Главная страница
Навигация по странице:

  • Бұрғылау әдістерін сипаттаңыз

  • Шөгінді тау жыныстарының пайда болу формалары қандай

  • Шөгінді тау жыныстары

  • Ұңғыманы жуу

  • Шегендеу бағанасы.

  • мұнай. Мұнай. Мнайгаз ісі негіздері


    Скачать 38.26 Kb.
    НазваниеМнайгаз ісі негіздері
    Анкормұнай
    Дата26.12.2021
    Размер38.26 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМұнай.docx
    ТипДокументы
    #318943

    1. «Мұнай-газ ісі негіздері»


    1.Қазақстандағы негізгі мұнайгазды аудандарды атаңыз?

    Бүгінгі күні дүниежүзілік мұнай қорының 3%-на ие Қазақстан, әлемдегі мұнайға бай 15 елдің қатарына кіреді. Мұнайгазды аудандар еліміздің 62% аумағына орналасқан және 80-нен астамы игеріліп отырған 172 мұнай кен орындарын қамтиды. Мұнай қорларының 90%-дан астамы– Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ, Өзен, Жетібай, Жаңажол, Қаламқас, Кенқияқ, Қаражанбас, Құмкөл, Солтүстік Бозащы, Әлибекмола, Орталық және Шығыс Прорва, Кенбай, Королевское ірі кен орындарына шоғырланған. Кен орындары Қазақстанның 14 облысының алтауында орналасқан. Олар Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. Бұл ретте, көмірсутектері қорларының шамамен алғанда 70%-ы Қазақстанның батысында топтасқан.


    1. Бұрғылау әдістерін сипаттаңыз?

    Жер қыртысын геологиялық зерттеукен орындарын іздеу және барлау, жер астынан қатты, сұйық және газ күйіндегі түрлі кен байлықтарды алу, батпақты жерлерді құрғату, жер асты коммуникацияларын жүргізу, т.б. көптеген жұмыстар Бұрғылау арқылы іске асырылады. Ұңғыма Бұрғылау кезінде тау жыныстарын бұзып қопарудың қазір қолданылып жүрген тәсілдері негізінен екі түрге бөлінеді. Оның біріншісі — бұрғылау аспабының тікелей әсер етуі арқылы тау жыныстарын бұзып қопаратын механикалық әдіс, ал екінші тәсіл бойынша тау жыныстары әр түрлі физикалық (термиялықультрадыбыстық, т.б.) әсерлер арқылы бұзылады. Бұрғылаудың механикалық әдісі айналдыра бұрғылау және соққылап бұрғылау болып екіге бөлінеді. Бұрғылау аспабының түріне (шнекті, штангалы, алмасты, тісті доңғалақты, т.б.), бұрғылау машинасының түріне (перфораторлыпневмосоққылытурбиналы, т.б.), сондай-ақ, ұңғыма қазудың тәсіліне (көлбеу, тармақты, т.б.) қарай Бұрғылау бірнеше түрге бөледі. Тау жыныстарына физикалық әсер арқылы Бұрғылау тәсілдерінің ішінде термиялық Бұрғылау кең тараған. Қопарып Бұрғылау тәсілін өндіріске енгізу қолға алына бастады. Бұрғылаудың техникалық жабдықтары негізінен бұрғылау қондырғылары мен тау жынысын бұзып қопаратын аспаптардан тұрады.

    1. Ұңғымаларды фонтандық пайдалануды сипаттаңыз

    Фонтанды пайдалану тәсілі деп сұйықты көтеріп шығару тек қана қабат энергиясының есебінен жүзеге асатын тәсіл. Қабат энергиясының қысымы түсіп немесе ұңғы өнімі суланып кетуіне байланысты пайдаланудың механизацияланған тәсілдеріне көшеді: газлифттік немесе сораптық. Ұңғыны сораптық пайдалану кезінде, тереңге түсірілетін ортадан тепкіш электрлі сорап қондырғыларын (ОТЭСҚ орысша УЭЦН) және штангілі ұңғылық сораптарды (ШСС) қолданады. Фонтандау тоқтағаннан кейін өнімділігі жоғары ұңғыларды газлифтілік әдіспен немесе тереңге түсірілетін ортадан тепкіш электр сорабының және штангілі ұңғылық сораптардың көмегімен пайдаланады. Өндірілетін ұңғылар көпшілігі (60%) ШСС жабдықталған, олармен мұнайдың тек 16,1% өндіріледі. Ұңғы өнімінің орташа суланғандары 71,3% құрайды, яғни мұнайдың 1 тоннасына 2 тонна қабат суы келеді. Минералданған қабат суларын, қоршаған ортаның ластануын болдырмау мен қысымды ұстап тұру үшін қайтадан қабатқа айдайды.

