Главная страница

Бүйрек тест. Модуль А. Зр шыару жйесі


Скачать 20.06 Kb.
НазваниеМодуль А. Зр шыару жйесі
Дата19.06.2019
Размер20.06 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаБүйрек тест.docx
ТипДокументы
#82311

Модуль 5. А. Зәр шығару жүйесі

1. Зәр түзудің бірінші фазасы – біріншілік зәр түзілетін фильтрация фазасы жүреді:

1 жинағыш түтікшеде

2 нефронның проксималды бөлігінде

3 нефронның дисталды бөлігінде

4 нефронның проксималды және дисталды бөліктерінде

5 бүйрек денешігінде

5

2. Зәр түзудің екінші фазасы – соңғы зәр қалыптасатын қайта сору фазасы жүреді:

1 тек нефронның ілмегінде

2 тек нефронның проксималды бөлігінде

3 тек нефронның дисталды бөлігінде

4 нефронның проксималды бөлігінде, жіңішке өзекшеде, нефронның дисталды бөлігінде, жинағыш түтікшеде аяқталып

5 бүйрек денешігінде

4

3. Зәр түзудің секреторлық фазасы жүреді:

1 жинағыш түтікшеде

2 нефронның проксималды бөлігінде

3 нефронның дисталды бөлігінде

4 нефронның проксималды және дисталды бөліктерінде

5 бүйрек денешігінде

1

4. Бүйректерде нефрондардың проксималды өзекшелерін астарлайтын эпителий:

  1. көпқабатты жазық мүйізделген

  2. көпқабатты жазық мүйізделмеген

  3. бірқабатты куб тәрізді көмкермелі

  4. ауыспалы

  5. көпқатарлы призмалы кірпікшелі

3

5. Бүйректерде нефрондардың дисталды өзекшелерін астарлайтын эпителий:

  1. көпқабатты жазық мүйізделген

  2. бірқабатты көмкермесіз аласа призмалы

  3. көпқабатты жазық мүйізделмеген

  4. ауыспалы

  5. көпқатарлы призмалы кірпікшелі

2

6. Бүйректерде нефрондардың жіңішке өзекшелерін астарлайтын эпителий:

1 бірқабатты жазық

2 көпқабатты жазық мүйізделген

3 көпқабатты жазық мүйізделмеген

4 ауыспалы

5 көпқатарлы призмалы кірпікшелі

1

7. Бүйректерде жинағыш түтікшелерді астарлайтын эпителий:

  1. көпқабатты жазық мүйізделген

  2. көпқабатты жазық мүйізделмеген

  3. ауыспалы

  4. қыртысты затында бірқабатты куб тәрізді және милы затында призмалы

  5. көпқатарлы призмалы кірпікшелі

4

8. Бүйрек нефрондарының проксималды өзекшелерінде жүреді:

1 қан плазмасы компоненттерінің сүзілуі

2 электролиттердің толық реабсорбциясы

3 судың толық реабсорбциясы

4 ренин секрециясы

5 белоктар мен глюкозаның толық реабсорбциясы, су мен электролиттердің жарым-

жартылай реабсорбциясы

5

9. Бүйрек нефрондарының жіңішке өзекшелерінде жүреді:

1 қан плазмасы компоненттерінің сүзілуі

2 белоктар мен глюкозаның толық реабсорбциясы

3 судың реабсорбциясы

4 ренин секрецисы

5 белоктар мен глюкозаның толық реабсорбциясы, су мен электролиттердің жарым-

жартылай реабсорбциясы

3

10. Бүйрек нефрондарының дисталды өзекшелерінде жүреді:

1 қан плазмасы компоненттерінің сүзілуі

2 электролиттердің реабсорбциясы

3 белоктар мен глюкозаның толық реабсорбциясы

4 ренин секрецисы

5 белоктар мен глюкозаның толық реабсорбциясы, су мен электролиттердің жарым-

жартылай реабсорбциясы

2

11. Бүйректердің жинағыш түтікшесінде жүреді:

1 қан плазмасы компоненттерінің сүзілуі

2 электролиттердің реабсорбциясы

3 белоктар мен глюкозаның толық реабсорбциясы

4 судың реабсорбциясы және несептің қышқылдануы

5 белоктар мен глюкозаның толық реабсорбциясы, су мен электролиттердің жарым-

жартылай реабсорбциясы

4

12. Бүйректердің сүзгілік тосқауыл құрамына кіреді:

  1. шумақ капиллярларының эндотелиі және тығыз дақ

  2. тамырлы шумақ капиллярларының эндотелиі, шумақ капсуласының ішкі жапырақшасының подоциттері және үш қабатты базалды мембрана

