Главная страница
Навигация по странице:

  • Негізгі мақсат

  • 1 сынып «Математика» пәнінің базалық мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады

  • 2 сынып «Математика» пәнінің базалық мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады

  • 3 сынып «Математика» пәнінің базалық мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады

  • 4 сынып «Математика» пәнінің базалық мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады:«Сандар мен шамалар»

  • Натурал сандар. Натурал сандар жне нл. Натурал сандарды оу жне жазу. Натурал сандарды салыстыру. Негізгі масат


    Скачать 31.91 Kb.
    НазваниеНатурал сандар жне нл. Натурал сандарды оу жне жазу. Натурал сандарды салыстыру. Негізгі масат
    Дата02.06.2022
    Размер31.91 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаНатурал сандар.docx
    ТипДокументы
    #564161

    Натурал сандар және нөл. Натурал сандарды оқу және жазу.Натурал сандарды салыстыру.

    Негізгі мақсат- натурал сандар туралы бастауыш мектепке алынған мағлұматтарды жүйеге келтіру және қорытындалыу.

    Натурал сандар туралы қарастырылып кеткен мағлұматтарды жүйеге келтіріп қарастыру оқушыларда көп таңбалы сандарды оқу мен жазу машықтарын, сондай-ақ, натурал сандарды салыстыру машықтарын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Екі санды салыстырудың нәтижесә теңсіздік түрінде жазылады. Қос теңсіздіктің жазылуы енгізіледі, ол кейінірек өтілетін ондық бөлшектерді дөңгелектеу кезінде падалынады.

    Кем (есе кем), артық (есе артық) қатыстарының мән-мағынасын түсінуді мақсат ететін мәселе есептерді, сондай-ақ, шамалардың(жылдамдық, уақыт және арақашықтық; тауардың бағасы, мөлшері,құны т.б.) арасындағы оқушыларға белгілі тәуелділікке берілген есептерді шығара білу іскерліктері дамытыла түседі. Есептер арифметикалық тәсілмен шығарылады.

    Натурал сандарды қосу және азайту, Қосымның ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері. Санды өрнектер. Өрнектерді жазу үшін әріптерді қолдану, әріпті өрнектің сан мәні. Қосудың қасиеттерінің әріртік жазылуы. Сызықтық теңдеулерді құру және шешу.

    Негізгі мақсат- натурал сандарды қосу және азайту машықтарын тиянақтау және дамыту. Осы тақырыптан бастап көптаңбалы сандарға қолданылатын амалдардың арифметикалық алгоритмдерін тиянақтауға баса назар аударылады, өйткені олар өз алдарына мәнге ие болып қана қоймай, ондық бөлшектермен есептеулер жүргізу іскерліктерін қалыптастырудың негізі болып табылады. Осы тақырыпты оқып үйренен кезде көптаңбалы сандарды қосу және азайту іскерліктері, бір және екі таңбалы сандарға амалдар қолдану және нөлге амалдар қолдану машықтары жетілдіре түседі.
    Натурал сандар- арифметиканың ірге тасы. Натурал сандар санау нәтижесінде пайда болған.Натурал сандар жиынын N=1, 2 , 3 ,4 ,...., .... символымен белгілейді.Натурал сандар жиынын үш класқа бөліп ажыратуға болады.Олар:

    • 1 саны;

    • Жай сандар;

    • Құрама сандар.

    1 сынып «Математика» пәнінің базалық мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады:

    • «Сандар мен цифрлар»

    • Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер. Тура, кері және реттік санау. Сандарды оқу, жазу және салыстыру.

    • Сандар құрамы. Разрядтік құрамы, разрядтікқосылғыштар.Ондықтар. Сандық топпен санау. Заттар санының жартысы.

    • Сандармен амалдарды орындау. Сандарды қосу және азайту. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.1 мен 0 қасиеті. Сандардың қосу кестесі.

    • Шамалар және олардың өлшем бірліктері. Ұзындық, масса, көлем, уақыт шамалары. Өлшем бірліктерін өлшеу, салыстыру, түрлендіру. Циферблат бойынша уақытты анықтау. Монеталармен әрекеттер.


    2 сынып «Математика» пәнінің базалық мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады:


    • «Сандар және шамалар»

    • Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер. 100 көлемінде сандар. Тура және кері санау. Екітаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.

    • Сандар құрамы. Сандарды римше нөмірлеу. 1000 көлемінде сандарды оқу, жазу және салыстыру.

    • Сандарменамалдарорындау. Көбейту және бөлу. Қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттері. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті. Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу кестесі. 2; 3; 4; 5-ке көбейту және бөлу кестесі. Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу және азайту. Екітаңбалы сандарды қосу және азайту.

    • Шамалар және өлшем бірліктер. Әртүрлі өлшеу аспаптар шәкілдері. Шамалар мәндерін: ұзындықты, массаны, көлемді (сыйымдылықты) салыстыру. Шамалар мәндерін: ұзындықты, массаны, көлемді (сыйымдылықты) түрлендіру. Монеталармен әрекеттер.


    3 сынып «Математика» пәнінің базалық мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады:


    • «Сандар мен шамалар»

    • Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер. 1000 көлемінде сандар. Тура және кері санау. Сандарды оқу, жазу және салыстыру.

    • Сандардың разрядтік және кластық құрамы. Разрядтік қосылғыштардың қосындысы. Мыңдық. Үлестер: оқу, жазу және салыстыру.

    • Сандарменамалдарорындау. Бөлшектер. Бөлшектерді салыстыру. Санның квадраты және кубы. 1 мен 0 –дің көбейту және бөлу қасиеті. Көбейтудің ауыстырымдылық , терімділік қасиеттері. 6; 7; 8; 9-ға көбейту және бөлу кестесі. Сандарды қосу және азайту. Қалдықпен бөлу.Кестеден тыс көбейту және бөлу. Қосынды мен көбейтіндіні санға бөлу. Қосындыны санға көбейту. Кестелік көбейту және бөлу. Санның үлесі, кері амал.

    • Шамалар және өлшем бірліктер. Палетка. Шамаларды өлшеу, салыстыру түрлендіру.Купюраларды ажырату және олармен әрекеттер жасау. Сағаттар түрлері. Уақытты анықтау.


    4 сынып «Математика» пәнінің базалық мазмұны оқыту бөлімдерінен тұрады:«Сандар мен шамалар»


    • Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер. Көптаңбалы сандар. Санның натурал сандар қатарында орны. Көптаңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру және дөңгелектеу. Көптаңбалы сандардың разрядтік және кластық құрамы. Разрядтік қосылғыштардың қосындысы. Миллион. Пайыз. Пайыз бүтіннің жүзден бір үлесі. Бөлшектерді салыстыру. Дұрыс және бұрыс бөлшектер, аралас сандар.

    • Сандармен амалдар орындау. Бөлшектерді қосу және азайту.Көптаңбалы сандарды қосу және азайту.Санды қосындыға көбейту, санды көбейтіндіге бөлу. 0, 100, 1000-ға бөлу. Көптаңбалы санды көбейту және бөлу. Көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау. Аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру. Пайызды бөлшекке, бөлшекті пайызға түрлендіру

    • Шамалар және өлшем бірліктер. Шамаларды өлшеу, салыстыру түрлендіру. Шетелдік және ұлттық валюта, олармен әрекеттер.


    написать администратору сайта