үйірме10. Мселе есептерді шешуді оушылара иынды туызу себептері
Скачать 18.15 Kb.
|
Түсінік хат Мектепте математикалық білім берудің маңызды проблемалаының бірі – оқушыны есепті шешудің әдісі-тәсілдерімен қаруландыру және оны есептің шешімін өздігінен іздеп, таба білуге үйрету. Психологтардың, әдіскерлердің зерттеулерінде оқушының есептерді шеше білуі, ол шешкен есептер санына тәуелді емес , оның есепті талдау дағдысының дұрыс қалыптасуына байланысты екендігін дәлелдеген. Бұл дағдылар қалыптаспаған жағдайда, оқушы өздігінен есепті шешіп үйренбейді. Мәселе есептерді шешудің оқушыларға қиындық туғызу себептері: Есептің шартын дұрыс талдай алмауы; Шамалар арасындағы байланысты дұрыс меңгермеу; Тірек – есептерді шешу дағдыларының дұрыс қалыптаспауы; Есеп шығару барысында оқытушы тарапынан оқушының ойлау әрекетін жеткіліксіз басқару; Есеп шығару әдістерін меңгертуде оқытушының сабақтастық, бірізділік және жүйелілік принцптерін дұрыс сақтамауы. Есеп шығара білу – оқушының математикалық, логикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілетінің даму көрсеткіші. Есептерді тиімді әдіспен шешу бастауыш сыныптан бастап барлық орта мектеп математика курсында кездеседі. Бірақ берілген тақырыпқа бөлінетін сағат санының аздығына байланысты оларды өз дәрежесінде меңгеру мүмкін бола бермейді. Есептер өте алуан түрлі болып келеді, кейде есеп мазмұнын түсіну қиынға түседі. Орта мектеп математика курсы үшін ҰБТ оқушылардың есеп шығару біліктілігі мен дағдыларын қажет етеді. «Алгебра құпиялары» таңдау курсы есеп шығару тәсілдерін тереңдете оқытуды , алгебралық есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдануды, сонымен қатар орта мектеп математика бағдарламасынан тыс күрделірек есептерді шығару білімділік дағдысын жетілдіре түседі. Мақсаттары: Есеп шығарудың әдіс – тәсілдерін кеңейту негізінде оқушылардың математикалық материалдарын меңгеруде жағдай туғызу; Пәнге тұрақты қызығушылығын тудыру; Оқушылардың ой-өрісін кеңейту; Өз бетінше ойлау жүйесін жетілдіру; Функционалды ойлау қабілеттерін дамыту. Міндеттері: Есеп шығару әдіс – тәсілдері бойынша негізгі білімдерін бекіту; Есеп типтері мен әдіс тәсілдері бойынша білімдерін қалыптастыру; Жеке тұлғаны дамыту факторы ретінде оқушыларды практикалық іскерлікке баулу. 10 -сыныпқа алгебра пәнінен «Алгебра құпиялары» арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспары 2020-2021 оқу жылы (барлығы 34 сағ,аптасына 1сағ)
Дайындаған математика пәні мұғалімі: Алшериев Б.С. |