Главная страница

Миф жне оны ежелг і адамдар міріндегі рлі


Скачать 60.72 Kb.
НазваниеМиф жне оны ежелг і адамдар міріндегі рлі
Дата06.12.2021
Размер60.72 Kb.
Формат файлаrtf
Имя файла111111.rtf
ТипДокументы
#293807

 Миф және оның ежелгі адамдар өміріндегі рөлі

Миф – 1) көне аңыз, әңгіме; 2) тарихи-мәдени сананың ерекше күйі.

Ежелгі мифтер мен аңыздар алғашқы адамдар тіршілігінің маңызды бөлігі болып, олардың рәміздік (символдық) мазмұны арқылы адам қоршаған ортаны игеріп, жете түсінді. Мұнда поэзия мен алғашқы білімнің, дін мен әдептің, өнер мен өмірлік тәжірибенің ерекше бірлігі орын алды. Алғаш рет Миф философиясын Дж.Вико (1668 – 1744) ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғасырдың ортасынан бастап Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады.

Малиновскийдің пікірінше, миф – құбылыстың түсіндірмесі, яғни теория емес, шындық ретінде пайымдалған сенімнің көрінісі. Леви-Стросс жеке мифті емес, олардың жиынтығын таңбалық модельдендіруші жүйе ретінде қарастырады. Тайлор мифтердің мынадай түрлерін атап көрсетеді: а) философиялық немесе түсіндірмелік мифтер; ә) нақтылы, бірақ бұрмаланған деректерге сүйенген мифтер; б) тарихи және аңыз тұлғалар туралы мифтер; в) фантастикалық және метафоралық мифтер; г) әлеуметтік-саяси және тұрмыстық мифтер. Космогониялық мифтердің басты тақырыбы – “киелі тарих”, дүниенің, адамның, тағы да басқа жаратылуы.

Тірілер әлемі өткен кезбен, аруақтармен қатынасын үзбейді. Көктеректің тамырлары жер астында орналасқан. Жасыл-желек өмірлік ағаш күш-қуат пен нәрді төменгі дүниеден алады.Қазақтардың ата-тегі түріктердің басты құдайы – Көк Тәңірі. Оның рақымымен елді билеген қағандар «Аспанда туған және Күнмен, Аймен безендіріліген» деп аталған. Түрік жазуларында көшпенділердің барлық жеңістері Көк Тәңірімен байланыстырылған. Аспанды және оның шырақтарын қадірлеу түрік өркениетіне жататын барлық халықтардың дүниетанымының маңызды белгісі. Мысалы, «Оғызнаме» эпосында Оғыз қаған өз балаларының атын Көк, Күн, Ай, Жұлдыз, Тау, Теңіз деп қойғаны мәлім. Ертедегі қиял-ғажайып (сиқырлы) ерекшелік ондағы фантастика арқылы өріледі. Анығырақ айтқанда, фантастика – қиял-ғажайып ертегілердің жаны. Халық ертегілерінде фантастиканы жасау үшін неше қилы тәсілдер қолданылған. 1) Сенім-нанымды оқиғаға айналдыру. Алғашқы қоғам адамдарының ұғымынша табиғат дүниесіндегі барлық заттардың рухы бар, сол рухтар бейне адам баласы секілді ой-сезімге, түйсікке ие. Міне, бұл біз ұдайы айтып жүретін анимизмдік көзқарас болып саналады. Қиял-ғажайып ертегілерде бұл көзқарас айқын бейнеленген. Осы көзқарас бойынша табиғат дүниесіндегі түрлі-түсті бар заттар адамзаттық сезіммен құдіреттің күшті қуаты арқылы жарық дүниеге шыққан. Мысалы, ертегілердегі жердің жарылып немесе бас кейіпкердің жер астына түсіп, қатерден құтылуы, сиқырлы сулардың адам баласцын әр қилы хайуанға айналдыруы, жануарлардың адам баласына қамқорлық жасауы, сол сияқты адамға серік болуы, әруақтардың тірі адамдармен қарым-қатынас жасауы, балгерлердің болжам айтуының нақты өмірде іске асуы, адамды хайуанға айналдыру секілді әрекеттердің бәрі таңғажайып фантастика. Мұның бәрі ертедегі адамдардың жерге, суға, тауға, ағашқа, жануарларға және ата-бабалар рухына сыйынатын көзқарастары. 2) Әсірелеу. Ертегілердегі фантастиканы жасаудың тағы бір тәсілі талдау жолы. Ертегілердің бір бөлігінде табиғат дүниесіндегі белгілі бір зат, тұрмыс бұйымдарын әсірелеп, олардың маңызы мен жұмыстағы қызметі шектен асырыла көтермеленді. Мысалы, қылыш – адамдардың жыртқыш аңдармен, жауларымен арпалысуында қолданатын өте маңызды құралы, басқа қызметі де елеулі болған. Сондықтан қылыштың жасалуы өзінің дәуірі тұрғысынан айтқанда зор тапқырлық саналған. Сол үшін адамдар қылышты ертегілер әлеміне енгізіп, оның қызметін әсірелеу арқылы өздерінің бағытты тұрмысқа жетуі жолындағы армандарын қылыштың қасиеті арқылы жетуге болады деп түсінген. Сандық – халықтың алтын қазынасын, киім-кешегін, т.б. да бағалы заттарын сақтауға пайдаланатын мүлкі. Сондықтан сандық ертегілерде кедейлерге тауар шығарып беретін игі қасиетке ие етілген. 


написать администратору сайта