    1. Литосфераның тау жыныстарына анықтама беріңіз.

    Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұратын, төменгі жапсары ішінара балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді.

    Литосфера  — жердің қатты қабығы. Жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның қалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.

    5.Бұрғылау қашауларын мен бұрғылау бағанасының мақсаты мен элементтерін түсіндіріңіз.

    Ұңғыма түбін тұтастай бұрғылауға арналған қалақшалы қашау

    Қалақшалы қашаулар құрылымы және қатты қорытпалармен жасақталуына  қарай түрпілі жұмсақ және қаттылығы  орташа тау жыныстарын, цемент тығындарын, шегендеу тізбегінің төменгі бөлігіндегі  метал бөлшектерді бұрғылауға және ұңғыма оқпанын кеңейтуге арналған.

    Ұңғыма түбін  тұтастай бұрғылауға арналған шарошкалы  қашаулар

    Мұнай, газ ұңғымаларын  бұрғылауда негізінен шарошкалы  қашаулар қолданылады. Олар шарошка санына қарай бір, екі, үш, төрт және көп шарошкалы болып бөлінеді. Негізінен үш шарошкалы қашаулар қолданылады. Жалпы шарошкалы қашаулар тау жыныстарының механикалық және түрпілік қасиеттеріне байланысты он үш түрге топталады.

    Бұрғылау бағанасы келесі негізгі функцияларды орындауға арналған:

    - тау жынысын бұзатын аспапқа ротордан айналманың берілуі үшін;

    - түп қозғалтқышпен ұңғыманы бұрғылау кезіндегі пайда болатын қозғалмайтын ротордың реактивтін айналу моментіне берілуі үшін;

    - қашауға білік жүктің пайда болуы үшін;

    - бұрғыланған тау жынысын ұңғыма түбінен тазартуға арналған жуу сұйықтығын өткізу үшін;

    - ұңғыма сағасын зерттеуге арналған жабдықтарды түсіруге және керн материалын көтеру үшін;

    6. Мұнай және газ кен орындарының режимдеріне сипаттама беріңіз

    Кен орнының геологиялық құрылуының қасиетіне байланысты мұнай мен газдың жиналуы да ұңғымаға сүзгілеуі қабаттық әртүрлі күштер әсерінен болады. Бұл энергия қабаттық және шеттік сулар ағыны, газ бүркемесінде сығылған энергия немесе тау  жыныстарымен қабат суларының потенциалды қысылған  энергиялары болып табылады. Сыртқы ортадан қоршаған қабаттарда жиналған мұнай ерітілген газ энергиясының ықпалымен ұңғымаларға ағылуы байқалады,мұнайдан қысымының азаюы есебінен болады. Ол үлкейе мұнайды өзімен бірге және оны ығыстырып қабаттың  төменгі қысымына бағытталады.  Энергетикалық қоры азайған қабаттарда қалыңдығы үлкен мұнай ұңғымаға өзінің ауырлық күші арқасында ағуы мүмкін, ал газды жиналымда энергия көзі болып газдың сығылған қысымы немесе қабаттың суларының  ағын энергиясы болады. Сондықтан, энергияның түріне байланысты мұнай мен газды қабаттан ығыстырушы күштері бар  мұнай кен орнын келесідегідей игеру режимі қабылданған: суарынды және серіппелі суарынды, газарынды, сұйытылған газ жіне гравитациялық қабат энергиясының бірнеше түрінің пайда болуы кезінде аралас игеру режимдері қолданылады.

    Газды кен орындарында көбіне кеңеюші газ немесе аралас режимі байқалып – газды режим суарынды режимде араласады, егер қабат аралық су жиналымдары қысымның азаюы арқасында қабатқа енуі пайда болса, мұнай кен орынында тиімді режим болып суарынды режим пайда болады.

