Программа кружка. Программа 2 год Мурагер. Мрагер музейтану йірмесіні
Скачать 48.4 Kb.
|
«Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология облыстық орталығы» МКҚК «Бекітемін» ОБЖТжЭО-ң директоры ______Ғ.Бекқалиев Әдістемелік кеңесінде қаралған: «___»____________20___ж. № ____ хаттама «Мұрагер» музейтану үйірмесінің ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (11-12) жастағы білім алушылар үшін бағдарлама жүзеге асырылатын мерзімі 2 жыл 2021-2022 оқу жылы Қосымша білім беру педагогы: Қайрлиева Қ.Ж. Орал қ., 2021 ж. Бағдарламаның мазмұны 1. Кіріспе ……………………………………………………...... 3-4 бет 2. Тақырыптық оқу жоспары ………………………………….. ...5 бет 3. Бағдарлама мазмұны………………………………………......6-11 бет 4. Күтілетін нәтижелер ………………………………………..........12 бет 5. Әдебиеттер тізімі ……………………………………………...... ..13 бет Түсінік хат Мақсаты: тәрбиеленушілерді тұлға ретінде жан-жақты дамыту: Білімділігі: туған өлкенің тарихи-мәдени және табиғи мұрасын таныту, туристік-өлкетану дағдыларынды меңгерту, мектеп, ел тарихын зерттеу, мектеп музейінің тарихын тереңдету. Тәрбиелілігі: азаматтыққа, патриоттыққа, зеректілікке баулу. Дамытушылығы: өзіндік бейімділіктерін қалыптастыру, ойлау қабілетін шыңдау, сыни тұрғыдан зерделеу, шығармашылық, ізденімпаздық талабын қалыптастыру. Туристік – өлкетану қызметінің негізгі ұстанымдары арқылы: тұлғаның жеке басын дамытатын туристік-өлкетану ұжымын құру; қатысушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, өлкетанулық іздестіру-зерттеу жұмыстары арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, ой - өрісін кеңейту; өзін-өзі басқаруды жетілдіру, тереңдету. Мақсат төмендегі міндеттер: шығармашылық қабілетін арттырып, көшбасшылық қабілеттерін ояту; табиғат аясында, қиын әлеуметтік жағдайдан жол таба білуге бейімдеу; тәжірибелі жұмыс дағдыларын қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады. Бағдарламаның жүзеге асырылу талаптары, материалдық базасы: 1) Құрал - жабдықтар: шатыр, сақтандыру құралдары, компас, карта, далалық күнделік, диктофон; 2) Дидактикалық қамтылу көрнекіліктері: мұрағаттық сызбалар, картиналар, деректі фильмдер, суреттер, музей жәдігерлері; есеп кітабы т.б. 3) Әдістемелік қамтылуы: методикалық әдебиеттер, арнаулы әдебиеттер, 4) Қауіпсіздік ережесі. Күтілетін нәтиже: Бiлiм алушылардың оқу-танымдық, сарамандық қызметiнiң нәтижесi туристік-өлкетанулық, экологиялық тәрбие деңгейiмен және күнделiктi өмiрдегi туристік-өлкетанулық, экологиялық сауатты жүрiс-тұрыстарымен анықталады. Оқушылар білуі тиіс: ауыл шежіресін, жер-су аттарын, табиғи ерекшелігін тану, туристік құрал-жабдықтардың атауларын, не үшін қолдануын, қауіпсіздік ережесін білу, кіші Отаны туралы толық білу, өлке туралы іздестіру-зерттеу жұмысын жүргізу, мектеп музейін толықтыру.
