Главная страница
Навигация по странице:

  • Тренировочные тесты НОК по ПВБ СД КАЗ-1

  • МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ НУО КАЗАХСТАНСКО -РОССИЙСКИЙ ВЫСШИЙ МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ

  • +в. шағымдар жинағы

  • ЭКЗАМЕН%20ПРОПЕДЕВТИКА. Название Нуо казахстанско российский высший медицинский колледж


    Скачать 45.8 Kb.
    НазваниеНазвание Нуо казахстанско российский высший медицинский колледж
    Дата24.06.2021
    Размер45.8 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЭКЗАМЕН%20ПРОПЕДЕВТИКА.docx
    ТипДокументы
    #220961


     Скачать 62.98 Kb.

    Название

    Нуо казахстанско российский высший медицинский колледж

    Дата

    10.04.2021

    Размер

    62.98 Kb.

    Формат файла



    Имя файла

    Тренировочные тесты НОК по ПВБ СД КАЗ-1.docx

    Тип

    Документы
    #193180







     С этим файлом связано 1 файл(ов). Среди них: ТЕСТ НОК.docx.
     Показать все связанные файлы



    Подборка по базе: ДОГОВОР 2 Медицинский.docx, Совершенствование социально-экономических отношений казахстанско, Терминологический медицинский словарь.pdf, Карагандинский государственный медицинский университет.docx, Отчет КГКП Медицинский колледж г.Балхаш.pptx, 2 медицинский, ПЕДИАТРИЯ, ссылки преподавателей для групп.doc, Крок-1 I-IV Медицинский ф-т.docx, Федеральное государственное автономное образовательное учреждени, Карагандинский Медицинский Университет.pptx, В данном тексте российский писатель.docx





    МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
    НУО КАЗАХСТАНСКО -РОССИЙСКИЙ ВЫСШИЙ МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ






    Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен

    бітірушілердің дайындығына арналған тест тапсырмаларына

    Мамандық: 0302000 «Мейіргер ісі»

    Біліктілігі: 0302033 « Жалпы практика мейіргері»

    Алматы 2021 ж.

    1.Төмендегі әдістердің қайсысы субъективті тексеруге жатады:

    а. антропометрия

    б. дене температурасын өлшеу

    +в. шағымдар жинағы

    г. жалпы жағдайды анықтау

    д. пальпация

    2.Объективті тексеру басталады:
    +а. жалпы қараудан
    б. қан қысымын өлшеуден
    в. өкпенің перкуссиясынан
    г. жүрек аускультациясынан
    д. іштің терең пальпациясынан

    3. Берілген әдістердің ішінен объективті тексеруді таңдаңыз:

    а. науқастың өмір анамнезін жинау

    б. шағымдарды жинау

    +в.аускультация

    г. ауру анамнезі

    д.жалпы қан анализін алу

    4.Сау өкпеге перкуссия жасаған кезде естілетін дыбыс:
    +а. айқын өкпе дыбысы
    б. тимпаникалық дыбыс
    в. тұйық дыбыс
    г. тұйықталған-тимпаникалық дыбыс
    д. қорапты дыбыс.

    5.Өкпеде қорапты дыбыс естіледі:
    а. өкпе тіні тығыздалғанда
    +б. өкпе тінінде ауаның шамадан тыс жиналуы
    в. өкпе ісінуінде
    г. қабыну процессінде
    д.бронхоспазмда.

    6.Қалыпты жағдайда өкпе аускультациясында естіледі:
    а. амфорикалық тыныс
    б. үзілісті тыныс
    +в. везикулярлы тыныс
    г. қатты тыныс
    д. бронхиалды тыныс

    7.Ауа көпіршікті қақырықтан, қаннан, ісіну сұйықтығынан өткен кезде пайда болады:

    +а. ылғалды сырылдар
    б. құрғақ ысқырықты сырылдар
    в.құрғақ ызылдаған сырылдар
    г. құрғақ дыбыстық сырылдар
    д. крепитация