    Суарынды режимнің таза күйі негізі қабаттың беткейлік  немесе айдалушы суларының үздіксіз сіңірілуі  арқасында  пайда болады. Серіппелі суарынды жүйесі қабаттың үлкейтілген ауданының серпімді қабатына жетеді.

    1. Ұңғымаларды газды пайдаланудың мақсатын сипаттаңыз

    Ұңғыны пайдалану үшін оларды дайындайды.Мұнай ұңғыларының құрылысында маңызды этап болып соңғы этап табылады, ол келесі жұмыстарды қамтиды: өнімді қабатты ашу, шегендеу құбырларын түсіру және цементтеу, түп жабдықтары және мұнай ағынын шақыру. Соңғңы этапты дұрыс жүргізуден ұңғыны меңгеру уақыты және ары қарай ұңғыны дұрыс пайдалану тәуелді болып табылады.

    Газлифтілі ұңғыма – бұл фонтанды ұңғыма, мұнда сұйықты газдандыруға қажетті жеткіліксз газды жер бетінен арнайы канал арқылы беріледі. Таза жер бетінен құбыр бағанасы бойынша башмакқа беріледі, мұнда сұйықпен араласып, ГСҚ құрайды, ол жер бетіне көтеру құбыры арқылы көтеріледі. Айдалатын газ қабат сұйығынан шығатын газбен қосылады



    1. Шөгінді тау жыныстарының пайда болу формалары қандай?

    Метаморфты тау жыныстары басқа жыныстардың өзгеруінің нәтижесі болып табылады. Ыстық жылу мен қысымға ұшыраған таужыныстар бастапқы пішіні мен формасын өзгертіп, Метаморфты жыныстарға айналады. Пішіннің бұл өзгерісі метаморфизм деп аталады. Бұл жыныстар көбінесе минералдардың жартылай еруі және қайтадан кристалдану нәтижесінде пайда болады. Гнейс - кең таралған Метаморфты тау жынысы, ол жоғары қысыммен және бастапқы жыныстағы минералдардың ішінара балқуымен қалыптасады. Метаморфты жыныстарда слатий, шистоз, гнейсоза, гранобластикалық немесе мүйізді тәрізді құрылымдар бар. Бұл жыныстарға мысал ретінде шифер, гнейс, мәрмәр және кварцит жатады, олар қайта кристалдану кезінде бастапқы жыныстардың пайда болу формасы мен формасын өзгертеді.

    Шөгінді тау жыныстары[1] — құрлықта немесе су бассейндерінде шөгетін материалдан пайда болатын тау жыныстары. Материалдың бөлшегі, салмағы, үлкендігі оның сортталу дәрежесімен сипатталады және қабатты болады, жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары кездеседі. Шығу жағынан химиялық (гипс, тас тұзы, оолитті ізбестас және басқалары), органогендік (қараңыз), жануарлар мен өсімдіктердің өмір сүруінің салдарынан пайда болады (маржандық және қабыршақтық ізбестас, шымтезек, тас көмір) және кесек шөгінді тау жыныстарына бөлінеді.
    9. Ұңғымаларды жуу және үрлеу мақсатына анықтама берма беріңіз.

    Ұңғыманы жуу - бұрғылау барысында жұғыштау агенттерінің (газдың, көбіктің, судың, бұрғылау ерітіндісінің) үздіксіз немесе дүркін-дүркін айналымы. Айналым нәтижесінде ұңғыма түбі бұрғыланган тау жынысы түйірлерінен (шламнан) тазартылып жер бетіне шыгарылады да, шлам жинағышқа түсіріледі, түптік (забойлық) қозғалтқыштарға энергия беріледі, тау жынысы бұзатын аспапты суытады, ылғалдайды. Жуу айналымының жалпылама тура, жалпылама кері, тұпмаңылық және біріктірілген сұлбалары бар. Жалпылама тура айналымда бұргылау ерітіндісі сыйымдылықтан сорап арқылы тартылып иілгіш шланг, вертлюг және бағыттаушы құбыр арқылы бұрғылау тізбегіне беріледі, кейін ол бұрғылау тізбегі мен ұңғыма қабырғасының немесе шегендеу құбырының арасындағы сақиналық арна арқылы шламды жоғарыға айдап шығарады. Жуудың жалпылама кері айналымы әдетте лифтілік құбырлардан цементтік ерітінді қалдықтарын айдап шығу үшін қолданылады.


