ҰМЫТУДЫҢ ПРОЦЕНТІН АЗАЙТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК. Мытуды процентін азайту шін не істеу керек
Скачать 18.83 Kb.
|
ҰМЫТУДЫҢ ПРОЦЕНТІН АЗАЙТУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК? «Ұзақ мерзімді есте сақтау процесін қалай жаттықтыру керек?» — дейтін болсақ, есте сақтау ережесін білуіміз қажет. 1. Ең алдымен есте ұстау мәліметті бөліп алу керек. 2. Барлық зейінді есте сақтауға қажетті материалға шоғырландыру қажет. 3. Қажетті материалдың ішінен негізгісін және қосымшасын бөліп алған дұрыс. 4. Күрделі, қиын материалды есте сақтау үшін мазмұнын негізге алған жөн. 5. Өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңізге сенімді болыңыздар және оны үнемі жаттықтырып тұрыңыздар 6. Жүйелі түрде қайталап есте сақталған материалды қайта жаңғырту керек. 7. Тану мен қайта жаңғыртуды араластырмаңыздар. 8. Қайта жаңғырту қиын болған жағдайда сол сәттегі жағдайдың әрбір оқиғасын жекелеп еске түсіріңіздер. 9. Естеріңізде болсын: жүйкеге шамадан тыс күш түсіру мен мазасыздық — есте сақтаудың ең бірінші жауы. Есте сақтау үшін денсаулық мықты болу керек. 10. Есте сақтауды жаттықтыру барысында Зейін, Байқағыштық және Ерік процестерін ұмытпаңыздар. 11. Таңертеңгілік 8 — 12 сағ. арасында есте сақтауды жаттықтыру жұмысы жемісті нәтиже береді. Жемісті жұмыстың шарықтау шегі — кешкі 19. 00. 12. Шай мен кофе есте сақтауды белсенді етеді. Сонымен қатар, ата-аналарға сынып жетекшілер, психологтар келесі кеңестерді береді: Оқушыны психологиялық жағынан ҰБТ — ға дайындауда ата — аналарға кеңес 1. Балаңыздың ҰБТ — ға барар алдындағы алдын — ала тестілеу кезінде алып жүрген ұпайларына немқұрайлықпен қарамай, дұрыс ақыл — кеңес беруге тырысыңыз. 2. Балаңыздың күнделікті ҰБТ — ға дайындалатын белгілі бір уақыт, орны болуына жағдай жасаңыз. 3. Балаңыздың көңіл — күйіне, денсаулығына әрқашан назар аударып отырыңыз. 4. Балаңызды алдағы уақытта жетістікке жететініне үнемі сенім артыңыз. 5. Балаңыздың дұрыс тамақтануына, әсіресе есте сақтау қабілетін арттыратын жеміс — жидектерге, дәрумендерге көп көңіл бөліңіз және қамтамасыз етіңіз. 6. Балаға шамадан тыс ауыртпалық жүктеп, шаршатпаңыз. Дұрыс дем алуын қадағалаңыз. 7. Ешқашан балаңызды сынап — мінемеңіз. Ақылмен ұғындырыңыз. Сабырлы болуға баулыңыз. Сонымен қатар мектеп психологы ата-аналарға көптеген пайдалы кеңестер беріп, ата-аналардың сауалдарына толыққанды жауаптар беруі қажет. Мысалы: Ата – аналарға алты кеңес 1. Баланың әр күнді бастауы, қарсы алуы сәтті болуы керек. Ол үшін таңертең баланы оятқанда жайлы, баппен оятыңыз, ол сіздің күлімдеп, мейіріммен өте жақсы көріп тұрғаныңызды көру керек. 2. «Сен жалқаусың, дөрекісің, ақымақсың» деген сөзді ешуақытта ауызыңыздан шығармаңыз. Қайта: «Сенің кешке дейін түк бітірмей жататының жаныма батады. Ішің пысқан жоқ па? Бір кішкентай ғана іс істесең, біз саған рақмет айтар едік» деген құлаққағыс айтып қойыңыз 3. Баланың тентектігін «тентек» сөзбен бетіне басуға болмайды. Дауысыңызды жұмсартып, жүрегіне жетерлік жылы сөз айтыңыз. 4. Мектепке жиі келіңіз. Атақты педагог В. Сухомлинскийдің «Отбасы мен мектеп тәрбиесі біріккенде ғана толық тәрбие болады» деген сөзін ұмытпаңыздар. 5. Ер жеткен баланы тыңдамауға болмайды. Кейбір сауалдарға жауап бермесе, үндемеңіз. 6.Егер абайсызда ұрыса қалсаңыз, артынан кешірім сұраңыз. Сіздің кешірім сұрауыңыздан кейін ол мүлде жақсы қырынан көрінуі мүмкін. Сонымен қатар, ҰБТ қорытындысын SWOT талдау арқылы сараптау қажет деп есептеймін. S - жақсы жағы W - әлсіз жағы O - қауіп-қатер T - даму мүмкіндіктері Әр топ ҰБТ қорытындысының жақсы жағын, әлсіз жағын, қауіп-қатер, даму мүмкіндіктерін нақты көрсетеді. Мұғалімдер топта жұмыс жасап, өз жобасын қорғайды. SWOT әдісін педагогикалық кеңесте өткізу өте тиімді, өйткені бұл жұмысқа көп мұғалімдер тартылады, оқу ісі меңгерушісі берген мәліметтерден кейін барлық мұғалімдердің пікірлері тыңдалады. Осы педкеңестен кейін келесі жылдың ҰБТ-ға дайындық жұмыс жоспарына өзгерістер, ұсыныстар енгізіледі. Білім саласы қызметкерлерінің алдында келешегі кемел «ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» орындау міндеті тұр. Бұл бағдарлама білім беру жүйесін дамытудың шешуші кезеңі болмақ. Жылдан-жылға білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайып, педагог кадрлардың сапалық құрамы көтеріліп, мұғалімдер оқушыларға заман талабына сай білім беруде. Жас ұрпақтың сапалы білім алуға, жоғары мәдениетті болуға, бірнеше тілді меңгеруге, ақпараттық технологияларды жетік меңгеруге ұмтылыстары ерекше. Бүгінгі мен кешегі оқушының арасы жер мен көктей деуге толық негіз бар. Бүгінгі оқушы Интернет желісімен толық жұмыс жасай алады, түрлі сайыстарға қатысып, білімін толықтырады, қашықтықтан білім ала отырып, өзінің тиянақты біліміне сәйкес ЖОО-ның грант иегері атанады. Сондықтан да қазіргі таңдағы баланың ақыл-ойының дамуы, тез дамып жатқан өркениетте өз орнын табуға үйрету – біздің басты міндетіміз. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі мектепте оқу процесінің жүйелі жүргізілетіндігіне және педагогтар мен ата-аналардың қаншалықты тығыз байланыста жұмыс жүргізуіне тікелей байланысты. |