биохимия. БӨЖ.Кардио.Абенова Д.ЖМ-910. Миокард инфаркт. Дайындаан Абенова Диана Тобы жм910 абылдаан Дулетова м т
Скачать 152.73 Kb.
|
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ- Түрік университеті. БӨЖ Тақырып:Миокард инфаркт. Дайындаған:Абенова Диана Тобы:ЖМ-910 Қабылдаған:Дәулетова М Т есімді науқас, 59жаста, дүкенде сатушы болып қызмет атқарады. Ауруханаға 09.11.2021ж, келесі шағымдарымен келіп түсті: кеуде қуысының 5 сағат бойы күйдіріп ауырсынуы,ауырсынудың сол иыққа,мойынға, төменгі жаққа өтуі; қан қысымының көтерілуі -190/110 мм сын.бағ.,әлсіздік, бас ауруы,бас айналу, тыныштық қалпында ентігу,жөтел. Анамнез: Науқастың салмағы-110кг, бойы -167 см. 10 жылдан бері темекі шегеді.43 жастан бастап науқас қан қысымының 200/120 мм сын.бағ. дейін жоғарылауы байқалған. Дәрігерге қаралап, соған сәйкес емдік препараттар қабылдаған.Науқас, 2006 жылдан бері, қантты диабет-2 типімен ауырады.2015 жыл маусымда науқаста физикалық күш түскен кезде(500-600 метрге дейін жүргенде) 5 мин ұзақтығымен кеуде қуысының қысып ауырсынуы болады. Науқас «жүректің ишемиялық ауру» диагнозымен,амбулаторлы және стационарлы ем , қосымша ацетилсалицил қышқылы тәулігіне 75 мг, Розувастатин тәулігіне 10 мг, қажет жағдайда қысқа әсер ететін нитраттар қабылдаған.2015 жыл желтоқсан айында, тәждік артерияның стенозы салдарынан стентеу арқылы коронароангиография жасалынған. Науқасқа операциядан кейін антиагрегантты препараттар тағайындалған. Науқас жағдайының нашарлаудан екі күн бұрын науқас бұл топ препараттарын қабылдауды тоқтатқан. Жағдайының нашарлау күні,таңғы уақытта тыныштық күйінде кеуде қуысында қарқынды ауырсыну болған.Содан науқас нитроглицериннің 2 таблеткасын өз бетінше қабылдаған және түскі уақытта ентігу мен әлсіздік пайда болғаннан кейін медициналық көмекке жүгінген. Жедел медициналық көмек дәрігерінің қарауында кеудедегі ауырсыну синдромы, ентігу, гипотензия (АҚ -90/50, жүрек соғу жиілігі минутына 98) салдарынан ауыр жағдай орын алған. Науқасқа электрокардиограмма түсіріліп , ауруханаға жеткізілген. Объективті: Науқаста кеудедегі ауырсыну синдромына, ентігуге, гипотензияға байланысты жағдайы ауыр. Тексеру кезінде терісі бозғылт түсті, айқын ылғалды. Тыныштық күйінде ентігу сақталады, тыныс алу жиілігі минутына 26 - ге дейін, науқас мәжбүрлі жартылай отыру қалпында. Өкпе аускультациясында ылғалды, ұсақ көпіршікті ысқырықтар пайда болады. Пульс әлсіреген, минутына 120 соққы. Жүрек аускультациясында I тон әлсіреген, систолалық шу естіледі. Аяқтарында ісіну жоқ. Жалпы қан анализі: гемоглобин -110 г/л, лейкоциттер – 12×109/л, эритроциттер – 4,8×1012/л, ЭТЖ – 11 мм / сағ.Биохимиялық қан анализі: глюкоза-22 ммоль/л, тропонин т-2,9 нг/мл; креатинкиназа-МВ фракция – 102 Е/л. Сұрақтар: 1. Синдромдарды анықтаңыз. 2. Диагнозды қойыңыз. 3. Қандай қосымша зерттеу әдістерін жүргізуге болады? 4. Емдеуді тағайындаңыз. Жауабы: Синдромдар: Жедел коронарлық синдром.Ангинозды ауырсыну синдромы. Жедел жүрек жетіспеушілігі синдромы.Астеновегетативті синдром.Гипергликемиялық синдром.Гипертониялық синдром.Метаболизмдік синдром. Негізгі синдром: Жедел коронарлық синдром. Ангинозды ауырсыну синдромы- кеуде қуысының 5 сағат бойы күйдіріп ауырсынуынан,ауырсынудың сол иыққа,мойынға, төменгі жаққа өтуінен қойылды. Жедел жүрек жетіспеушілігі синдромы- ентігу, ысқырықты сырылдар, тахикардия, гипотония, терінің бозғылт және салқындығы бойынша қойылды. Астеновегетативті синдром- бас ауру, бас айналу. Гипергликемиялық синдром- Қантты диабет-2 тип. Гипертониялық синдром- 190/110 мм сын.бағ. болуы. Метаболизмдік синдром- ИМТ=39.4 – семіздік. 2.Диагноз: ЖИА.Алдыңғы жайылмалы Q-тісшесіз миокард инфаркт(ST- сегмент элевациясымен)жедел кезеңі.Асқынуы:Өкпенің ісінуі, кардиогенді шок.Артериальды гипертензия 3-ші дәрежесі, қауіптілік-4 топ.Жүрек жеткіліксіздігі(killip 4).Қантты диабет 2-тип,декомпенсация.Экзогендік семіздік 3-типі. 3.Қосымша зерттеу әдістері: Жалпы қан анализі(әсіресе гематокрит пен тромбоциттерге). Глюкозаға, кардиомаркерлерге (кк-МВ, кк, тропониндер) қан. Кетон денелеріне зәр анализі (қант диабетін компенсация сатысы анықтауға). Кардиогендік шок кезінде бүйректің зақымдануын бағалау үшін калий, натрий, креатинин, мочевинаға қан. Бауырдың зақымдануын бағалау үшін АСТ, АЛТ, билирубинге қан. Коагулограмма. ЭКГ.ЭхоКГ. Кеуде қуысының рентгенографиясы. 4.Емі:Медикаментозды ем: Наркотикалық анальгетиктер (морфин) тамыр ішіне, әр 5-30 минут сайын 2-ден 5 мг-ға дейін, қажет болған жағдайда ауырсынуды толық басуға дейін енгізіледі. ААФ-ингибиторы,антикоагулянттар, антиагреганттар, статиндер, диуретиктер.Аспирин, Периндоприл, Розувастатин және Метформин, Клопидогрел тәулігіне 75 мг.Фуросемид тб.40 мг , тәулігіне 2-3 рет.Оксигенотерапия.Тромболитикалық терапия. |