Ашық сабаққа. Н.. Назарбаев Мазмны Кіріспе
Скачать 42.31 Kb.
|
Тақырыбы: «Отбасымен әлеуметтік жұмыс» Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншілігінен басталады. Н.Ә.Назарбаев Мазмұны: 1.Кіріспе Зерттеудің өзектілігі: Ешқандай халық, ешқандай өркениетті қоғам отбасысыз болуы мүмкін емес. Отбасы – қоғамның ажырамас ұяшығы және оның маңызын төмендету болмайды. Шолушы болашақ қоғам да отбасысыз ойлай алмайды. Әрбір адам үшін отбасы бастаулардың бастамасы. Бақыт түсінігін әрбір адам ең алдымен отбасымен салыстырады: өз үйінде бақытты адам ғана бақытты. Отбасы – қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуының маңызды бастамасы. Ол адамның басты қоғамдық байлығын өндіреді. Қазіргі заманғы отбасының проблемасы өте маңызды және актуальды жағына жатады. Отбасының экономикалық, әлеуметтік, адамгершілік негіздері бұзылғаны анықталды, ол отбасы өмірінің бейнесіндегі, өмірлік некедегі, аз балалы болудағы, жалғыз басты – үйленбеген тәуелсіздердің мәртебесінің өсуі. Кез келген отбасы сыртқы факторлардан басқа, оның табиғи өмірлік айналымынан өткен кезде туындаған проблемалармен кездеседі. Бүгінгі күні отбасы күрделі жағдайда тұрғандығын констациялауға болады. Отбасымен әлеуметтік жұмыс қазіргі заман талабынан туындап отыр. Біздің елімізде де отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс ертеден қалыптасып, өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен айқындалады. Осы жұмыста отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу, оның Қазақстандағы ерекшеліктері, отбасына қандай әлеуметтік көмек көрсетіліп отырғаны және осы уақытқа дейін отбасы мен әлеуметтік жұмыс қалай жүргізілгендігі туралы жазылған. Зерттеудің мақсаты: Бала құқығын қорғап, жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау.Ата-аналардың тәрбиеге көзқарасын жандандыру мақсатында ағарту шараларын өткізу. Зерттеудің міндеттері: — Отбасындағы жағдайды анықтау, жұмыс жоспарын құру. — Отбасындағы бала тәрбиесіне бақылау жүргізу, қадағалау — Отбасы мүшелері арасында қалыпты жағдай туғызу. Зерттеу объектісі: Әлеуметтік жұмыстар жүргізілетін барлық отбасы. Негізгі бөлім: Әлеуметтік педагогикадағы «отбасы» түсінігі Отбасы дегенімізбірге тұратын, өзара жақын және жауапты, бюджеттері біртұтас, халықтың физикалық көбею функциясын атқаратын қоғамның алғашқы ұяшығы. Отбасы - бұл әлеуметтік институт және шағын әлеуметтік топтардың сипаттарына ие күрделі әлеуметтік жүйе. Қоғамның әлеуметтік институты ретінде отбасы әлеуметтік нормалардың, мінез-құлық үлгілерін, ерлі-зайыптылар арасындағы, басқа жақындар арасында өзара қарым-қатынас кестесін көрсетеді. Осыған байланысты ол адамға туғаннан бастап өлгенге дейін үлкен ықпалын тигізеді, бірақ оның рөлі әсіресе адамның психологиялық, эмоционалдық-еріктік, рухани-адамгершілік негіздері қалыптасып жатқан өмірінің алғашқы кезеңдерінде өте басымдылық танытады. Сонымен қатар отбасы қоғамның даму деңгейіне тәуелді, оның проблемаларын бейнелейді. Отбасы шағын топ ретінде - бұл тұрмыс құруға, қандық жақындақ, адамның жеке қажеттіліктерін өтеуге негізделген адамдардың қоғамдастығы. Оны ортақ экономикалық кеңістік, өзара тәуелді өмір салты, эмоционалдық-адамгершілік байланыс, өзара жәрдем ету, көмек беру, қорғаушылық ерекшелендіреді. Отбасы туралы толық мәлімет алу үшін ер-әйел, еркек-бала, әйел-бала, бала-бала, еркек-жақын, әйел-жақын, бала-ата-ана, бала-жақын өзара қатынастарының барлық жағы ескеріледі. Отбасы баланың, азамат болып өсуінің негізі болып табылады белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаулысы адам үшін ең жақын әлеуметтік орта бала алғаш рет өмірмен, коршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді Отбасылар 5 топқа бөлінеді: 1.Жоғары адамгершілік, этномәдени қарым – қатынастағы отбасылар 2. Қалыптаспаған отбасылар дау-жанжалды, сотқарлық, қатігездік орын алған 3. Сырттай сау көрінетін отбасы 4. Дау-жанжалмен өз қарым–қатынастарын реттей алмайтын, балаларына көңіл аудармайтын отбасылар 5. Ата –аналардың қалыптасқан ережеге сәйкес қарым-қатынаста болумен сипатталады. Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысы.Жасөспірімдерді бақылаусыздығы мен қараусыз қалуы – мектеп және әлеуметтік педагогтың өзекті проблемеларын бірі болып табылады. Аталған жағдайдың себебінің бірі ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Отбасы мен мектептің арасындағы ынтымақтастық – бұл ортақ мақсатқа негізделген және ұзақ нәтижесі болып табылады. Бұл жұмыс ең алдымен отбасын жүйелі, әрі жан-жақты зерттеуден, отбасы тәрбиесін ерекшеліктері мен жағдайын ескеруден басталады. Бүгінгі таңда отбасылық тәрбие жүйесі үлкен өзгеріске ұшырауда. Отбасылық дәстүрлі құрылымының өзгеруі төмендегі мәселелерге байланысты: Отбасындағы балалардың аз болуы; Жас отбасылардың көбіне ата-аналарынан бөлек тұруы; Халықтық педагогика дәстүрін жоғалтып алу; Отбасының әлеуметтік – экономикалық қиыншылықтарды; Ата-аналардың балаға қарауына уақытының жетіспеуі; Бұл өз кезегінде баланың проблемаларымен жалғыз қалуына әкеліп соғады. Бұл проблемаларды шешу жолының бірі ретінде жасөспірім құқықбұзушылық пен қаңғырушылықты таңдау мүмкін. Ата- аналардың баланаң білім алуы мен тәрбиесінің жауапкершілігін сезінуіне қарай отбасын бірнеше түрге жіктеуге болады: Қолайлы сәтті отбасы ; Проблемалық отбасы; Қолайсыз отбасы; Отбасылардың түріне қарай мектеп ұжымына оқушы мен оның отбасымен жұмыс жүргізген кезде түрліше әдіс-тәсілдерді қолдануға тура келеді. Проблемалық отбасынан шыққан балаларды екі топқа бөлуге болады: Баланың өз отбасының теріс ықпалынан қорғау керек (бейморалды, қылмысты отбасы) Бақылаусыз және қараусыз қалған балалар, мұнда керісінше ол балардың отбасымен мектепке деген үзіліп қалған байланысын қалпына келтіру керек. Балалардың бақылаусыз қалуына әсер ететін факторлар: отбасылық факторлар ( бала мен ата-анасы арасындағы қарым-қатынастар, отбасындағы дағдарыс, күйзеліс, отбасының тәрбиелік мүмкіндігінің төмендеуі, т.б.) әлеуметтік-экономикалық; әлеуметтік-психологиялық (отбасындағы қатігездік, ата-анасының ажырасуы ) мектеп ( мұғалімдердің авторитарлық стильде жұмыс істеуі, т.б. ) психикалық ( психологиялық ауытулары бар балалардың көбеюі ); психологиялық (баланың жеке мінезі ). Мектепте осы факторлары ескере отырып, бақылаусыздықтың алдын-алу бойынша төмендегі жұмыс бағыттарын көрсетуге болады: отбасымен жұмыс ( бала мен ата-анасының қарым-қатынасын, отбасы түрін диагностикалау, отбасына көмек пен қолдау көрсету, отбасымен үздіксіз байланыста болу, т.б. ) оқушымен жұмыс ( баланың жеке ерекшіліктерін зерттеу педагогикалық көмек пен қолдау көрсету, оқу жүктемесін азайту, т.б. ) білім беру мекемелерінің педагогикалық ұжымымен жұмыс; білім беру мекемелерінде тұлғаны әлеуметтік – педагогикалық және психологиялық тұрғыдан сүйемелеу; баланың әлеуметтік – педагогикалық босаңсуының алдын алу және психологиялық тұрғыдан мәдениетін көрсету; Бақылаусыздықтың алдын – алудың тиімді болуы келесі жағдайлардың орындалуына байланысты; баланың білім алуға оң көзқарасының болуы; баланың ата-анасымен, мұғалімдермен, құрбы құрдастарымен жағымды қарым-қатынас жасауы; психологиялық қорған,андық; әлеуметтік жағынан қорғалуы (оқушының құқы мен міндетін білуі, мектептегі барлық оқушыоардың психологиялық және әлеуметтік жағынан кемсітпеу) ; баланың білімі мен тәрбиесіне байланысты ата-аналарға кеңес беру; баланың үйіне бару; ата-аналармен әлеуметтік-психологиялық тренингтер жүргізу. Педагогтардың ата-аналармен жүргізетін жұмыстары: 1) ата-аналарды мектеп ұйымдастыратын оқу-әдістемелік үдерістің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру; 2) ата-аналарды психологиялық-педагогикалық жағынан хабардар ету; 3) ата-аналарды балалармен бірге жасалатын әрекеттерге тарту; 4) жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиесіне түзету енгізу; 5) ата-аналардың қоғамдық ұйымдарымен әрекеттестікте болу. Отбасымен жұмыс жасаудың негізгі түрлері Даралық және топтық Даралық: бала тәрбиесі мәселелеріне байланысты әңгімелесу, кеңес беру, отбасына бару. Отбасына барғанда төмендегідей