генетика. мнездеме. ндірістік істжірибе барысында байаланы Идрисов Бекзатты болашаы зор
Скачать 15.03 Kb.
|
“Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті”жаратылыстану факультетінің 5В012600 “математика-физика” мамандығының 4-курс МФК-81 топ студенті Идрисов Бекзат Галиаскарович МІНЕЗДЕМЕ Илрисов Бекзат 2022 жылдың қаңтардың 30-нан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының "Кішкенекөл №1 орта мектебі" КММ -де өндірістік іс-тәжірибеден өтіп жатыр Өндірістік іс-тәжірибе барысында машықкер Бекзатқа 7-9 сыныптар аралығында математика және физика пәнінен сабақ беру және 7 «А» сыныбына сынып жетекшілік міндеттері жүктелді. Сабаққа өзі жасап әкелген көрнекіліктерді тиімді пайдалана алды. Сабақ беру барысында машықкер сабақ жоспарын құруға, критерийлер бойынша тапсырмаларды құруға, оқушыларды бағалау әдістерін қолдануды үйреніп, тәжірибе жинақтады. Идрисов Бекзат өзін мұғалім тұлғасына сай, оқушылар алдында өзін еркін, сенімді ұстап, өз білімін оқушыларға бере ала біледі..Сабақты өткізу барысында өзінің ұйымдастырушылық қабілетін көрсетіп, мұғалім тұлғасына сай көрсете алды. Сынды жақсы қабылдайды, оны жою жолдарын қарастыра біледі. Тапсырылған жұмыстарды уақытында, сапалы, тиянақты орындайды. Бекзат тек пән мұғалімі мен сынып жетекшісі ғана емес, барлық мектеп қызметкерлерімен жақсы тіл табыса білді. Өндірістік іс-тәжірибе барысында байқалғаны – Идрисов Бекзаттың болашағы зор. Мектеп директоры_____ Балтабаев.М.Ж Пән мұғалімі_____Жунусова Р.Ж Мектеп әдіскер______ |