Главная страница
Навигация по странице:

  • Үлкен қыртысты эпидермофитиясы, немесе шап эпидермофитиясы. Қоздырғышы – Epidermpyton inguinale Saboraud (E. bloccosum) саңырауқұлақ.

  • Клиникасы және ағымы.

  • Диагностика: Микроскопиялық әдісБакпосевДиф диагностика

  • Нау_ас д_рігерге б_ртпеге ша_ымданып келді. Сізді_ болжамы диагн. Науас дрігерге бртпеге шаымданып келді. Сізді болжамы диагноз


    Скачать 15.41 Kb.
    НазваниеНауас дрігерге бртпеге шаымданып келді. Сізді болжамы диагноз
    Дата02.03.2022
    Размер15.41 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаНау_ас д_рігерге б_ртпеге ша_ымданып келді. Сізді_ болжамы диагн.docx
    ТипДокументы
    #380627

    БИЛЕТ № 15

    Науқас дәрігерге бөртпеге шағымданып келді.

    Сіздің болжамы диагноз.

    Аурудың анықтамасы. Этиопатогенезі. Клиникалық түрлері. Симптоматикасы

    (зақым ошағының (-тардың) орналасуы, біріншілік және екіншілік

    морфологиялық элементтер/бөртпелер, патогномониялық клиникалық белгілері -

    симптомдар мен сынамалар (қойылған диагнозға сай). Диагностиксы.

    Дифференциалды диагностикасы. Жергілікті мен жүйелі емі. Дерттің алдын-алу,

    болжамы.

    Үлкен қыртысты эпидермофитиясы, немесе шап

    эпидермофитиясы. Қоздырғышы – Epidermpyton inguinale

    Saboraud (E. bloccosum) саңырауқұлақ. Жұқтыру моншаларда,

    ортақ бір ваннамен, жөкемен (мочалкамен) қолданғанда

    байқалады. Қоздырғыш адамға ортақ іш киімнен, клёенкадан,

    дәретсауыттан, термометрлерден, сүлгіден, губкадан жұғады.

    Спорт залдарында матрац пен спорттық құрал-жабдықтардан

    жұғады.

    Шап-бөксе және қолтық асты қыртыстарының шамадан тыс

    тершеңділігі, әсіресе қант диабетімен ауыратын және семіз

    адамдарда ауруға алып келеді. Жиі ересек адамдар, балалар мен

    жасөспірімдер сирек ауырады.

    Клиникасы және ағымы. Зақымдалған ошақтар бөксе-ұма

    қыртыстарында, бөксенің ішкі беткейінде, қасағада, қолтық асты

    шұңқырларында орналасады. Кейде кеуде терісінде, іште (тері

    қыртыстарының арасында) әйел адамдарда сүт бездерінің

    астыңғы терісінде патологиялық процесс жайылады. Бастапқыда

    қабынған қызыл қабыршақты 1 см дейін дақтар пайда болады.

    Олардың шетке қарай өсуінің нәтижесінде беткейі

    гиперимияланған, мацерацияланған және жиегі ісініп көтерілген,

    кейде көпіршектермен, қабықтармен немесе қабыршақтармен

    жабылған овал тәріздес ірі ошақтар түзіледі.

    Кейіннен ошақтар бір-бірімен бірігіп, жайылған, зақымдалған

    ошақ «географиялық» 10 см-ге дейін немесе одан үлкен сызба

    көрінісін береді (44-сурет). Олар ошақтардың ортасы біртіндеп

    бозғылттанып, аздап ішіне қарай тартылады. Жиектерінде

    сылынған мацерацияланған

    эпидермистен тұратын жиегі

    (бордюр) болады. Науқастарды

    жеңіл қышу мазалайды. Өршу

    кезінде ұлғая түседі. Ауру

    бастапқыда, әдетте жедел, кейін

    созылмалы ағымға ауысып,

    кезеңдік өршулермен (әсіресе

    жылдың ыстық кезінде және қатты

    терлеген кезде) айлап-жылдап

    созылуы мүмкін.

    Бұрын авторлар экземаның

    клиникасына ұқсас болғандықтан,

    бұл ауруды «көмкерілген экзема» деп атаған.

    Диагностика:

    Микроскопиялық әдіс

    Бакпосев

    Диф диагностика

    Ажырату диагнозын тырнақтың жарақаттық зақымдалуымен, псориазбен, экземамен, қызыл тегіс теміреткімен, Рейтер ауруымен, онихопатиялармен; аяқ-қол бастарында байқалса – экземамен, туа болған гиперкератозбен жүргізеді.

    Емі. Кетоконазол, клотримазол, оксиконазол, тербинафин,

    эконазол, циклопирокс кремдері және т.б тәулігіне 2 рет 1-5 апта

    бойына қолданылады. Жедел қабынулар құбылыстарында

    құрамында саңырауқұлаққа қарсы және кортикостероидты

    препараттар микозолон, травокорт және т.б. қолданылады.

    44-сурет. Шаптық

    эпидермофития

    Профилактикасы. Жеке гигиенаны сақтау, тершеңдікті жою,

    іш киім және киімдерді дезинфекциялау ережелерін сақтау.


    написать администратору сайта