Бағдарламаның пайдаланылуы: Бағдарлама «Музей ғасыр мұрасын сақтаушы», «Экспозиция жасақтау: мектеп музейі, жанұя тарихы», «Туристік-өлкетану қызметін ұйымдастыру негізі» және «Экскурсия мектебі» атты 4 бөлімнен тұрады. Балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология облыстық орталығында қабылданған оқу жоспарының тұжырымдамасына сәйкес үйірме бағдарламасы 216 сағатқа есептелген. Сабақтың өту мерзімі аптасына екі рет (топқа бөлінбейді) өтеді. Оқушының өлкетанулық білімін тереңдету үшін 5-6 (11-13 жас) сынып оқитын мектеп оқушыларына арналған. Бағдарламаны меңгерту үшін әдебиеттер көрсетілді. «Мен және менің айналам» оқу-тақырыптық жоспары (2-ші оқу жылы)
Бағдарлама мазмұны Мектеп музейі. Музейлердің пайда болу тарихы. Музей профилі. түрлері. Тарихи-мәдени және табиғи мұралар туралы түсінік. Мұраның болу формасы. Музей жұмысының мақсаты мен міндеттері. Музейлердің пайда болу тарихы. Қазақстандағы музей қызметі. Музей ережесі. «Музейтану» терминінің заманауи түсініктемесі. Мұражайлық ғылыми-зерттеу пәні. Музейтану туралы түсінік (музей, вернисаж, көрме, қор, экскурсия, экспозиция және т.б.) Музейлердің классификациясы. Мемлекеттік және жеке музейлер. Музей - қорық, үй музейі, музей – көрме. Музей қызметінің негізі. «Мәдени мінез-құлық» түсінік қалыптастыру. Музейдегі мінез - құлық тәртібі. Практикалық сабақ. Суреттер арқылы негізгі түсініктерді анықтауды қалыптастыру: қоршаған орта, уақыт, мәдениет, мәдени мұра, музей, музейлік маңызы бар зат, түпнұсқа, көшірме қалпына келтіру. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия. «Атадан қалған асыл мұра» ролигін жазу. Музей терминдеріне арналған сөздік дәптер жүргізу. 1.2. Музей-шеберхана. Музейдегі жәдігерлерді қалпына келтіру, сақтау қызметі. Қормен жұмыс. Мөлтек аудандағы мектеп музейінің ролі. Мектеп музейі қызметінің формасы: музей-шеберхана, музей – базар. Мектеп музейінің функциясы. Мектеп музейінің кәсіби ерекшелігі. Мектеп музейінің жылдық жұмыс жоспары. Мектеп музейі белсенділерінің қызметі, жылдық жұмыс жоспары. Музей қоры. Музей қорының құрамы: негізгі және ғылыми-көмекші қор, жинақ (коллекция). Музей қоры мен коллекцияның негізгі жұмыс ұстанымдары. Мектеп музейі қорының есебін ұйымдастыру. Мектеп музейі қорын сақтауды ұйымдастыру: ылғалдылық температурасы мен жарық режимін сақтау. Мемлекеттік музейлер мен мұрағаттардағы қалпына келтіру жұмыстары. Мектеп музейінде сақтауға болмайтын жәдігерлер. «Үй музейі» мәні мен мағынасы. Жанұялық фотоальбом. Тылда, Ұлы Отан соғысына қатысқан жақындардың құжаттары, медальдары, ордендері және т.б. наградалары. Практикалық сабақ. Мектеп музейіне экскурсия. Музей жұмысының жоспарымен танысу. Мектеп музейі белсенділерінің жылдық жұмыс жоспарын құрастыру. Басқа мектеп музейлерімен байланыс жасау. 1.3. Жәдігер түрлері. Ғылыми паспорт. Жәдігер/экспонат - материалдық мәдениет ескерткіші. Музейлік зат - ғылыми білім көзі. Музей заттарының түрлері мен топтары. Музей заттары мен ғылыми-көмекші заттар. Заттардың пайда болуы, өмірі, жоқ болуы. Музей заттарының сипаттамасы мен есебі. Музей қорының есебі: есеп (инвентарлық) кітабы, коллекциялық тізім, музей жәдігерінің паспорты, көмекші картотекалар. Музей заттарының түсінік белгілері (атрибуттары). Практикалық сабақ. Музей заттарының классификациясы. Жанұялық ескерткіштер мен фотолардың паспортын толтыру. 