Мыс кен орындары. Мыс элементтерді периодты жйесіні ітобындаы химиялы элемент, атомды нмірі 29, атомды массасы 63,546. Жер ыртысындаы массасы бойынша млшері 4 103%.
Скачать 25.29 Kb.
|
Мыс – элементтердің периодтық жүйесінің І-тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 29, атомдық массасы 63,546. Жер қыртысындағы массасы бойынша мөлшері 4,7.10–3%. Мыс – элементтердің периодтық жүйесінің І-тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 29, атомдық массасы 63,546. Жер қыртысындағы массасы бойынша мөлшері 4,7.10–3%. Негізгі минералдары: халькопирит, халькозин, ковеллин, малахит, азурит. Пластикалық қызыл түсті металл, кристалл торы қырлары центрленген кубтық, тығыздығы 8,94 г/см3, балқу т 1084,5°С, қайнау т 2540°С, тотығу дәрежесі +1, +2. Құрғақ ауадағы бөлме температурасында тотықпайды. Физикалық қасиеттері Физикалық қасиеттері Мыс қызғылт-сары түсті, жұмсақ металл. Ауада жылдым тотығып, ашық қызыл-сары рең береді. Мыс жұқа түрінде көгілдір-жасыл түске ие. Мыс куб тәріздес көпбұрышты торшадан құралған. Мыс өте жоғары жылу және электр өткізгіштігімен(электрөткізгіштік-күмістен кейін 2 орында, 200С та өздік өткізгіштік 55,5-58МСм/м) белгілі.. Мыстың әртүрлі құймалары белгілі: мырыш пен латун, қола мен қалайы, мельхиор мен никель, бабит пен қорғасын және тағы басқа. Химиялық қасиеттері Ауада ылғалсыз және диоксид көмірсутегі болмаған жерде өзгермейді. Су қосылған тұз қышқылымен әрекеттеспейді. Оттегі қоспасының нәтижесінде ерітіндіге айналады. Мыс концентрленген күкірт және азот қышқылымен, патша арағымен, оттегімен, галогендермен, халькогендермен, металл еместердің оксидтерімен тотығады. Қыздыру нәтижесінде галогенсутектермен әрекеттеседі. Мыс ылғалды ауада негізгі мыс карбонатын құрап, тотығады Қазақстандағы мыс кен орындары Қазақстанда мыс рудасының аса бай қорлары барю Мысты құмтастардың ең ірі кен орны Жезқазған. Жезқазған кен орны ТМД бойынша бірінші , дүние жүзінде екінші орында. Қазақстан мыс өндіру жағынан дүние жүзінде жетінші орын алады. Мысты кен орындарының ірілері Қоңырат,Бозшакөл. Жезқазған мыс кен орны Қарағанды облысы Ұлытау ауданында, Жезқазған қаласынан солтүстік-батысқа қарай 25 км қашықтықта орналасқан. Кен орнында энеолит заманында (б.з.б. 5000 — 6000 жылы) сақтар кен өндіріп, мыс пен қола балқытқан. Қазіргі заманғы алғашқы мыс кәсіпшілігін 1847 жылы Ушаков ашқан. 1904 жылы кен орны ағылшындардың “Атбасар мыс кентасы” қоғамына концессияға беріледі. Жете барлау жұмыстары 1925 жылдан жүргізіліп, бірінші отандық мыс 1928 жылы Қарсақбай комбинатында балқытылады. Академик Қ.И. Сәтбаевтың 1929 жылы қолға алуымен басталған геологиляқы барлау жұмыстарын 1931 жылдан Жезқазған экспедициясы үздіксіз жүргізіп келеді. Қоңырат мыс кен орны Қарағанды облысы, Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 15 км жерде. Алғаш 1927 жылы Михаил Петрович Русаков ашқан. Геологиялық барлау жұмыстары 1928 жылдан жүргізіле бастады. 1934 жылдан Балқаш тау-кен металлургия комбинатының шикізат қорын беретін негізгі кеніші. Кентастарда мыс пен молибденнен (олардың қатынасы 115:1) басқа күшәла, қорғасын, мырыш, рений, таллий, галлий, селен, күміс, алтын, сүрме, теллур, индий, висмут, кобальт, никель, қалайы кездеседі. Ілеспе элементтердің негізгі мөлшері изоморфтық қоспалар түрінде де ұшырасады, кейде олар өздерінің дербес минералдарын түзеді. Мыс пен молибденнің мөлшері кең ауқымда өзгереді. Қазіргі кезде өндіретін кентастың құрамындағы мыстың мөлшер 0,35 – 0,45%. Бозшакөл мыс кен орны Павлодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 125 км жердегі мысты порфир типті ірі кен орны. Бозшакөл мыс кен орны ежелгі кен қазбаларының ізімен 1930 жылы Р.А.Борукаев ашқан. Басты кен минералдары – пирит, халькопирит, молибденит, магнетит, олар сыйыстырушы жыныстарда ұсақ желі және сеппе түрінде таралған. Тотығу белдемінің тереңдігі 3-40 м. Кен құрамында мыс, молибден, сондай-ақ алтын, күміс, рений, кобальт, т.б. бар. Кентастағы металл мөлшері шамалы болса да қоры мол, ашық әдіспен алуға қолайлы. Кен орны толық барланып, игеруге дайындалған. |