Негізгі орта білім
Скачать 28.51 Kb.
|
Қайырлы күн, білім алушы! Мамандығы: 0111000-"Негізгі орта білім " Тобы: ШТ-Д-18к Пәні: Философия негіздері Уақыты: 01.02.2021жыл Пән оқытушысы: Жұмаділдаева Б. Е Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:Антик философиясы. АНТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ «Antiquus» деген латин сөзi “ежелгi” деген мағына бередi. Антикалық философия дегенде ежелгi Қытай, Үндi философиясы емес, тек ежелгi Рим және Грек философиясын айтады. Антикалық философия б.з.д. VII ғ. соңында VI ғ. басында пайда болып, б.з. V ғ. өмiр сүрдi, құл иленушiлiк қоғамдағы спецификалық жағдайдағы философиялық дәстүр пайда болды. Ежелгi гректер философияны данышпандық ойлармен байланыстырды. Әлемнiң қайнар көзi мен негiзi туралы бiлiмдi данышпандық деп атады, осыған сәйкес өткеннің, қазiргi және келешектiң мәнiн аңғару мәселесi қойылды. Бүкiл ғарыштың, табиғаттың мәнiн түсiнуге ұмтылу, ежелгi грек философиясына тән болды. Бұл әрекеттi мифология атқарды, ол сенiмге сүйенген табиғаттың дiнi болды. Сондықтан мифология мен философияның арасында маңызды айырмашылық көрiнедi: миф барлық тiршiлiктiң қалай туғанын әңгiмеледi, ал философия: “Ол неден пайда болды?”–деп сұрады. Әртүрлi дәуiрдiң философтары антикалық философиядан шығармашылық шабыт, рухтану көзiн тапты. Гректер «философия» терминiн енгізді, ал адам онда рухани белсендiк типiнiң ерекшелiгiн анықтады. Антикалық философия төмендегi кезеңдерге бөлiнедi Көне грек философиясы немесе архаизм (көне, ескi, атам заманғы) б.з.д. VI-V ғ. басындағы кез. Бұл кезеңдегi негiзгi мектептер: Милет мектебi (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен); Пифагор және пифагоршылар; Элеаттар (Парменид, Зенон); атомшылар (Левкипп, Демокрит). Бұл мектептерден тыс тұрған философтар – Гераклит, Эмпедокл және Анаксагор. Классикалық кезеңнiң негiзгi мектебi – софистер (Горгий, Гиппий, Протогор, т.б.). Алдымен бұларға қосылған, кейiн оларды сынаған Сократ, Платон, оның мектеп академиясы, Аристотель және лицей мектебi. Эллиндiк кез (б.з.д. IV-б.з.V ғ.). Бұл кезеңнiң негiзгi мектебi: Эпикур мен Эпикуршiлер ( Лукреций Кар), Стоиктер (Зенон, Луций Анней Сенека, Марк Аврелий); скептиктер (Пиррон, Секст Эмпирик); кинктер (Антисфен, Диоген Синопский); неоплатонизм (Плотин, Прокл, Янвлих). Антикалық философияның (даму кезеңiне тәуелсiз) негiзгi сипаты – ғарыштық логоцентризм. Логос – ежелгi философияның орталық ұғымы. Гректер ғарышты тәртiпке салынған және антикалық адамды да тәртiпке салынған әрі үйлесiмдi жүйелер деп көрсетедi. Адам бойындағы зұлымдық пен шалалық нақты бiлiмнiң жеткiлiксiздiгi ретiнде түсiндiрiледi және оны философия көмегiмен толықтыруға болатынына сенедi. Көне грек философиясының негiзгi тақырыбы – ғарыш, физика. Алғашқы грек философтарын – физиктер, ал философияны – натурфилософия деп атады. Осы кезеңде әлемнiң бастамасы жөніндегі мәселе қалыптасты. Элеаттардың философиясы бiрте-бiрте натурфилософиялық мотивтерден айырыла бастады. Ендi болмыс, оның құрлымы, ойлаудың басты тақырыбы болып қалды. Ертедегi антикалық философияның орталық мәселесi онтология болып, алғашқы ғылыми (мифологиялық емес) дүниеге көзқарастың жиынтығы жасалды. Көне грекияның атақты философы Фалестiң пiкiрiнше, барлық тiршiлiктiң негiзi – су. Ол буға айналады, бу ауаны құрайды, қарама-қарсы бағытта оларда өзгерiс жүредi, жер тiптi тас та осының нәтижесi. Әртүрлi, әр алуан әлемнiң сапалық жағдайының мәнi мен байланысының айырмашылығы – осыдан алғашқы орынға шығады. Фалес құдайды жоққа шығарады, бiрақ әлемдi түсiндiруде құдайға жүгiнедi. Оны сол кездегi ең батыл, таңқалдыратын тiрлiк иесi дедi. Фалес: Тiршiлiк мәнінің ең ежелгiсi – Құдай, өйткенi ол тумаған. Бәрiнен де әдемi – әлем, өйткенi оны құдай жасаған. Бәрiнен де данышпан уақыт, өйткенi ол бәрiн шешедi, – дейдi. Дүниедегi қиын не? – «Өзiңдi тану». Ең оңайы не?– «Басқа бiреуге кеңес беру». Бақытсыздықтан қай кезде құтыласыз? – «Жауыңа сенен де қиын болғанда» . Анаксимандр алуан түрлi табиғаттың негiзiнде әлдебiр белгiсiз және шексiз материя жатады деп ойлады, оны апейрон деп атады. Мiне, осы түсiнiк дүниенiң материалдық субстанциясын оның тереңiрек қарағанын көрсетедi. Анаксимен – материалист. Оның iлiмiнше барлық нәрсе бастапқы материядан – ауадан пайда болады және қайтадан соған айналады. Ауа қозғалыста, шексiз, мәңгiлiк зат. Ертедегi грек материалистерiнiң өзiне тән өзгешелiгi мен ең маңызды табысы стихиялық диалектика болды. Оны Гераклит дамытты. Эфестен шыққан Гераклит (б.з.д. 540-460 ж.) шындық дүниенiң өзгерiп отыратыны жайында аса ұлы пiкiр айтты: «Дүние дегенiң – аққан су», табиғаттың түп негiзi – от, ол әрдайым өзгередi. Ол қарама-қарсылықтың бiрлiгi мен күрес заңын ұсынды. Бұл заң диалектиканың негiзгi заңы: суық жылыға, жылы – суыққа айналады, дымқыл зат құрғайды, құрғақ нәрсе – дымқылданады. Бұлар осы қарама-қарсылар күресiнiң нәтижесi. Барлық әлем әр уақытта ұдайы қозғалыста және өзгерiсте болады. Бiр өзенге екi рет түсе алмайсың, қайтара түскенде онда жаңарған су болады. Қоршаған ортаның салыстырмалығын мойындаған: «Теңiз суы адам үшiн – кiр, балық үшiн – таза». Адам әр жағдайда әртүрлi жақсы да, жаман да амал жасайды. Табиғаттағы осындай қарама-қарсы және мәңгi болып тұратын байланысты ол жалпыға бiрдей «логос» заңдылығы деп атады. Демек, «логос» – әлемдiк ақыл-ой. Қоршаған ортаны сезiм арқылы тану дұрыс деп есептедi. Пифагор (б.з.д.584-500 ж.) ежелгi грек философы, әрі математигi. Бiрiншi бастама, тiршiлiктiң негiзi – сан деп есептеген. Барлық қоршаған шындықты таңбалап санға теңедi. «Санның арқасында өлшеуге және тануға да болады», – дейдi. Категорияларды бөлiп көрсету арқылы әлем бiрлiгiнiң диалектикасын (тақ пен жұп, жарық пен қараңғы, тура мен қисық, оң мен сол, әйел мен еркек, т.