Главная страница
Навигация по странице:

  • Көбею (ұрпақтану) физиологиясы

  • Пайдаланған әдебиеттер

  • Көбею физиологиясы мөж. Мж таырыбы Кбею физиологиясы


    Скачать 24.29 Kb.
    НазваниеМж таырыбы Кбею физиологиясы
    Дата09.02.2018
    Размер24.29 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаКөбею физиологиясы мөж.docx
    ТипДокументы
    #36163

    Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

    Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
    МӨЖ


    Тақырыбы: Көбею физиологиясы

    Орындаған: Оспанова Н.М

    МВМ-701

    Тексерген: Мухамадиева Н.Н


    Семей 2018
    Көбею (ұрпақтану) физиологиясы

    Көбею – жануарлардың өніп-өсуін, белгілі түрдің сақталуын қамтамасыз ететін күрделі биологиялық процесс. Жыныстық жетілу деп жыныс ағзаларының құрылымы мен қызметі жағынан толық жетіліп, ағзаның ұрпақты жалғастыруға деген қабілетінің қалыптасқан мерзімін айтады. Жыныстық жетілу процесінің негізгі реттеуші факторы гипофиздің гонадотроптық гормондары (ФЖК, ЛГ) болып табылады. Олардың синтезінің күшеюімен байланысты аталық және аналық жыныс бездерінде түзілетін жыныс жасушалары мен жыныс гормондарының мөлшері артып, сыртқы жыныс белгілері қалыптасады және жыныстық рефлекстер пайда болады.

    Жыныстық жетілу мерзімі түлік түріне, малдың тұқымдық ерекшеліктеріне, күтіп-бағылу, азықтандырылу деңгейіне, климат жағдайларына байланысты. Ұрғашы жануарларда, аймен санағанда, ол мына мерзіммен сипатталады: ірі қарада 6-10 ай, қой-ешкіде 7 ай, шошқада 6 ай, жылқыда 18 ай, түйеде 24-36 ай, бұғыда 17 ай, қоянда 5 ай; итте 7ай,мысықта 5 ай, қара күзенде 9,5 ай.

    Шамамен осындай мерзім ішінде еркек малда да жыныстық жетілу байқалады. Жыныстық жетілу ағзаның пісіп-жетілуінен, өсіп-даму процесінің аяқталар мерзімінен бұрын қалыптасады. Сондықтан, жас малды жыныстық жетілу мерзімі толысымен шағылыстыруға болмайды. Бұл ереже орындалмаса, аналық малдың өсіп-жетілуі нашарлап, төлдеу процесі қиындайды. Малды тек физиологиялық жетілу мерзімінен кейін ғана шағылыстырған жөн. Физиологиялық жетілу деп жас мал денесінің өсіп-жетілуінің, сақа малға тән пішіннің толық қалыптасуының аяқталған мерзімін атайды. Әр түрлі малда физиологиялық жетілу мерзімі (аймен санағанда): ірі қарада 16-18; қой-ешкіде 12-15; шошқада 10; жылқыда 36; түйеде 48-60; бұғыда 30; қоянда 6; итте 12; мысықта 10; қара күзенде 14.

    Еркек малдың көбею ағзаларына аталық жыныс безі (ен), шәуеттік жол, қосалқы жыныс бездері (көпіршік тәрізді, қуық және баданалық бездер), жыныс мүшесі жатады. Ен – жыныс жасушалары мен жыныс гормондарын бөліп шығаратын жұп жыныс безі. Аталық жыныс жасушаларының түзілу, жетілу және сақталу процестері дене температурасынан 3-40С төмен жағдайда өтеді. Бұл аталық бездің құрсақ қуысынан тыс орналасуымен байланысты. Ен температурасын реттеуде ұма терісі мен еттері зор рөл атқарады.

    Ен қосалқысы өзегінің жалғасы шәуеттік жол деп аталады. Ол оң және сол жол болып бөлінеді. Шәуеттік жол жіңішке түтік ретінде шаттың сақина тесігі арқылы ен бауының ішімен құрсақ қуысына өтеді де, қуықтың үстіңгі жағымен жүре отырып несеп-жыныс өзегінің жамбастық бөлігімен жалғасады.

    Шәует деп шағылысу кезінде еркек мал жыныс ағзасынан бөлінетін сұйықты айтады. Ол екі бөліктен – жыныс жасушаларынан және ен қосалқысы мен қосалқы жыныс бездері секретінің қоспасынан – плазмадан тұрады. Бір жыныстық қатынас (коитус) үстінде еркек малдан бөлінген шәует мөлшері эякулят деп атайды. Әр түрлі малда эякулят мөлшері мен ондағы жыныс жасушаларының саны әртүрлі болады. Мысалы бұқада эякулят мөлшері 4-8 мл, спермийлер саны 1200-1800 млн/мл; спермийлердің жалпы саны 4-14 млрд. Эякулят құрамындағы плазма мөлшері де түлік түріне қарай өзгеріп отырады. Мысалы, қошқарда ол эякулят мөлшерінің 70%, бұқада 30, қабан мен айғырда 90-92 пайызды шамасында. Шәуеттік плазма негізінен қосалқы жыныс бездерінің секреті болып табылады.

