Главная страница
Навигация по странице:

  • Небулайзердің артықшылығы

  • Небулайзер көмегімен дәрілік затты ингаляциялық енгізу Мақсаты

  • Қолдану көрсетілімдері: т

  • Іс-әрекет алгоритмі

  • небулайзер. Небулайзер кмегімен дрілік затты ингаляциялы енгізу Масаты


    Скачать 15.5 Kb.
    НазваниеНебулайзер кмегімен дрілік затты ингаляциялы енгізу Масаты
    Дата01.08.2022
    Размер15.5 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файланебулайзер.docx
    ТипДокументы
    #639118


    Бронх демікпесі және бронхтардың созылмалы обструкциясын емдеу үшін небулайзерлер қолданылады. Небулайзер – ерітінді түріндегі дәрілік затты аэрозоль түріне өзгертіп ауамен немесе оттегімен дәріні бронхтарға жеткізуге арналған аппарат. Дәрінің аэрозоль түріне өзгеруі небулайзердің компрессоры арқылы қысылған ауа көмегімен жүзеге асады. Аэрозолмен дем алу үшін мүштік немесе бетперде қолданылады.

    Небулайзердің артықшылығы:

    • белгілі бір уақыт аралығында дәрілік затты үздіксіз енгізу мүмкіндігі;

    • аэрозольдің дем алумен бірге енгізудің қажет болмауы, сондықтан ол балаларды және қарттарды емдеуде кеңінен қолданылады;

    • препараттың жоғары дозасын минималді кері әсермен қолдану мүмкіндігі.

    Небулайзер көмегімен дәрілік затты ингаляциялық енгізу

    Мақсаты: емдік және оқулық, пациентке небулайзер көмегімен дәріні тыныс жолдары арқылы енгізуді үйрету.

    Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу жүйесі ауруларында дәрігердің тағайындауы бойынша.

    Дайындаңыз: небулайзерді, дәрілік затты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (Ф-004 1/у), құм сағаты немесе таймерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Дәрілік заттың атауын, концентрациясын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін, дәрігердің тағайындаған дәріге сәйкестігін тексеріңіз (Небулайзер көмегімен енгізілетін бронхтарды кеңейтетін дәрілік заттар: беродуал, сальбутамол, беротек т.б. қолданылады).

    2. Небулайзер жұмысын тіркелген нұсқауларға сәйкес тексеріңіз.

    3. Пациентке емшара мақсатын, орындалу прициптерін түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

    4. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, құрғатыңыз.

    5. Емшара кезінде пациентке тыныс алуды үйретіңіз. Аэрозоль қаншалықты терең енгізілсе, емдік әсері соншалық тиімді болады.

    6. Небулайзер камерасын дәрілік затпен толтырыңыз (алдын ала стаканда қажет концентрацияға дейін физиологиялық ерітіндімен араластырылған).

    7. Пациентті отырғызып ыңғайлы қалып беріңіз.

    8. Пациент небулайзер мүштігін ауызына енгізеді, тыныс алып, жай мұрын арқылы тынысын шығарады.

    9. Аппаратты дәрілік затты шашырату және енгізу үшін қосыңыз. Пациенттің жалпы жағдайын бақылаңыз.

    10. Емшара уақытын есепке алыңыз, құмсағат немесе таймерді қосыңыз.

    11. Емшара уақыты аяқталғаннан соң аппаратты өшіріңіз.

    12. Небулайзер мүштігін дез.ерітіндіге толығымен батырыңыз, дәрілер араластырылған стаканды жуыңыз.

    13. Қолды жуып құрғатыңыз.

    14. Жүргізілген емшара туралы медициналық құжаттарды толтырыңыз.


    написать администратору сайта