  3. үш қабатты базалды мембрана және юкстагломерулярлы жасушалар

  4. юкстагломерулярлы жасушалар және тамырлы шумақ капиллярларының эндотелиі

  5. юкстагломерулярлы жасушалар және шумақ капсуласының ішкі жапырақшасының подоциттері

2

13. Қыртысты нефрондардың юкстамедуллярлы нефрондармен салыстырғандағы зәр түзу қызметін бағалаңыз:

  1. жоғары, себебі олардың сандары көп

  2. шектелген, себебі олардың тамырлы шумақтарында жетерліктей фильтрациялық қызым жасалмайды

  3. жоғары, себебі олар бүйректің қыртысты заттарында орналасқан

  4. жоғары, себебі олардың тамырлы шумақтарында жетерліктей фильтрациялық қызым жасалады

  5. ерекшеленбейді, себебі салыстыратын нефрондардың тамырлы шумақтарында фильтрациялық қызым бірдей

4

14. Электрондық микросуретте апикалды бөлігінде түкті көмкермесі, ал базалды бөлігінде плазмолемма мен митохондриялардың қатпарлары, цитоплазмасында пиноцитозды көпіршіктер мен лизосомалары көрінетін бүйректің эпителиалды жасушалары берілген. Сипатталған бүйрек жасушаларының орналасатын орнын көрсетіңіз:

  1. шумақ капсуласы

  2. жинағыш түтікше

  3. нефронның жіңішке каналшасы

  4. нефронның проксималды бөлігі

  5. нефрооның дисталды бөлігі

4

15. Нефронның дисталды бөлігі жасушаларының құрылыс ерекшеліктері болып табылады.

  1. түкті көмкерме

  2. пиноцитозды көпіршіктер

  3. оң ШИК секреторлы түйіршіктер

  4. цитотрабекулалар мен цитоподилер

5 базалды жолақтану

5

16. Бүйрек подоциттерінің құрылыс ерекшеліктері болып табылады. Отличительной структурой подоцитов почки является:

  1. түкті көмкерме

2 пиноцитозды көпіршіктер

3 оң ШИК секреторлы түйіршіктер

4 цитотрабекулалар мен цитоподилер

5 базалды жолақтану

4

17. Бүйректің юкстагломерулярлы жасушаларының айырықша құрылымы болып табылады:

  1. түкті көмкерме

  2. пиноцитозды көпіршіктер

  3. оң ШИК секреторлы түйіршіктер

  4. цитотрабекулалар мен цитоподилер

  5. базалды жолақтану

3

18. Шумақ капсуласының сыртқы жапырақшасын түзетін жасушалар:

  1. подоциттер

  2. юкставаскулярлы

  3. юкстагломерулярлы

  4. мезангиалды

  5. бір қатарда жатқан жазық жасушалар

5

19. Электрондық микрофотографияда бір бөлігі куб тәрізді жасушалар қабатымен, ал екінші бөлігі призмалық жсушаларымен астарланған бүйрек құрылымдары көрінген. Жасушаның бір бөлігінде органеллалар аз, олардың цитоплазмасы инвагинациялар түзеді, жасушаның екінші бөлігі митохондрияларға бай. Бүйректің сипатталған құрылымын атағыз:

  1. тығыз дақ

  2. жинағыш түтікше

  3. шумақ капсуласы

  4. нефронның проксималдық бөлігі

  5. нефрон ілмегі

2

20. Бүйрек нефрондары эпителиі жасушаларындағы лизосомалар мен пиноцитозды көпіршіктер қамтамасыз ететін процесс:

  1. қан плазмасы компоненттерінің фильтрациясы

  2. глюкоза реабсорбциясы

  3. белок реабсорбциясы

  4. су реабсорбциясы

  5. электролиттер реабсорбциясы


3

21. Бүйрек нефрондары эпителиі жасушаларының апикалды бетіндегі түкті көмкерме қамтамасыз ететін процесс:

1 қан плазмасы компоненттерінің фильтрациясы

2 глюкоза реабсорбциясы

3 белок реабсорбциясы

4 су реабсорбциясы

5 электролиттер реабсорбциясы

2

22. Электрондық микросуретте цитоплазмасында оң ШИК-реакциясын беретін ірі секреторлы түйіршіктері бар сопақша және полигоналды жасушалар көрінеді. Бүйрек жасушасының типін анықтаңыз:

