанының қызметтік бағаны алынады,шынайы оқу-білім тәжірибесі,ғылыми білімдер деңгейі мен құбылыс мәнін түсіну қажеттігі арасында қарама-қарсылықтар көрінеді,ғылыми мәселе өрнектеледі.Бақылау талдаудың басты нәтижесі-зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған,бірақ әлі тұтастығы тексеріліп,бекуі қажет болжамдар жүйесінен түзілетін зерттеу гипотезасынан көрінеді. Кейбір жалпы мәселелер философия мен педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін қажет етеді.Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың рөлі,адамды қалыптастыруды тұқымқуалаушылықтың,ортаның және тәрбиенің рөлі жатады. |