    1. Ұңғымаларды сораптық пайдаланудың мақсатын түсіндіріңіз

    Ұңғыны сораптық пайдалану кезінде, тереңге түсірілетін ортадан тепкіш электрлі сорап қондырғыларын (ОТЭСҚ орысша УЭЦН) және штангілі ұңғылық сораптарды (ШСС) қолданады. Фонтандау тоқтағаннан кейін өнімділігі жоғары ұңғыларды газлифтілік әдіспен немесе тереңге түсірілетін ортадан тепкіш электр сорабының және штангілі ұңғылық сораптардың көмегімен пайдаланады. Өндірілетін ұңғылар көпшілігі (60%) ШСС жабдықталған, олармен мұнайдың тек 16,1% өндіріледі. Ұңғы өнімінің орташа суланғандары 71,3% құрайды, яғни мұнайдың 1 тоннасына 2 тонна қабат суы келеді. Минералданған қабат суларын, қоршаған ортаның ластануын болдырмау мен қысымды ұстап тұру үшін қайтадан қабатқа айдайды.

    Ұңғымаларды штангалы ұңғымалық сораптармен (ШҰС) пайдалану әлемнің мұнай өндіретін кен орындардың көп бөлігінде кеңінен таралған. Штангалық сорапты қондырғылармен мұнай шығару процесі ең көп тараған тәсілдерге жатады. Ұңғымаларды штангалы сораптармен пайдалану үшін қолданылатын құрал-жабдықтар: - тереңдік плунжерлік насос; - ұңғыма ішіндегі сорап ілінетін сораптық құбырлар және штангілер жүйесі; - тербелмелі-станоктан және қозғалтқыштан тұратын, балансир типті жеке штангалы қондырғының қозғалтқыш бөлігі; - сорап құбырларын ілдіру үшін және сағаны саңылаусыздандыру үшін арналған ұңғыманың сағалық құрал-жабдықтары; -Тербелмелі-станоктың балансир басына сорап штангілерін ілдіру үшін арналған құрылғылар.

    1. Тау жыныстарының кеуектілігін анықтаңыз

    Тау жыныстарындағы кеуектілік деп түсінуіміз ондағы бос орын: кеуектлік, жарықшақтық және т.б. Табиғи шарттарда тау жыныстарының кеуектері мен жарықшақтарын сұйықтықтармен (қабаттық сулармен, мұнаймен) және газдармен толтырады.

    Кеуектілік шамасы жыныстың үлгі көлемінің қай бөлігінің қуыс алып жатқанын көрсетеді. Кеуектілік тау жыныс үлгісінде қуыс көлемімен Vn көрсетілген көлем үлгісінің V0 қатынасымен анықталады:

    m = Vn/V0*100%

    Практикада геолого-өндірістік есептеулер жыныстың қуыс көлемі, кеуектілік коэффициентімен қолданады. Кеуектіліктер түйіршіктермен, жарықшақтарымен және ковериалығымен ерекшеленеді. Әртүрлі метлогиялық құрамында жыныстармен анықталған кеуектілік түрлері сәйкес келеді. Құмдар, құмтастар, алевролиттер, саз және конгломераттарға түйіршікті кеуектілік сипатталады, ізбестастар мен доломиттерге – жарықшақты және қуыстылығы оның қуыстары тау жыныстарында жағдайлармен олардың жарылымдармен байланысы. Кеуек және қуыс пайда болған жыныстарда бірінші және екінші ретті болып бөлінеді. Бірінші реттікте пайда болған кеуекті жыныстардың орналасуы өзінің түзілу кезіндегі жарылыммен пайда болған. Оған а) бөлшектермен және түйірлер арасындағы қуыстар жыныстардың ажыратылуы; б) жазықтықтар мен қабаттың арасындағы қуыстар; в) қуыстар, жарылымдардан кейін жаралған органикалық қалдықтар; г) қуыстық үлбіреуінің кейбір атқылау жыныстарында және т.б. сипаттамасы.

    1. Бұрғылау режиміне түсініктеме беріңіз

    2. Тау жыныстарының өткізгіштігін анықтаңыз.

    Өткізгіштік физикалық (абсолютты) және фазалық (тиімді) болып бөлінеді.