    8. Өкпенің аускультациясы кезінде естілетін патологиялық шулар:
    +а. крепитация, плевраның үйкелісі
    б. везикулярлы, бронхиалды
    в. құрсақтық, кеуделік
    г. үстірт, терең
    д. систолалық , диастолалық

    9. Тыныс жолдары арқылы ауа өткенде бронх қабырғаларындағы тұтқыр, қою қақырықтың талшықтары тербеліске түсуінен пайда болады:
    +а. құрғақ сырылдар
    б. ұсақ көпіршікті сырылдар
    в. орташа көпіршікті сырылдар
    г. ірі көпіршікті сырылдар
    д. плевраның үйкеліс шуы

    10. Крепитация - бұл патологиялық дыбыс, пайда болады:
    а. тыныс шығару кезінде альвеолалардың қабырғалары жабысуынан
    б. бронх арқылы ауа өткенде
    +в. тыныс алу биіктігінде альвеола қабырғаларының ажырауынан
    г. плевраның үйкеліс шуынан
    д. талшықтардың тербелмелі созылуынан

    11. Плевраға фибрин талшықтарының жабысуы кезінде естіледі:
    +а. плевраның үйкеліс шуы
    б. крепитация
    в. бронхиалды тыныс
    г. құрғақ сырылдар
    д. ылғалды сырылдар.

    12. Қалыпты жағдайда төсмаңы сызығы бойынша оң жақ өкпенің төменгі шекарасы орналасады:
    а. 7 қабырға
    б. 6 қабырға
    +в. 5 қабырғааралық
    г. 8 қабырғааралық
    д. 9 қабырғааралық

    13. Төменде келтірілген шағымдар жүрек-қантамыр жүйесі ауруларына тән:
    +а. жүрек аймағындағы ауырсыну, жүрек қағысы
    б. сарғаю, сыра түсті несеп
    в. кекіру, жиі сұйық нәжіс
    г. іріңді қақырықты жөтел, ентігу
    д. полиурия, полидипсия

    14. Жүректің оң жақ салыстырмалы тұйықтық шекарасы орналасады:
    а. оң жақ стернальды сызықта
    +б. оң жақ стернальды сызықтан 1 см сыртқа қарай
    в. оң жақ стернальды сызықтан 1 см ішке қарай

    г. оң жақ стернальды сызығынан 1,5 см сыртқа қарай
    д. оң жақ стернальды сызықтан 2 см ішке қарай

    15.Митралды қақпақша тыңдалады:

    +а. жүрек ұшы түрткісі аймағында

    б. төстің оң жақ шеті II қабырға аралығында

    в. төстің сол жақ шеті II қабырға аралығында;

    г. семсер тәрізді өсіндісі негізінде

    д. Боткин-Эрба нүктесінде.

    16.Жүректі зерттеу әдісі:

    а. бронхоскопия

    +б. электрокардиография

    в. ирригоскопия

    г. цистоскопия

    д. ультрадыбыстық зерттеу.

    17.Систолалық қысымның қалыпты көрсеткіші (мм сн.бағ):

    а. 80-89

    +б. 100-139

    в. 165-179

    г. 145-159

    д. 185-195

    18.Диастолалық қысымның қалыпты көрсеткіші (мм сн.бағ):

    а. 40-49

    б. 100-139

    +в. 60-89

    г. 100-149

    д. 110-159

    19.Артериалды қысым 170/100 мм.сн.бағ – бұл:

    а. қалыпты қысым;

    б. артериалды қысымның төмендеуі

    +в. артериалды қысымның жоғарлауы

    г. жүрекішілік қысым

    д. пульстік қысым

    20.Аяқтардың ісінуі, асцит, бауырдың үлкеюі симптомдары тән:

    +а. оң жақ қарынша жетіспеушілігіне

    б. сол жақ қарынша жетіспеушілігіне

    в. қолқаның жетіспеушілігіне

    г. митралды қақпақшаның тарылуына

    д. үш жармалы қақпақшаның тарылуына

    21.Ентігу, тұншығу, жөтел, қан қақыру симптомдары тән:

    а. оң жақ қарынша жетіспеушілігіне

    +б. сол жақ қарынша жетіспеушілігіне

    в. қолқа жетіспеушілігіне

    г. митралды қақпақша тарылуына

    д. үш жармалы қақпақша тарылуына

    22. Кіші қан айналым шеңберіндегі қан іркілуінің симптомдары:

    +а. ентігу, жөтел, қан қақыру

    б. асцит, аяқтардың ісінуі, бауырдың үлкеюі

    в. іш қату, терінің құрғақтығы, дене қызуының төмендеуі

    г. тахикардия, төс артындағы ауырсыну, ентігу

    д. шөлдеу, тәбеттің күшеюі, полиурия

    23.Үлкен қан айналым шеңберіндегі қан іркілуінің симптомдары:

    а. бас айналуы, көз алдының қарауытуы, лоқсу

    +б. асцит, аяқтардың ісінуі, бауырдың үлкеюі

    в. тұншығу, жөтел, қан қақыру

    г. полиурия, никтурия, гипостенурия

    д. акроцианоз, жөтел, ентігу

    24.Эзофагогастродуоденоскопия – бұл зерттеу:

    а. бронхтарды, трахеяны, өкпені

    +б. өңешті, асқазан және 12 елі ішекті

    в. өт қапшығын, өт түтігін, Одди сфинктерін

    г. сигма тәрізді, соқыр, тоқ ішектің өрлеме бөлігін

    д. несеп ағарды, бүйрек астауын, қуықты

    25.Колоноскопия – бұл зерттеу:

    а. өт қапшығын

    б. аш ішекті

    +в. тоқ ішекті

    г. 12 елі ішекті

    д. асқазанды

    26.Асқазаннан және ішектің жоғары бөліктерінен қан кеткен кезде нәжіс:

    а. алқызыл қан араласқан

    +б. қара түсті

    в. ашық түсті

    г. кофе сұйықтығы түсті

    д. түссіз

    27.Асқазан аурулары кезіндегі ауырсыну орналасады:

    а. кіндік айналасында

    +б. эпигастрий аймағында

    в. оң жақ мықын аймағында

    г. сол жақ мықын аймағында

    д. оң жақ қабырға астында

    28.Дисфагия синдромына тән симптомдар:

    +а. жұтыну кезінде тамақ түйірінің тұрып қалу сезімі, ауыру

    б. тәбеттің төмендеуі, сұйық нәжіс

    в. қыжыл, эпигастриядағы ауырсыну

    г. кекіру, метеоризм

    д. лоқсу, құсу

    29.Тілдегі күйдіру сезімі мазалайды:

    а. жедел лейкозда

    б. гемолитикалық анемияда

    в. теміртапшылығы анемиясында

    г. асқазан жара ауруында

    +д. В12-тапшылық анемиясында

    30.Лимонды реңмен сарғаю тән:

    +а. гемолитикалық сарғаюға

    б. механикалық сарғаюға

    в. паренхиматозды сарғаюға

    г. экзогенді сарғаюға

    д. кардиальды бауыр циррозына

    31.Қандағы жалпы билирубиннің мөлшері( мкмоль/л):

    +а. 8,5-20,5

    б. 30-40,5

    в. 60-70

    г. 35-50

    д. 4,5-10,2

    32.Ортнер және Мюсси симптомдары мына мүше ауруына тән:

    а. бүйрек

    +б. өт қапшығы

    в ұйқы безі

    г. асқазан

    д.12 елі ішек

    33.Гепатомегалия – бұл:

    +а. бауырдың үлкеюі

    б. көк бауырдың үлкеюі

    в. бауырдың кішіреюі

    г.көк бауырдың кішіреюі

    д. асқазанның үлкеюі
    34.Іштің терең пальпациясында бимануальды әдісті қолданғанда сезіледі:

    а. сигма тәрізді ішек

    б.соқыр ішек

    +в. көлденең жуан ішек

    г. тоқ ішектің өрлеме бөлігі

    д. тік ішек

    35. Курлов бойынша оң жақ бұғана орта сызығында бауырдың өлшемі:

    +а. 9-10 см

    б. 13-14 см

    в. 5-6 см

    г. 7-8 см

    д. 12-13 см,,,,,,,,,

    36.Іштің жоғары бөлігіндегі белдемелі ауырсыну,стеаторея тән:

    а.гепатит

    б.дуоденит

    +в.панкреатит

    г.пиелонефрит

    д.гастрит

    37.Панкреатитте деңгейі жоғарылайды:

    а. холестерин, билирубиннің

    +б. амилаза, трипсиннің

    в. креатинин, несепнәрдің

    г. тироксин, трийодтирониннің

    д.жалпы белок, холестериннің

    38.Қалыпты су режимінде тәуліктік диурездің 3000 мл-ге және одан да көп бөлінуі -бұл:

    +а. полиурия

    б. олигурия

    в. поллакиурия

    г. анурия

    д. никтурия

    39. Нечипоренко бойынша 1 мл зәрдегі эритроциттердің қалыпты мөлшері:

    а. 2000

    +б. 1000

    в. 3000

    г. 4000

    д.5000.

    40.Бүйрек пен зәр шығару жүйесін зерттеу әдісі:

    а. ирригоскопия

    б. колоноскопия

    +в. экскреторлы урография

    г. холецистография

    д. панкреатография

    41. Зәрдің Зимницкий анализі бағалауға мүмкіндік береді:

    +а. бүйректің концентрациялық қызметін

    б. несеп жолдарының өткізгіштігін

    в. зәрдегі қант мөлшерін

    г. қуық жағдайын

    д. зәрдегі бактерияларды

    42.Протеинурия – бұл зәрде болуы:

    а. қанттың

    б. эритроциттердің

    +в. ақуыздың

    г. лейкоциттердің

    д. бактериялардың

    43. . «Ет жуындысы» түстес зәр мына элементтің жоғарылауымен сипатталады:

    а. ақуыз

    б. бактериялар

    в. лейкоциттер

    +г. эритроциттер

    д. эпителий

    44. Бүйрек шаншуы сипмтомы дамиды:

    а. пиелонефритте

    б. циститте

    +в. несеп тас ауруы кезінде

    г. бүйректің төмен түсуінде

    д. гломерулонефритте

    45.Несеп бөлінуінің болмауы:

    + а. анурия

    б. полиурия

    в. дизурия

    г. никтурия

    д. эритроцитурия

    46.ЭКГ – да тіркеледі:

    а.систола және диастолада ұлпалардың қанға толуы

    +б.жүрек жұмысы кезінде пайда болатын биопотенциалдар

    в.жүрек камераларындағы қан қысымының ауытқуы

    г.коронарлық қан ағу жылдамдығының өзгеруі

    д.функциональды шуылдар

    47.Қанның құйылуы, қан кету бұзылысын көрсетеді:

    а. бүйрек қызметінің

    +б. қан ұю жүйесінің

    в. ас қорыту

    г. тыныс алу

    д. бөліну қызметінің
    48.Қандағы эритроциттер пен гемоглобиннің төмендеуінен болмайды:

    +а. қан кету

    б. анемия

    в. гипоксия

    г. гиперкапния

    д. гипохромия

    49.Қандағы қай элементтің төмендеуі қан кетуге алып келеді:

    а. эритроциттердің

    +б. тромбоциттердің

    в. лейкоциттердің

    г. базофилдердің

    д. эозинофилдердің.