    Ұрғашы малдың жыныс ағзаларына аналық жыныс безі, жұмыртқа жолы, жатыр, қынап және сыртқы жыныс мүшелері жатады. Аналық (жұмыртқалық) без – сопақша пішінді жұп құрылым. Онда аналық жыныс жасушалары – жұмыртқа-жасуша, барлық даму сатыларынан өтеді және гормондар түзіледі. Овуляция (фолликула қабығының жарылуы) кезінде ооцит жұмыртқа жолының шанағына түседі де, түтікше бойымен жылжи бастайды. Жұмыртқа жолында овогенездің үшінші – жетілу сатысы жүреді. Жұмыртқа жасушаға спермийлер ене бастағанда II-реттік ооцит екінші мейоздық бөлінуге ұшырап, ұрықтануға дайын жетілген жұмыртқаға айналады және екінші бағыттаушы денешік бөледі.

    Жыныстық айналым (цикл) деп жоғары сатыда дамыған жануарлар аналығында екі овуляция аралығында белгілі бір ретпен мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын күрделі морфо-физиологиялық, мінез-қылықтық процестер жиынтығын айтады. А.П.Студенцов (1953) теориясы бойынша жыныстық айналым ағзаның барлық физиологиялық жүйелері қатысатын күрделі нейрогуморальдық тізбектелген процесс. Ол қозу, тежелу және теңелу сатыларына бөлінеді. Әр сатыға жыныс ағзалары кілегей қабығының өзгерістері, малдың жыныстық белсенділігі, мінез өзгерістері тән.

    Спермий мен жұмыртқа жұмыртқалық жолдың аналық безге жақын ұшында кездеседі. Осы аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылып, ұрық (зигота-шарана) түзілуін ұрықтану деп атайды. Ұрықтану нәтижесінде пайда болған зигота жұмыртқалық жолмен біртіндеп жатырға қарай жылжиды да, шошқада 3-4, сиыр мен қойда 4-5, биеде 5-7 тәуліктен соң жатырға түседі. Зигота жатыр мүйізін морула сатысында өтеді.

    Буаздық деп ұрғашы малдың төл көтерумен байланысты қалыптасқан физиологиялық күйін айтады. Ол ұрықтанған кезден басталып, төлдеумен аяқталады. Морула сатысында жатырға түскен зигота екі қабат жасушалардан (мөлдір және күңгірт) тұрады. Мөлдір жасушалар ұрықты қоректендіруге маңызды рөл атқарады, сондықтан оларды трофобласт немесе нәрлендіргіш қабат деп атайды. Ал күңгірт қабатты эмбриобласт деп атайды, одан ұрық дамиды. Трофобласт және эмбриобласт жасушалары арасында сұйық жиналып, сарыуызды қалта түзіледі. Ұрықтың бұл даму сатысын бластула деп атайды. Трофобласттың жылдам өсуі нәтижесінде ұрық жасушалары екі қабықпен қоршалады. Олар ұрықтың дамуының алғашқы сатыларында қатпаршақ түзіп, кейінірек ұрық ұлпаларына бастау болады. Сонымен, ұрық екі қабықтың ішінде қалады. Оның сыртқысын трофобласт, ал ішкісін – амнион деп атайды. Амнион кіндік түбінде терімен ұштасады. Трофобласттың сыртқы бетінде тамырлар біте өскен бүрлер – хорион пайда болады. Хорион мен жатырдың кілегей қабығының байланысуынан күрделі орган – жолдас (плацента) түзіледі. Жолдас аналық және ұрықтық бөліктерден тұрады. Жолдас ұрықты қоректік заттармен, оттегімен қамтамасыз етіп, көмір қышқыл газы мен қажетсіз өнімдерді бөліп шығаруға мүмкіндік береді, залалды заттарды, микроағзалар мен паразиттерді ене қанынан ұрыққа өткізбейді, басқаша айтқанда, тосқауылдық қызмет атқарады. Оған талғамдылық қасиет тән.

    Төлдеу, немесе туу бұл іштегі төл мен оның жолдасының аналық жыныс ағзаларынан қуылып шығуын қамтамасыз ететін күрделі физиологиялық процесс. Қалыпты туу процесі іштегі төл толық жетіліп, сыртқы орта жағдайларында тіршілік етуге дайын болған кезде басталады. Туу процесін үш кезеңге бөледі: жыныс жолының ашылуы, төлді шығару, шудың бөлінуі. Жануарлар төлдегеннен соң жатырда инволюция (кері даму) процесі жүреді де, жатыр еттерінің серпімділік қасиетінің арқасында бірнеше сағат ішінде жатырдың мөлшері айтарлықтай кішірейді.
    Пайдаланған әдебиеттер

    1. Несіпбаев Т. Жануарлар физиологиясы: 2 басылым.-Алматы: «Ғылым», 2005.- 696 бет.

    2. Несіпбаев Т.Н. және т.б. «Жануарлар физиологиясының практикумы» Алматы, Кайнар, 1992.- 120 бет.

    3. Несіпбаев Т.Н., Бегайылов Е.Б., Алданазаров С.С. Жануарлар физиологиясының практикумы.-Алматы: «Агроуниверситет», 2004.-180 бет.

    4. Несіпбаев Т.Н., Бегайылов Е.Б., Алданазаров С.С. Жануарлар физиологиясының практикумы. Алма-Ата, «Білім», 1994.-136 бет.

    5. Әшімов С.Ә.Жануарлар физиологиясы курсы бойынша лабораториялық-тәжірибе сабақтарына арналған жұмыс дәптері.-ҚАТУ баспаханасы,2001.-67 бет.

    6. Руководство к выполнению лабораторно-практических занятий по физиологии животных. Ашимов С.А., Газизова А.И., Алькеева Ж.К.-Типография КазГАТУ, 2005.-76 с.


    написать администратору сайта