1.4. Мектеп музейі қорын жинақтау. Музей-көрмесі, жәрмеңке ұйымдастыру. Жаңа жарнама жасау. Мектептер арасындағы байланыс. Іздестіру-жинау жұмысын ұйымдастыру. Музейлік зерттеу тақырыбын таңдау. Жұмысты жоспарлау. Арнайы құралдар. Оқиға, құбылыстарды зерттеу. Музейлік маңызы бар заттарды анықтау және жинау. Тарихи оқиғалар, табиғи қыбылыстар мен мұражай заттары туралы қосымша ақпараттар жинақтау. Далалық құжаттар. Жергілікті тұрғындармен жүргізілетін сұхбаттар мен естеліктерін жүргізетін жазба дәптер. Табылған олжаларды ғылыми және физикалық тұрғыда сақтау. Практикалық сабақ. Мектеп музейінің әзірлеу және талқылау тұжырымдамасын жасақтау. Толықтыру көздері мен нысандарын анықтау. Іздестіру-жинау жұмысының жоспарын құру. Іздестіру-жинау жұмысына қатысушылардың міндеттерін анықтау, бөліп алу. Жорық, экспедиция маршруттарын жасақтау. Музей-көрмесі, жәрмеңке ұйымдастыру. Жаңа жарнама жасау. Мектептер арасындағы байланыс. 1.5. Музейлік заттай жәдігер көздері мен мұрағаттық материалдары. Музей қорының құрамы мен құрылымы. Айырбастау қоры. Көшірме (дублетный) қоры. Қор жұмысын ұйымдастыру. Музейлік заттай жәдігер көздері мен мұрағат (деректі фотолар, хаттар т.б.) материалдары. Мектеп музейі қорын жинақтау жолдары. Бағалы құжаттарды мемлекеттік музейлер мен мұрағаттарға беру тәртібі. Практикалық сабақ. Музейлік заттарды қабылдау және беру тәртібі. Мұрағат ережелері бойынша жазбаша деректерді есепке алу және сипаттау. Музейдегі сабақ. Музейдегі түн. Ойындар мен мерекелер. 1.6. Ақпарат көздері. Деректердің дұрыстығын анықтау. Кітапхана - шынайы ақпараттың өлшемі. Дереккөздерді пайдалану әдістемесі: тікелей және ретроспективті. Бастамашылық құжаттау, дереккөздер шеңберін кеңейту, қажетті ақпараттар іздеу. Әлеуметтік сауалнама жүргізу. Әңгіме, сұхбат жүргізу тәртібі. Сұрақтар мен сауалнамалар. Ақпаратты жазба түрде рәсімдеу. Естеліктерді жазып алу формасы. Естеліктер жинау және өңдеу тәртібі. Сауалнама және сұхбат жүргізу тәртібі. Сауалнама мен сұхбаттың заманауи тәртібі. Ардагерлер, жерлестермен хат алмасу: Ұлы Отан соғысына қатысушыларды ардагерлерді іздеу. Іздеу сайттарымен жұмыс. Мекен-жайларды анықтау, жауаптарды бекіту, музей қорына тапсырылатын құжаттарды рәсімдеу. Практикалық сабақ. Музей жолсерігін жасақтау.Әңгіме, сұхбат жүргізу, естеліктерді жазып алу, рәсімдеу. Музей- клуб, театр: тарихи – әдеби кештер. 1.7. Жәдігердің сақталу дәрежесін анықтау. Атрибуция. Музей экспозициясы мен экспонаттартанысу алгоритмі. Жинақталған заттар мен құжаттардың шифрі. Жәдігердің сақталу дәрежесін анықтау. Атрибуция. Әр түрлі тақырыптағы экскурсия үшін экспонаттарды таңдау ерекшелігі. Экскурсия жасау маршрутын құру және рәсімдеу. Практикалық сабақ. Көрме жасақтау. Музейдегі фотографияларды рәсімдеу. Мектеп музейінің экспонаттарына этикетаж жасау. Музей экспозициясы. 2.1. Музей экспозициясы туралы («жәдігер», «экспозициялық материал» түсінік, «тақырыптық құрылым», «тақырыптық құрылым», «экспозициялық кешен», «Музей экспозициясы» және т.б.) түсінік. Концепция. Экспозицияның тақырыптық-экспозициялық жоспары және көркем-сәулеттік шешімі. Экспозиция түрлері: тақырыптық, монографиялық т.б. Экспозициялық материалдар. (Музей заттары, көшірмелер, дыбыстық талдаулар, көрсеткіштер және т.б.) Әр түрлі музей экспозициясының (жалпы тарихи, өлкетану, этнографиялық, музей-қорық, ашық аспан астындағы музейлер) ерекшеліктері. Мектеп музейі экспозициясы. Музей экспозициясының мәтіні, қолдалынуы. Мәтін түрлері. Жәдігерге жазылатын заттаңба (этикетка) тәртібі. Экспозицияға мәтін текстін қою тәртібі. Музей жәдігерлерін анықтау сипаттамасы. Музей заттарын қабылдау және қайтару. Практикалық сабақ: Музейдің тұрақты экспозициясымен танысу. Үй музейіне заттар жинау жұмыс. 