    50. Қанның көлемдік бірлігінде пішіндік элементтердің санын анықтайтын қан анализі:

    +а. жалпы

    б. биохимиялық

    в. бактериологиялық

    г. гистологиялық

    д. иммунологиялық

    51.Қандағы ферменттерді анықтайтын қан анализі:

    а. жалпы

    +б. биохимиялық

    в. бактериологиялық

    г. гистологиялық

    д. иммунологиялық

    52. Қан түзу жүйесін зерттеу әдісі:

    +а. сүйек миы пункциясы

    б. плевральды пункция

    в. абдоминальды пункция

    г. венепункция

    д.жұлын миы пункциясы

    53. Шөлдеу, тәбеттің жоғарлауы, полиурия симптомдары тән ауру:

    +а. қант диабеті

    б. микседема

    в. диффузды токсикалық зоб

    г. Аддисон ауруы

    д. семіздік

    54.Үштік симптом -мойынның ұлғаюы, экзофтальм,тахикардия тән ауру:

    +а. диффузды токсикалық зоб

    б. қант диабеті

    в. микседема

    г. Аддисон ауруы

    д. семіздік

    55.Анамнез жинау науқасты тексерудің қандай әдісіне жатады:

    а. лабораториялық

    +б.субъективті

    в. физикалық

    г. аспаптық

    д. объективті

    56.Объективті тексеру әдісіне жатпайды:

    а. пальпация

    б. қарау

    в. аускультация

    г. перкуссия

    +д. сұрастыру

    57. Жүрекке перкуссия жүргізу мақсатында анықталады:

    а. жүрек ұшы түрткісін

    +б. жүрек шекарасы

    в. жүрек дөңесі

    г.жүрек тондары мен шуылдары

    д. жүректің тамырлар шоғыры

    58.Бүйрек ісінуіне тән орналасу:

    +а. бетте

    б. аяқта

    в. бел аймағында

    г. мойында

    д. қол

    59.Өт қапшығын рентгенологиялық зерртеу әдісі:

    а.урография

    б. жалпы рентгенография

    +в. холецистография

    г. флюорография

    д. ирригоскопия

    60.Қалыпты жағдайда пульс жиілігі:

    а.минутына 40-50 рет

    б. минутына 50-60 рет

    +в. минутына 60-80 рет

    г. минутына 90-100 рет

    д. минутына 130-150 рет

    61.Науқаста миокард инфарктсын анықтауға болатын аспаптық тексеру:

    а. ЭФГДС

    б. ректоромоноскопия

    +в.ЭКГ

    г.УДЗ

    д. спирография

    62.Плевраның үйкеліс шуылы пайда болады:+

    +а. плевра жапырақшаларында фибриннің шөгуінен

    б. альвеолалар қабырғасының созылуынаг

    в.плевра қуысында трассудаттың пайда болуынан

    г.бронх қуысында қақырықтың болуынан

    д.бронхтардың спазмынан

    63.Жиілеген , терең және шулы тыныс аталады:

    а. Чейн-Стокс

    +б. Куссмауля

    в. Биота

    г. Грокко

    д. бронхиальды

    64.Амфорикалық тыныс естіледі:

    +а.өкпе абсцессінде

    б.өкпе эмфиземасында

    в.крупозды пневмонияда

    г.созылмалы бронхитте

    д.құрғақ плевритте

    65. Салыстырмалы перкуссия анықтауға мүмкіндік береді:

    а. алдынан өкпе ұшының биіктігін

    б. өкпенің төменгі жиегінің қозғалысын

    в. Крениг кеңістігін

    +г. өкпедегі патологиялық өзгерістерді

    д. өкпенің төменгі шекарасын

    66.Өкпе эмфиземасындағы кеуде клеткасының пішіні:

    +а.бөшке тәрізді

    б.паралитикалық

    в.рахиттік

    г.ойпатты

    д.науа тәрізді

    67.Өкпе эмфиземасына тән перкуторлық дыбыс:

    а.тимпаникалық

    б.анық өкпелік

    в.тұйықталған

    +г.қораптық

    д.тұйық

    68.Өкпе эмфиземасында тыныстың өзгеруі:

    а.бронхиальді

    б.везикулярлы

    +в.әлсіз везикулярлы

    г.қатты

    д.амфорикалық

    69.Үлкен қан айналым шеңберіндегі қан іркілісіне тән:

    а. көкбауырдың ұлғаюы

    +б.бауырдың ұлғаюы

    в. терінің бозаруы

    г.тұншығу ұстамасы

    д.қан қақыру

    70.Негізгі ауру жаңа аурудың пайда болуына әкелсе, ол:

    а. рецидив

    б.ремиссия

    +в. асқыну

    г.реконвалесценция

    д.жазылу

    71.Өкпе тінінің ошақты тығыздану синдромы

    +а. өкпеде дәнекер тіннің өсуі

    б.альвеолалардың қанға толуы

    в. альвеолалардың қабыну экссудатына толуы

    г.өкпеде ісік тіндерінің өсуі

    д.бөгде дененің болуы

    72.Бронхтардың обструкциялық синдромы, бұл:

    а. плевра қуысында ауаның жиналуы

    б.өкпе тіні желденуінің жоғалуы

    +в. бронх өткізгіштігінің бұзылуы

    г.плевра қуысына сұйықтық жиналу

    д.өкпеде қуыстың пайда болуы

    73.Тыныс жетіспеушілігінің бірінші дәрежесінің белгісі:

    +а. ауыр физикалық күш түскенде ентігудің пайда болуы

    б. тыныштықта ентігудің пайда болуы

    в. цианоз

    г.крепитация

    д.ортопноэ

    74.Бауыр ауруларында оң жақ қабырға астындағы сыздап ауырудың себебі;

    а. өт қабы тегіс бұлшық етінің спазмы

    б. бауыр жасушаларының некрозы

    в. өт жолдарының таспен бітеліп керілуі

    +г.глиссон капсуласының керілуі

    д.өт жолдарының дискинезиясы

    75.Мойын көк тамырларының білеуленіп ісіну симптомы тән:

    +а. оң жақ қарынша қызметі жетіспеушілігіне

    б. сол жақ қарынша қызметі жетіспеушілігіне

    в. қан тамырлар қызметі жетіспеушілігіне

    г.гипертония ауруына

    д.аорта қызметі жетіспеушілігі

    76. Жүрек патологиясында естіледі:

    +а. шулар

    б. амфорикалық тыныс

    в. везикулярлы тыныс

    г.бронхиальды тыныс

    д.крепитация

    77. Функциональды дисфагияда жұту қиындайды:

    а. қатты тамақты

    +б. сұйық тамақты

    в. ыстық тамақты

    г.суық тамақты

    д.кез келген тамақты

    78.Асқазаннан қан кетудің симптомы:

    а. алқызыл түсті қан араласқан нәжіс

    б .қыжылдау

    +в. мелена

    г. АҚҚ көтерілуі

    д. метеоризм

    79.Ирригоскопия, бұл әдіс:

    а. эндоскопиялық

    +б. рентгенологиялық

    в. зертханалық

    г. ультрадыбыстық

    д. иммунологиялық

    80. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінде байқалады:

    а. ишурия, іштің ауыруы

    б. бастың ауыруы , АҚҚ төмендеуі

    +в. жүрек айну, құсу

    г. полиурия, протеинурия

    д. никтурия, пиурия

    81.Азот қалдықтары-бұл:

    а. альбумин, глобулиндер

    +в. креатинин, мочевина

    г. глюкоза, амилаза

    д. бактериялар, вирустар

    82.Қалқанша безі аурулары диагностикасында маңызды:

    а. жалпы қан анализі

    б. жалпы зәр анализі

    +в. ультрадыбыстық зерттеу

    г. рентгенологиялық зерттеу

    д. эндоскопиялық зерттеу

    83. «Географиялық тіл»- бұл патология белгісі:

    +а. асқазан- ішек жолдарының

    б. қан түзу жүйесінің

    в. жүрек -қан тамыр жүйесінің

    г. зәр шығару жүйесін

    д. эндокриндік жүйенің

    84.Ахилияда асқазан сөлінде болмайды :

    а. сүт қышқылы

    б. тұз қышқылы

    в.пепсин

    +г.пепсин және тұз қышқылы

    д. эпителий

    б. қан түзу жүйесінің

    в. жүрек -қан тамыр жүйесінің

    г. зәр шығару жүйесін

    д. эндокриндік жүйенің

    84.Ахилияда асқазан сөлінде болмайды :