  1. подоциттер

  2. тығыз дақ жасушалары

  3. жинағыш түтіктердің күңгірт жасушаларын

  4. жинағыш түтіктердің ашық жасушаларын

  5. юкстагломерулярлы жасушалар

5

23. Бүйректерде юкставаскулярлы жасушалардың орналасуын көрсетіңіз:

  1. шумақ артериолалары мен тығыз дақ арасындағы үшбұрышты кеңістікте

  2. әкелуші және әкетуші артериолалар қабырғасында

  3. дисталды өзекшелер қабырғасында

  4. тамырлы шумақ капиллярлары арасында

  5. шумақ капсуласының ішкі жапырақшасында

1

24. Бүйректерде подоциттердің орналасуын көрсетіңіз:

  1. шумақ артериолалары мен тығыз дақ арасындағы үшбұрышты кеңістікте

  2. әкелуші және әкетуші артериолалар қабырғасында

  3. дисталды өзекшелер қабырғасында

  4. тамырлы шумақ капиллярлары арасында

  5. шумақ капсуласының ішкі жапырақшасында

5

25. Бүйректерде юкстагломерулярлы жасушалардың орналасуын көрсетіңіз:

  1. шумақ артериолалары мен тығыз дақ арасындағы үшбұрышты кеңістікте

  2. әкелуші және әкетуші шумақты артериолалар қабырғасында

  3. дисталды өзекшелер қабырғасында

  4. тамырлы шумақ капиллярлары арасында

  5. шумақ капсуласының ішкі жапырақшасында

2

26. Бүйректердің юкстагломерулярлы аппараты құрамына кіреді:

  1. юкставаскулярлы жасушалар, жинағыш түтікшелердің подоциттері мен нефроциттері

  2. тығыз дақ, юкстагломерулярлы жасушалар және юкставаскулярлы жасушалар

  3. юкстагломерулярлы жасушалар мен подоциттер

  4. интерстициалды жасушалар және жинағыш түтікшелердің нефроциттері

  5. юкставаскулярлы, юкстагломерулярлы жасушалар және и мезангиоциттер

2

27. Бүйректердің простагландиндік аппараты құрамына кіреді:

  1. юкставаскулярлы жасушалар, жинағыш түтікшелердің подоциттері мен нефроциттері

  2. юкстагломерулярлы жасушалар тығыз дақ және юкставаскулярлы жасушалар

  3. юкстагломерулярлы жасушалар мен подоциттер

  4. милы заттың интерстициалды жасушалары және жинағыш түтікшелердің ақшыл жасушалары

  5. юкставаскулярлы, юкстагломерулярлы жасушалар және и мезангиоциттер

4

28. Жаңа туған нәрестенің бүйрегінде қыртысты және милы заттардың ара қатысы құрайды:

1 1:2

2 1:3

3 1:4

4 1:8

5 1:10

3

29. Ересек адамның бүйрегінде қыртысты және милы заттардың ара қатысы құрайды:

1 1:4-1:5

2 1:2

3 1:5

4 1:8

5 1:10

2

30. Бүйректің соңғы гистоморфологиялық пісіп жетілуі байқалады:

  1. 3 жаста

  2. 5 жаста

  3. 8 жаста

  4. 12 жаста

  5. 16 жаста

4

31. Зәр шығару жолдарының шырышты қабығын астарлайтын эпителий:

  1. бірқабатты куб тәрізді

  2. көпқабатты жазық

  3. ауыспалы

  4. бірқабатты призмалы

  5. көпқатарлы кірпікшелі

3

32. Несепағардың бұлшық ет қабатының ерекшеліктерн көрсетіңіз:

  1. мүше бойы тегіс салалы бұлшық ет тінінің екі қабатынан түзілген

  2. мүше бойы көлденең жолақты бұлшық ет тінінің екі қабатынан

  3. мүше бойы көлденең жолақты бұлшық ет тінінің үш қабатынан

  4. жоғарғы бөлігінде 2 қабатты, ал төменгі бөлігінде 3 қабатты қалыптастыратын тегіс салалы бұлшық ет тінен түзілген

  5. аралас бұлшық ет тінінің үш қабатынан

4

33. Қуықтың бұлшық етті қабығы түзілген:

  1. тегіс салалы бұлшық ет тінінің екі қабатынан

  2. көлденең жолақты бұлшық ет тінінің екі қабатынан

  3. көлденең жолақты бұлшық ет тінінің үш қабатынан

  4. тегіс салалы бұлшық ет тінінің үш қабатынан

  5. аралас бұлшық ет тінінің үш қабатынан

4


написать администратору сайта