    • Өткізгіштік физикалық (абсолютты) және фазалық (тиімді) болып бөлінеді.

    • Физикалық өткізгіштік - жыныс арқылы біртекті сұйықтық пен газдың сүзілген кезіндегі өткізгіштік. Фазалы өткізгіштік - әр текті сұйықтықпен қаныққан жыныстың, оның жеке-жеке фазаларын өткізу қабілеті.
    • Өткізгіштік шамасы Дарси тендеуінен шығатын өткізгіштік коэффициенті kөт арқылы беріледі.

    • Өткізгіштік коэффициентінің өлшем бірлігі - м2.





    1. Шегендеу бағанасының мақсатын, элементтерін және жұмыс жағдайларын

    сипаттаңыз.
    Шегендеу бағанасы. Шегендеу бағаналарын тау жыныстарын орнықтылығы қамтамасыз етілмеген күрделі жағдайда ұңғыманың қабырғаларын бекіту, әр түрлі қабаттарды байланыстыру және ұңғымадан мұнай мен газды алуда ұзақ мерзімді канал жасау үшін қолданады. Шегендеу бағанасы ұңғымаға сұйықтық пен газды топтап айдауда канал қызметін атқарады. Атқаратын қызметіне қарай шегендеу құбырларының түрлері:

    • Шегендеу бағанасы. Шегендеу бағаналарын тау жыныстарын орнықтылығы қамтамасыз етілмеген күрделі жағдайда ұңғыманың қабырғаларын бекіту, әр түрлі қабаттарды байланыстыру және ұңғымадан мұнай мен газды алуда ұзақ мерзімді канал жасау үшін қолданады. Шегендеу бағанасы ұңғымаға сұйықтық пен газды топтап айдауда канал қызметін атқарады. Атқаратын қызметіне қарай шегендеу құбырларының түрлері:

    • -бағыттау – бұрғылау процессі кезінде ұңғыманың сағасын бұзылудан және ұңғымадан айналу жүйесіне баратын жуу ерітіндісінің шайылуынан бекіту үшін арналған бірінші құбыр бағанасы;

    • -кондуктор – таулы жыныстардың жоғарғы қабаттарын, судан тұратын қабатардың ластануынан сақтау, жарылуға қарсы жабдығын құрастыру және келесі шегендеу құбырларының аспаларын байланыстыру үшін құбыр бағанасы;

    • -қабаттардың бұрғылау шартына үйлеспейтін ұңғыманы жобалық тереңдігіне дейін қазу үшін аралық бағанасы;

    • -пайдаланулық бағанасы – басқа жыныстардан басқа өнімді қабатпен байланыс және ұңғыманы пайдалану кезінде мұнай мен газды шығару үшін арналған соңғы құбыр бағанасы.

    • Бұрғылау қиын болған жағдайларда аралық шегендеу құбырының арнаулы түрлері қолданады – бұрылатын немесе ауыстырмалы.

    1. Қабат қысымына сипаттама беріңіз

    Мұнай немесе газ тау жыныстарының кеуектіліктерінде белгілі қысыммен жатады. Ол кеуектіліктер бір-бірімен байланысып тұратын кеуектіліктердегі қысымды қабат қысымы деп аталады. Мұндай қысым жыныстың жату тереңдігіне байланысты болады. Бір қалыпты жағдайда жер астында кезкелген қабаттағы қабаттық қысым биіктігі теңіз деңгейі мен сол қабаттағы дейінгі тұщы су бағанына тең болады. Мұнда қысымды гидростатикалық қысым деп атайды: Бір қалыпты жағдайда Pқ=Pr.c Pr.c=grвH Бірақ та жер қыртысындағы тектоникалық күштердің гидростатикалық және химиялық процестердің әсерінен өнімді қабаттың не шегіп, не көтеріліп кету жағдайындағы қысымдарға ұқсамай қалады, яғни орналасу тереңдігіне қарағанда не жоғары, не төмен қысымдарда болып қалады. Осы жағдайды сипаттау үшін қабаттың қысымын аномальді коэффициенті деген түсініктеріне енгізеді. Ол: гидростатикалық қысымға қабаттың қысымынң қатынасын көрсетеді: kа=Pқ/grвH


    1. Ұңғыларды қышқылмен өңдеудің мақсатын сипаттаңыз


    написать администратору сайта