    а. сүт қышқылы

    б. тұз қышқылы

    в.пепсин

    +г.пепсин және тұз қышқылы

    д. эпителий

    85.Қандай қақырық қабаттарға бөлінеді:

    +а. іріңді

    б. шырышты

    в.қан аралас

    г.әйнек тәрізді

    д. сірлі

    86.ЭКГда оң қолға қойылатын электродтың түсі:

    а. сары

    б. жасыл

    +в. қызыл

    г.қара

    д. түссіз

    87.Эндоскопиялық зерттеу әдісі қолданылмайтын мүше:

    а. бронхтар

    б. ішектер

    в. қуық

    +г.қалқанша безі

    д. өңеш

    88.Жүрек қақпақшаларының жағдайын көрсететін зерттеу:

    а. рентгенологиялық

    б. эндоскопиялық

    +в. ультрадыбыстық

    г.ЭКГ

    д. фонокардиография

    89.Қанда және зәрде амилаза белсенділігі жоғарлайды:

    +а. панкреатитте

    б. гепатитте

    в. тиреотоксикозда

    г.қант диабетінде

    д. гастритте

    90.Ылғалды сырылдардың пайда болу механизмі:

    а. альвеола қабырғаларының қозғалысы

    б. брохтардың тарылуы

    в. бронхта жабысқақ кілегейлі шырыштың болуы

    г. альвеола қабырғаларының жабысуы

    +д. сұйық секрет арқылы ауа өткенде көпіршіктердің жарылуы

    91.Паренхиматозды сарғаюда зәр түсінің қоңырлану себебі:


    а.билирубиннің глюкурон қышқылымен байланысының бұзылуы

    +б.зәрде билирубиннің көбеюі

    в. зәрде уробилиннің көбеюі

    г.эритроциттер гемолизінің жоғарлауы

    д. зәрде лейкоциттердің көбеюі

    92. Қант диабетіне қандай клиникалық көрініс тән:

    а. қалқанша безінің ұлғаюы

    б.АҚҚ төмендеуі

    +в.ретинопатия

    г.тырысулар

    д.төменгі жақ сүйегінің үлкен болуы

    93.Зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі қалай аталады:

    а. ишурия

    б.гипостенурия

    в.протеинурия

    +г.изостенурия

    д. дизурия

    94.Лейкозда қан анализінде байқалады:

    +а. ЭТЖ жоғарлаған, бласты клеткалар

    б.эритроцитоз, ЭТЖ жоғарлаған

    в. тромбоцитоз, лейкопения

    г. эритроцитоз, тромбоцитоз

    д. лейкоцитоз, тромбоцитопения

    95.Зимницкий сынамасында зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1009-1011 арасында, бұл:

    а. анурия

    +б.гипоизостенурия

    в.полиурия

    г.протеинурия

    д. олигурия

    96.Жасырын ісіктің белгісі:

    а. гидроторакс

    б.гидроперикард

    в.асцит

    г.анасарка

    +д.дене салмағының өсуі және тәуліктік диурездің азаюы

    97. Атеросклероз дамуының қауіп қатер факторы:

    +а. қанда холестерин деңгейінің жоғарлауы

    б. қанда холестерин деңгейінің төмендеуі

    в. қанда тромбоцит деңгейінің жоғарлауы
    98.Диабеттік комада тері жабындысы:

    а. ылғалды

    б.қызарған

    в.сарғайған

    +г.құрғақ

    д.ыстық

    99.Уремиялық комада ауада сезілетін иіс:

    +а. аммиак

    б. арақ

    в.ацетон

    г.шіріген жұмыртқа

    д. зәр

    100.Гипофиз патологиясын анықтау үшін жүргізіледі:

    а. антропометрия

    б.жалпы қан анализі

    в.жалпы зәр анализі

    +г.бас сүйегінің рентгенографиясы

    д.ультрадыбыстық зерттеу


    написать администратору сайта