2.2. Мектеп тарихы экспозициясын жинау, толықтыру. Мектеп тарихы. Мектеп салты. Мұғалімдер династиясы. Мектеп бітірушілер, олардың өлке тарихына қосқан үлесі. Мектептің тарихи шежіресі мен жылнамаларын таныстыру.№26 жалпы орта білім беретін мектеп музейінің экспозициясын толықтыру. Мектеп бітірушілермен, алғашқы түлектермен, ұстаздармен кездесу, сұхбат және анкета жүргізу. Жоспар құру. Практикалық сабақ: «Мектеп тарихы – оқу құралдарында!» экспозициясына дайындық: күнделіктер, қаламдар, киімдер, дәптерлер (мектеп ашылған жылдан бергі) 2.3. Көше, қала туралы экспозиция. Мектеп тұрған көше. Мұнайбаза мөлтек ауданы. Мектеп тұрған көше - Мұқадес Есламғалиұлы атында. Ол 1946 жылы 18 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, «Ақырап» ұжымшарында дүниеге келген. «Толқын мен ағын» романы (1992), «Тұман ішіндегі көш» (2000) романы, пьесасы мен әңгімелер жинағы; 2003 жылы «Әйтеке би» атты тарихи-философиялық диологиясы, тарихи зерттеулері топтастырылған «Сан қилы сауал» (1995), «Әйтеке би» (ғұмырнама, 1998); «Ғұмырнамалар мен ғибратнамалар» (2000) атты кітаптар жазған жазушы, көтеген газет журналдарда редактор болған. 2001 жылы «Тұман ішіндегі көш» романы үшін қаламгерге Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді. Практикалық сабақ. Тұрған көшелерінің, қаланың тарихы туралы онлайн экскурсия жасақтау. 2.4. Этнографиялық экспозиция. Темір жол вокзалы, Омега заводының тарихы, онда жасалған бұйымдардан экспозиция жасақтау. Практикалық сабақ. Мұнай база мөлтек ауданына, темір жол вокзалына, Омега заводына экскурсия жасау. Заводта жасалған бұйымдардан этнографиялық экспозицияға жәдігерлер жинақтау. 3.Туристік-экспедициялық жұмыс негіздері. 3.1. Туристік-өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру. Туристік құрал-жабдықтар және оларды күту. Қауіпсіздік техникасы. Туристік-өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру. Жорық түрлері, «экспедиция» туралы түсінік. Экскурсия, туристік жорық және экспедицияларды өткізу тәртібі. Далалық күнделік. Есеп, оған қойылатын талаптар. Қатысушылар, міндеттері мен құқығы. Уақытша және үнемі атқаратын қызметі. Маршруттық бет және маршруттық кітапша. Тәртіп. Қалада, көшеде, көлікте өзін-өзі ұстау тәртібі. Жолда жүру ережесі. Электр құрылғылар мен өткір заттар, химиялық, дәрі - дәрмектер қолдану ережелері. Алғашқы медициналық көмек түрлері. Өрт және төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Төтенше жағдай телефондары. Туристік жорықтың, экспедициялық топ жетекшісінің талабын орындау қажеттілігі. Жорықтағы бір-біріне көмек беру. «Білім беру ұйымдарында жүргізілетін туристтік өлкетану қызметінің мөлшерлік құжаттары» жинағын таныстыру. Практикалық сабақ. Экспедициялық топ жасақтау. Маршрут құрастыру, қозғалыс жоспарын құру. Далалық күнделік жазу тәртібі. Өлкетанулық әдебиетпен жұмыс. 