Әлеуметтану. Өмір бойы жалғасатын әлеуметтену. мір бойы жаласатын леуметтену институттар мен рдістер. Сратар леуметтенуді тсінігі мен кезедері
Скачать 15.41 Kb.
|
Өмір бойы жалғасатын әлеуметтену: институттар мен үрдістер. Сұрақтар: 1. Әлеуметтенудің түсінігі мен кезеңдері. 2. Әлеуметтену теориясының өкілдері: олардың концепциялары (З. Фрейд, Ж. Пиаже, Ч. Кули, Дж. Мид, Л. Колберг, П. Бурдье, Э. Фромм). 3. Әлеуметтенудің агенттері мен институттары. 4. Қазіргі қазақстандық қоғамдағы әлеуметтенудің моделдері Әлеуметтену деген не? Әлеуметтену – мәдениетке және қоғамға араласу үшін қажетті ережелерді, тәжірибелерді және құндылықтарды үйрену процесі. Әлеуметтенудің басты сипаты әлеуметтік рөлдерді үйрену болып табылады. Рөлдерге белгілі бір әлеуметттік жағдайдағы кез келген адамнан күтілетін мінез-құлық пен ойлау тәсілдері жатады. Аналар, мұғалімдер, студенттер мен ғашықтар – бәрі де өз рөлдерін атқарады. Әлеуметтенудің теориялары ӘЛЕУМЕТТЕНУДІҢ ТЕОРИЯЛАРЫ Бірқатар әлеуметтену теориялары МЕН ұғымының басқа адамдармен өзара байланыста бола отырып қалыптасатындығын дәлелдейді. МЕН Чарльз Кулидің теориясы ЧАРЛЬЗ КУЛИДІҢ ТЕОРИЯСЫ “ Айнадағы МЕН ” МЕН бейнесі – индивидтің басқалармен қабылдануының көрінісі ретінде айқындалады. МЕН – әлеуметтік өзара іс – әрекеттің барысында дамиды. Мен-құрылымы әлеуметтік хабарларды қалай өңдейтінімізге қатты әсер етеді. Бұл өзімізді және өзгелерді қалай қабылдауымыз жадымызды сақтауымыз және оларды бағалауға ықпал етеді. Егер студент болу Мен –тұжырымның орталық бөлігі болып есептелінсе, онда біз «студенттік» дағдыларды меңгереміз. Кезеңге тән білім, білікті өзімізде және өзгелердегі деңгейін белгілеп, байқаймыз, бағалаймыз. Біз өз кезегінде студенттік өмірге байланысты барлық жаңалықтар мен хабарларды жинақтап отырамыз. Яғни, бұл біздің Мен-құрылымға сол уақыттағы мұратына лайық келеді. Мен –құрылымы мынадай өзіне тән қасиетерді жинақтайды. Өзіне деген сенімнің болуы; Өзіне тән қатысты хабарларды ұйымдастыру және оны ауысып отыруға бағыттау; Мен–құрылымы өзіне қатысты хабарлар мен тәжірибелерді жинақтап, реттеп отыруды Осы тұрғыдан келгенде кітапханашының кталогтарды жинақтауына және қайта реттеп отырушы ретіндегі қызметіне теңейді. Дьюннің психикалық ондық жүйесі ретінде қарастырға болады. Шындығына келгенде адам күрделі жаратылыс иесі.Бірақ сіз-бірегейсіз, жаратылыс иесі.Бірақ сіз-бірегейсіз, өзіңіз сияқты, өзіңізді кейбір жақтатарыңыздың ұқсастығы бар адамдарды кездестіресіз.Соған қарамастан нақ өзіңіздей адамның бұрын және болашақтада қайталанбайтынына сенімдісіз.Сондықтан, әр адамның қайталанбас, өзгеше «Мен»-бейнесі бар. Әрқайсымыз «Мен» сөзін түрліше толықтырамыз «Мен кіммін деген сұраққа берген жауабыңыз Мен –тұжырымын »құрайды. Мен-құрылымы әр адамда әртүрлі болады. Ол негізінен сол адамның Мінез құру бағытына тікелей байланысты болып келеді. Мен бейнесі бір ситуациядан екенші бір, ситуацияға өзгеріп отырады.Мысалы жолдасымен беріліп ойнап отырады да, екінші біреумен әңгімелеседі. Мен-бейнесі үнемі өзгеріс үстінде болады және сол бір бейне екі рет туындамайды және одан өзін айқын байқап отырады.Өз бойымыздағы ерекшеліктерді, айырқша қасиеттер жиынтығын яғни, өзімізді өзіміз бағалаймыз.Өзіміздегі «Менге »баға беріп сынаймыз Міне, бұл да «Мен» тұжырымының элементтерінің біріне жатады. • Әлеуметтенудің алғашқы кезеңі – баланың әлеуметтенуі З.Фрейд пікірінше, бұл кезең мыналардан тұрады: 1) оральдық (туғаннан 2 жасқа дейін) 2) анальдық (2 жастан 3 жасқа дейін) 3) фаллигиялық (4 жастан 5 жасқа дейін) 9. Әлеуметтендірудің агенттері Әлеуметтендірудің бірінші агенттері: ата-ана, достар, туысқандар, көршілер, тренерлер, оқытушылар Әлеуметтендірудің екінші агенттер: әлеуметтік институттар (армия, саяси ұйымдар, БАҚ және тб.) Әлеуметтенудің жанама әсерлері • Деәлеуметтену(десоциализация) – бұл ескі құндылық, норма, роль мен мінезтәртібінен арылу процесі. • Реәлеуметтену(ресоциализация) – бұл жаңа құндылық, норма, рольдер менескінің орнына мінездің жаңа ережелерін үйрену процесі. |