Главная страница
Навигация по странице:

  • Сателлизм

  • Паразитизм

  • Симбиоз. Микроорганизмдерді арым атынасы


    Скачать 0.73 Mb.
    НазваниеМикроорганизмдерді арым атынасы
    АнкорСимбиоз
    Дата26.04.2023
    Размер0.73 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаСимбиоз.pptx
    ТипДокументы
    #1091633

    “Микроорганизмдердің қарым қатынасы”

    Жоспары:



    •Микроорганизмдердің қарым қатынас түрлері:

    Симбиоз

    Метабиоз

    Сателлизм

    Синергизм

    Антогонизм

    Мутуализм

    Паразитизм

    Комменсализм





    Симбиоз. Екі түрге жататын организмдердің кеңістікте бір-біріне ешбір зиянын тигізбей, керісінше, селбесіп, пайдалы тіршілік етуі симбиоз деп аталады.

    Симбиоз терминін 1879 ж. неміс ботанигі А.Де Бари (1831-1888) ұсынды.

    Нитрификаторлар шіру микробтарының тіршілік ету барысында бөлетін өнімдерін аммиакқа дейін тотықтырады, ал азотобактер клечатка ыдырағанда түзілетін органикалық қышқылдарды қоректік зат ретінде пайдаланады.

    Метабиоз – микроағза түрлері арасындағы, олардың бір түрінің тіршілік өнімдері, екіншісінің қорек көзіне айналуымен сипатталатын, олардың өзара қатынастық қалыптары.

    Сателлизм – бір микроорганизмнің тіршілік әрекетінің нәтижесінде түзілген өнімдері екінші микроорганизмнің өсуін ынталандырып, оған серіктес болуы.

    Синергизм – әртүрлі микробтық ассоциацияларға жататын түрлерде байқалатын, нәтижесінде соңғы өнімнің мөлшері көбейетін (Bac.mycoides пен азотобактерияларды бірге өсіргенде өсімдіктердің өсуін қолдайтын – гетероауксин көбейеді. ) бірдей физиологиялық процесс.

    Антогонизм – бір микробтың өнімі екінші микробтың тіршілік етуіне кері әсерін тигізетін қарама – қайшы қарым – қатынас. Шіру микробтары бір ортада сүт қышқылды бактериялармен өмір сүре алмайды, өйткені сүт қышқылы рН – ты төмендетіп, алкофилдік микроорганизмдердің өсуін тежейді.

    Мутуализм (латын тілінде mutuus – өзара) – әр текті жануарлардың өздерінің сыртқы ортамен байланысын бір-бірінсіз атқара алмауы; симбиоздың бір түрі. Мутуализм кезінде екі жануардың бір-бірімен тығыз байланыста болатыны соншалық, олар бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды.

    Паразитизм —екі әр түрлі организмдердің антагонистік қарым қатынасының формасы, мұнда біреуі екінші организмді тіршілік ортасы, қорек ретінде пайдаланады..

    Комменсализм– екi түр арасындағы қарым-қатынас, мұнда бiр түр өзiнiң iс –әрекетi арқылы екiншiсiне қорек немесе мекен-жай тауып бередi.

    Оларға мысал ретінде өсімдіктерде кездесетін сүтқышқылды бактериялар, ашытқыларды жатқызуға болады.


    написать администратору сайта