3.2. Жорыққа әзірлік. Жорық техникасы. Топография мен бағдарлау негіздері. Туризм техникасы. Экскурсия, туристік жорық және экспедициялар кезінде пайдаланатын жеке құрал-жабдықтар. Топтық құрал-жабдықтар мен оларды күту тәртібі. Шатыр, оның түрлері және пайдалануы, құру тәртібі. Асханалық және алау құралдары. Тағамдарды жинау тәртібі. Жолдорбаны жинау, гигиеналық тәртіпті сақтау. Өлке табиғатын, экологиясын зерттеу құралдары. Қарапайым өлкетанулық тапсырмалар орындау. Туристік топты сапқа тұрғызу. Туристік топ міндеттері. Бағыттаушы және артта жүрушімен жұмыс. Туристік топтың ырғағы мен қарқыны. Жолды, көшені кесіп өту тәртібі. Өзара көмек. Аралық үзілістер мен түскі ас кезіндегі тәртіп. Күн тәртібі. Бивуак. Құру тәртібі, орналасу, құрал-жабдықтар. Жорық кезінде табиғатты қорғау. Практикалық сабақ: Алғашқы жорыққа шығу. Маршрут, күн тәртібін құру. Топпен жүру тәртібін үйрету. Бивуак құру тәртібі. «Батыс Қазақстан облысындағы туристік-өлкетану ережесі» ережелер жинағымен таныстыру. Шатырды құру, бұзу, жинау әдістері. Алау түрлері. Жіп байлау түрлері. Сақтандыру құралы, оны кию, шешу. 3.3. Алғашқы дәрігерлік көмек. Өлке экологиясы. Дәрігерлік қобдиша. Оның жабдықталуы, сақталуы, тасымалдау тәртібі. Дәрілік заттардың тізімі мен қолданылуы. Туристтің жеке аптечкасы. Ауру, жарақаттану (күн тию, сыну, улану, шағу, үсу, қан кету, түншығу, құлау т.б.) кездегі алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні тасымалдау тәртібі. Практикалық сабақ. Дәрігерлік қобдишаны жинақтау. Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек жасауды үйрену: Сынуды анықтау, тасымалдау. 3.4. Туристік топ жорықта, саяхатта. Жорық, экспедиция ұйымдастырудың тәртібі мен өткізілуі. Далалық жағдайда өлкетанулық заттарды сақтау есепке алу. Жорық, экскурсия және экспедиция ұйымдастыру тәртібі. Экспедиция ұйымдастыру тәртібі. Топ міндеттері мен тапсырмаларын бөлу. Міндеттерді орындау жоспарын құру. Маршрут жоспарлау және жасақтау: «№26 мектеп - Омега заводы - Самал ТЛ - №26 мектеп». Туристік схема, және топографиялық карта, маршуттық құжаттар, күнделік толтыру, табылған заттардың далалық түгендеу (опись) жұмысы, естеліктер мен әңгімелерді жазу дәптері, видео, фототүсірілімдер, фотофиксация дәптері мен алынған заттардың (біржолата, уақытша) АКТ-ы. Жорық, экспедиция есебі. Практикалық сабақ: жорық нәтижелерін өңдеу, топтың қызметтік міндеттерін атқару есебі. Экспедиция кезеңдері бойынша жеке есептерді жинақтау. 4. Экскурсия мектебі 4.1. Экскурсия. Экскурсия жүргізу тәртібі. Қала бойынша жаяу экскурсия. Экскурсия белгілі бір білімді жеткізетін ағарту құбылысы ретінде сипатталуы. Экскурсияның түрі: шолу, тақырыптық, шолу. Экскурсия нысандары. Экскурсия кезінде нысанды көрсету тәртібі. Экскурсия кезінде ғылыми, танымал дереккөздерін, музей кеңесінің материалдарын жүйелі, нақты пайдалану. Екжей текжейлі жоспар немесе экскурсияның жеке мәтіні. Экскурсовод шеберлігі: сөз сөйлеу, сыртқы келбеті, материалды еркін білуі, этика. Практикалық сабақ: тақырыптық экскурсияны мәтінін құрастыру тапсырмасын беру. «Оралды мен үш қызы арқылы білем: олар - Қыз Жібек, Мәншүк, Ақұштап» Мектеп музейіне, қалаға жаяу экскурсия жасау. Маршрут қозғалысын жасау, жеке экскурсия мәтінін жасақтау, салыстыру. 4.2. Ұжымдық диалогтық экскурсия. Үлкендер мен балалардың өзара қарым-қатынасының этикасы. Коммуникативті (қарым-қатынас) мәдениетті меңгерудің жолдары. Тұрғындардан сұхбат алу тәртібі. Социологиялық (әлеуметтік) сауалнамалар жүргізу. Мектеп музейінде экскурсия жүргізудің негізгі принциптері. Экскурсияның мәтінін дайындау тәртібі. Экспозицияға экскурсия жасау мәтіні. Мектеп айналасында орналасқан мекемелерге экскурсия жасау технологиясы. Практикалық сабақ: әр түрлі түрдегі экскурсияларды тыңдау. Темір жол вокзалы музейіне саяхат. 4.3. Шығармашылық белсенділікті арттыру. Мұғалімдер алдында экскурсия жасау. Ардагерлер алдында сөйлеу.Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыратын шараларына қатысу. Практикалық сабақ: ардагерлер естеліктерін жинау және рәсімдеу. «Музей және балалар» апталығын өткізу. 4.4. «Менің тұратын көше» тақырыбында алғашқы зерттеу жұмысы. М.Исламғали ұлының өмірі мен шығармашылығы. Қатысушылардың педагогикалық - психологиялық диагностикасы. Практикалық сабақ: қатысушылардың психологиялық және педагогикалық талдаулары. Өз достары мен жанұясы туралы әңгімелеу. Тест сұрақтарына жауап. 4.5. Экспедиция. Жыл қорытындысын шығару. «Ақжайық» трилогиясының ізімен» экспедициясы. Хамза Есенжановтың өмірі мен шығармашылығы. Маршут құру, жорық болатын аймақты зерттеу. «Орал қ.-Шалқар ө.-Сарыөмір а.-Орал қ.» маршрутына дайындық. Жыл бойына жасаған жұмыстардың қорытындысы. Әр қатысушының қызметін талдау, жалпы іске өзіндік үлесін талдау. Келесі оқу жылының жоспары. Күтілетін нәтиже Тұлға тәрбиеленеді: оқушылардың бойында ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңесі, өсиеттері, ұлттық рух, ұлттық мақтанышы, ұлттық намысы, ана тілі мен ұлттық мәдениеті қалыптасады. Отансүйгіштік қабілеті оянады: инабатты, ел-жұртын, атамекенін сүйетін, салт-дәстүрін сыйлайтын, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете алатын, нағыз ұлттық намысы жоғары азамат болып шығады. Күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды: туризм, өлкетану, музей істері негіздерінің алғашқы әліппесін меңгереді, оны қолдана алады; өз бетінше оқып және ізденіп, зерттеу жұмыстарын жүргізуді үйренеді; өлкеміздің ғажайып нысандары туралы ақпарат береді, оны өзгелерге таныстыра алады, тарихы туралы сипаттайды. Пайдаланылатын әдебиеттер: Байдалиев Д.Д., Болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына кәсіби даярлау; Белоусов Д.А., Литературно - Краеведческий кружок в школе//2 Емельянов Б.В., Экскурсоведение. Учебное пособие // М., 2002. Ережелер жинағы – Положение по туристско-краеведческой работе в Западном Казахстане // Уральск, 2002 г.; Остапец-Свешников А.А., Программа туристско – краеведческой деятельности школьников // Москва, 1991 г.; Остапец-Свешников А.А., Турист - ізкесушілер жорықта// «Полиграфсервис» баспаханасы, 2009 ж.; Решетников Н.И. - Музей и комплектование его собрания//Москва МГУКИ / 2013 – 68-81 б. Решетников Н.И. - Музееведение//Москва МГУКИ, 2000 г.; Решетников Н.И. - Словарь музейных терминов //Москва ГМСИР, 2010 г.; Решетников Н.И., Персин А.И., Подготовка и проведение недели «Музей и дети»//Москва, 1988 г.; Казурова О.А., Константинов Ю.С., Слесарева Л.П., // Программа «Активисты школьного музея» - Москва ФЦДЮТиК, 2008 г.; Центральный совет по туризму и экскурсиям - Музейная экспозиция в городской экскурсии – Москва, 1978 – 10-19 б. Федорук Е.А., Нуржанова А.А., Ананьева Л.В. - Методическое пособие – Школьный музей и комплектование его собраний // Оренбург, 2007 г., 13-32 б.; Курилова В.И, Туризм.М., - «Просвещение», 1988 ж. Жездібаев Т.К. «Жас туристерге кеңес» //Алматы, 2005 ж. Жинақ - Білім беру ұйымдарында жүргізілетін туристтік өлкетану қызметінің мөлшерлік құжаттары //Астана, 2015 ж. Емельянов Б.В «Экскурсоведение» Учебное пособие. Москва, 2002 год. Екимбаева А.С. Экскурсия жүргізудің әдісі// ИКОМ 2015 №5 Балаларға оқуға, көруге ұсынатын әдебиеттер: Остапец-Свешников А.А., - Турист-ізкесушілер жорықта// «Полиграфсервис» баспаханасы, 2009 ж.; Жездібаев Т.К. «Жас туристерге кеңес» //Алматы, 2005 ж. |