Главная страница

Эссе. Моногибридті будандастыру


Скачать 13.86 Kb.
НазваниеМоногибридті будандастыру
Дата15.03.2022
Размер13.86 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЭссе.docx
ТипДокументы
#398720

Эссе

Моногибридті будандастыру

Грегор Иоганн Мендель — аустириялық биолог және ботаник, белгілі табиғат зерттеушісі, тұқым қуалау заңдылықтарын алғаш ашқан ғалым. Ол өз тәжірибиелерінде асбұршақты алды. Себебі, басқа өсімдіктермен салыстырғанда асбұршақ көптеген қасиеттерге ие. Атап айтар болсақ, асбұршақ өсуге қолайлы, бірнеше белгілері бойынша бір – бірінен айқын ажыратылатын көптеген сорттары бар және оның сорттарын қолдан тозаңдандыру арқылы өсімтал будандар алуға болады. Қандай да болсын белгі-қасиеттерінде тұқым қуалайтын өзгешеліктері бар организмдерді будандастырғанда гибридті формалар алынады. Мендель бірнші тәжірибиесінде бұршақ түсінің бір белгісін зерттейді. Оны моногрибридті будандастыру деп атады. Яғни, моногибридті будандастыру дегеніміз – тек бір белгі зерттелетін үдеріс. Мендель будандастыру үшін тек сары және жасыл түсті таңдады. Себебі бұл будандастыруды басқаша жасауға мүмкіндік бермейді. Ол бәрібір моногибридті болып табылады. Тұқым қуалаушылықты зерттегенде Мендель ең қарапайым моногибридті будандастырудан бастап, әрі қарай біртіндеп күрделендіре түскен. Бұршақта тұқым түсі бойынша бар - жоғы 2 аллель бар. Бұл бірінші ұрпақ буданында пайда болатын сары түсті доминантты аллель А және бірінші ұрпақ буданында сырттай байқалмайтын жасыл түсті рецессивті аллель а.


написать администратору сайта