Гимнастар. ГИмнастар. Наталья Никитична Ильенко (26 1967 жылы туан, Хабаровск лкесі, Аянамай ауданы, Нельма кенті) спортты гимнастикадан спорта ебегі сіген шебер (1981)
Скачать 3.37 Kb.
|
Наталья Никитична Ильенко (26.3.1967 жылы туған, Хабаровск өлкесі, Аянамай ауданы, Нельма кенті) – спорттық гимнастикадан спортқа еңбегі сіңген шебер (1981). Алғашқы жаттықтырушысы – Ф.Рукина. Кейіннен Н.Цапенко, Ю.Цапенко, Н.Маракова, А.Гребенниковтың жетекшілігімен жаттықты. Ильенко Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы (1979 – 85), КСРО чемпионы (Киев, 1980, Донецк, 1981), дүние жүзі чемпионы (Мәскеу, 1981), Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (Варшава, 1982), КСРО халықтары спартакиадасының күміс жүлдегері (Мәскеу, 1983), “Достық” ойындарының жеңімпазы (Будапешт, 1984), КСРО чемпионы (Мәскеу, 1984), дүние жүзі чемпионы (1985, Мәскеу). Спорттағы табыстары үшін “Құрмет Белгісі” орденімен (1985) марапатталды. 1981 – 85 жылдары Қазақстанның ең таңдаулы он спортшысы тізіміне енді. Қазір Англияның астанасы Лондон қаласында тұрады. Аэробикадан жаттықтырушылық қызмет атқарады.[1] Валерий Викторович Люкин (11.9.1966 ж.туған, Ақтөбе қаласы) — гимнаст, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1987). 1980 жылдан Е.Жаровтың жетекшілігімен жаттықты. КСРО 9-спартакиадасының жеке жаттығулардан күміс және қола жүлдегері (Мәскеу, 1986). КСРО чемпионаттарының [төрт алтын, екі күміс (Челябинск, 1987), бір алтын, екі күміс (Дондағы Ростов, 1987), қола (Челябинск, 1988), екі алтын, екі күміс (Мәскеу, 1988)] жеңімпазы. КСРО кубогінің күміс (Мәскеу, 1988), бір алтын, бір күміс (Донецк, 1991) медальдарын жеңіп алған және командалық есепте чемпион атанған. Ізгі ниет ойындарында екі алтын (Мәскеу, 1986), бір алтын, бір күміс (Сиэтл, АҚШ, 1990) жүлдегері. Еуропа (Мәскеу, 1987) және әлем чемпионы (Роттердам, Голландия, 1987). 24-Олимпиялық ойындардың чемпионы және үш мәрте күміс жүлдегері (Сеул, Корея, 1988). 1992 жылдан бері АҚШ-та жаттықтырушы. Спорттағы табыстары үшін “Құрмет” орденімен марапатталған (1989).[1][2] |