шарттар сақталуы тиіс: отбасына алдын ала ескертусіз бармау; ол үйде 5–10 минуттан артық болуды жоспарламау (мазаларын алмау үшін); кіреберісте түрегеп тұрып немесе сырт киімді шешінбей тұрып әңгімені бастамау керек; әңгімелескенде жұлқына сөйлеуден аулақ болу керек; ата-аналарға ақыл үйретпей, кеңес түрінде айтқан жөн; мүмкін болса, баланың көзінше әңгімелескен дұрыс. Топтық түрлері – ата-аналар жиналысы, ата-аналар клубы, ата-аналар дәрісханасы, ата-аналар білімі, жекелеген тәрбие мәселелеріне арналған конференциялар, сұрақтар мен жауаптар кештері, мұғалімдермен, әкімшілікпен, мамандармен (дәрігерлермен, психологтармен, заңгерлермен) кездесулер. Әрекеттестікте педагогтардың ата-аналар жиналысындағы қарым-қатынас жасау стилінің маңызы зор. Жиналыста монолог ата-аналармен жүргізілетін диалогтан азырақ болғаны жөн. Жиналыс балалардың жасы мен сынып ерекшеліктеріне байланысты айына немесе төрттікте бір рет өткізіледі. Ата-анамен ықпалдасу әдістемесі: - Пікірлесу сағаты - Үлгілі отбасына саяхат - Ата-аналармен жеке әңгіме - Ата-аналарға арналған тест және сауалнамалар - Ашық тәрбие сағаты - Мектеп психологымен әңгіме - Мерекелік кештер - Ата-аналар үшін ашық есік күнін ұйымдастыру Мектептің бала тәрбиелеудегі саясатын отбасының дұрыс түсінуі, ата-аналармен педагогикалық ынтымақтастықта түрлі формадағы жұмыстар жүргізе отырып, баланың тұлға ретінде дамуына жағдай жасауда ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың жаңа формаларын ұйымдастыруға болады. Ата-аналармен жүргізілетін жұмысты ұйымдастырудың жаңа формалары: - Пікірталас клубы -бала тәрбиесіне байланысты өзекті тақырыптарды қамтиды. Әр түрлі көзқарастағы ата-аналардың пікірлерін талдайды, дәлелдейді. Ата-аналардың дүниетанымын кеңейтуді мақсат етеді; - Ата-аналар клубы-мектептегі, отбасындағы, сыныптағы кездесетін қайшылықты жағдаяттарды шешуге арналады. Рингке не ата-ана мен баланы, не педагогтарды, не оқушымен мұғалімді шығаруға болады; - Психологиялық тренинг-ата-аналармен жұмыс жүргізудің белсенді түрі. Тренингке кемі 2 отбасы қатыса алады. Нәтижесінде әрбір отбасы өзіне пікірі мазмұндас 12-15 адамнан тұратын топ құра алады. - Тақырыптық кеңес-ата-аналарды психологиялық, педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту - Ата-аналар университеті-ата-аналарға, жұртшылыққа жүйелі педагогикалық білім беретін орын. Оқу мерзімі 2 жыл. Оқу сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Оқуға түсетіндер ата-аналар комитеті арқылы қабылданады - Отбасылық тәжірибе презентациясы-сынып жетекшісінің озат тәжірибеден кеңестер беруі, ата-аналардың қажетті әдебиеттермен танысуы, зерттеуі, өзіндік пікір қалыптасуы және проблемалық сұрақ төңірегінде жоба қорғауы - Педагогикалық семинар-отбасылық тәрбиенің әдіс-тәсілдеріне арналады. Семинарға мұғалімдер де, ата-аналар да жан-жақты дайындықпен қатысуы қажет - Шығармашылық кештер-шығармашылық кештер мектепішілік және сыныпішілік болып, озық ойлы және ерекше қабілетті, танымал ата-аналарды үлгі тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады. Қорытынды: Белгілі жазушы М.Дулатов айтуы бойынша: "Мектептің басты мақсаты - жалғыз білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру",тек отбасымен жұмыс барысында әлеуметтік педагог мына ережелер естен шығармауы керек: Әлеуметтік педагог төмендегі ережелерді сақтауы тиіс: ата – аналар мен балалар өзін зерттеу обьектісі ретінде сезінбеуі тиіс; - зерттеу мақсатты, жоспарлы, үздіксіз, және жүйелі жүргізілуі тиіс; - зерттеу әдістері халықтық дәстүрлі тәрбие әдістерімен байланысты болуы тиіс; Қорыта келгенде «бақытты отбасы» болу үшін - Ата-ана-тәрбие беріп жол көрсетеді; - Бала-дайындалып,тек алға жүреді; - Мектеп- тәртіп пен білім,тәрбие беріп болып еңбектенуі керек. Қолданылған әдебиеттер: 1.Арғынбаев Х.А. «Қазақ халқындағы отбасы мен неке». 2.Әкімтаев Т. «Отбасындағы бала тәрбиесі». Қазақстан мектебі 1994 ж 3.Мусырманов А. «Ата-ана және мектеп ынтымақтастығы».Қазақстан мектебі. 4.Оразбекова К. «Отбасы психологиясы» Алматы,2000ж. |