таратпа материал (3). Мтінді оып шы
Скачать 441.69 Kb.
|
Мәтінді оқып шық. Дүниежүзінің саяси картасында елдің әлемдегі орны, саяси- әкімшілік құрылымы бйнеленеді. Сонымен қатар саяси картада басты саяси- географиялық өзгерістер көрініс табады. Дүниежүзінің саяси картасындағы заңдылықтар мен өзгерістерді географияның саяси география деп аталатын саласы зерттейді. Саяси картада мемлекеттер мен олардың шекаралары, әкімшілік- аумақтық жіктелуі, астанасы мен ірі қалалары бейнеленеді. Саяси карта тарихи кезеңдерде ұдайы өзгеріске ұшырады. Қазіргі заманғы саяси картаның қалыптасуына қатысты оқиғаларды шартты түрде: ежелгі, ортағасырлық, жаңа және ең жаңа кезеңдерге бөледі. Ең жаңа кезеңдегі саяси картада 200- ге жуық мемлекет бар. Олардың бір- бірінен айырмашылығы: Кез келген елдің мемлекеттік құрылымы оның қоғамдық- саяси өміріне тікелей ықпал еткенімен, экономикалық даму деңгейіне әсері жоқ. Басқару формасына қарай елдерді: республикалар мен монархиялар деп бөледі. Әлемде 29 монархиялық ел бар. Монархиялық елдерде мемлекет басшысы- монарх (король, королева, князь, император т.б). Төмендегі кестеде көрсетілген. Қалған елдер басқару формасына қарай республикалар. Республикалық жүйедегі елдерде мемлекет басшысы- президент. Мемлекеттік құрылымына қарай елдерді федерациялы және унитарлы елдер деп бөледі. Төмендегі кестеде әлемдегі федерациялы елдер көрсетілген. Қалған елдер унитарлы елдер. Елдің морфологиялық ерекшеліктері Морфологиялық ерекшеліктеріне қарай елдердің шекараларын төмендегідей бөледі: геометриялық, астрономиялық, түзу және ирек. Геометриялық шекара - табиғи және тарихи шекараларын есепке алмай екі нүкте арасындағы тартылған сызық. (мысалы: АҚШ пен Канада арасындағы шекара) Астрономиялық шекара- меридиан немесе параллельдер арқылы жүргізілген шекара. (мысалы Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея арасындағы шекара 380 с.е бойымен жүргізілген). Түзу шекара- түзу сызықтармен бейнеленген шекара (Африканың кейбір елдері арасындағы шекара) Ирек шекара- тарихи- табиғи факторлар ескеріле отырып жүргізілген шекара. Тапсырма 1. Төмендегі елдерді басқару формасы мен мемлекеттік құрылымына қарай жікте:
Дескрипторлар: *елдерді мемлекеттік құрылымы және басқару формасына қарай жіктейді; Тапсырма 2.
|