б.) көрсеттi. Бiрлiк барлық өте ұқсастықтың бөлiгi, ол иррационалдық сандар туралы ғылымның негiзiн қалап, математиканың дамуына елеулi үлес қосты. Оңтүстiк Италияда Пифагор одақ құрып сан мистикасы, сфералардың ғарыштық гармониясы iлiмдерiн таратты. Ол жанның өлмей көшетiнiне сендi, бұл кейiн неоплатонизмде қайтып жаңғыртылды. Тақырып бойынша қосымша ақпаратты төмендегі интернет ресурстарынан алуыңызға болады: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BD%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D1%84%D0%B8%D0%BB%D0%BE%D1%81%D0%BE%D1%84%D0%B8%D1%8F 1.Философия қай елде пайда болды 1) Бір уақытта ежелгі Үнді, Қытай және Грекия жерлерінде; 2) Еуропада; 3) Ежелгі Үндістанда; 4) Ежелгі Грекияда; 5) Ежелгі Қытайда. 2.Философия дегеніміз не 1) Дүниенің бар мазмұны дамуының жалпы заңдары туралы ғылым; 2) Қоғам туралы ғылым; 3) Жоғарыдан ашылатын ақиқаттарға сенім; 4) Табиғатты тану; 5) Аспан денелері қозғалысының теориясы. 3.Философияның негізгі сұрағы: 1) Дүние мен Адамның, материя мен сананың арақатынасы; 2) Әлем қалай құрылған 3) Өмірдің мәнісі неде ? 4) Жерден тысқары өркениет бар ма 5) Экологиялық мәселенің себептері неде 4.Философиядағы негізгі екі бағыт: 1) Материализм мен идеализм; 2) Скептицизм мен стоицизм; 3) Апологетика мен патристика; 4) Реализм мен номинализм; 5) Позитивизм мен идеализм. 5.Көне Қытай философиясының басты ағымдарының бірі: 1) Конфуцийшылдық; 2) Буддизм; 3) Суфизм; 4) Перипатетизм; 5) Жайнизм. 6.Көне Үнділік қазір бүкіл әлемдік діннің бірі болып табылатын діни-философиялық ілім: 1) Буддизм; 2) Йога; 3) Брахманизм; 4) Жайнизм; 5) Чарвака-локоята. 7.Нирвана дегеніміз: 1) Адамның бәрі бәрінен аулақтану күйі, сананың сөнуі; 2) Алғашқы адам; 3) Демді алу өнері; 4) Тірі жандардың түрлену тізбегі; 5) Әлемдік ой. 8.Антикалық философия: 1) Ертедегі гректер мен римдықтардың философиясы; 2) Орта ғасырлар философиясы; 3) Көне Үнді философиясы; 4) Ертедегі мысырлықтардың ілімі; 5) Көне шығыстық даналық. 9.«Бәрі ағып, бәрі өзгереді, бір өзенге екі рет кіруге болмайды» - деген қағида кімдікі 1) Гераклиттікі; 2) Фалестікі; 3) Парменидтікі; 4) Зенондікі; 5) Пифагордікі. 10.Фалес іліміндегі дүниенің бастамасы қандай 1) Су; 2) Ауа; 3) От; 4) Идея; 5) Апейрон. 11.Анаксимандр іліміндегі дүниенің бастамасы қандай 1) Ауа; 2) Атом; 3) Сан; 4) Су; 5) Апейрон; 12.Анаксимен іліміндегі дүниенің бастамасы қандай 1) Ауа; 2) От; 3) Апейрон; 4) Су; 5) Идея. 13.Көне Грек ойшылдарының қайсысы бәрі де сан деп жорыған 1) Пифагор; 2) Анаксагор; 3) Гераклит; 4) Сократ; 5) Аристотель. 14.Философия тарихында болмыс мәселесін алғаш қойған қай мектеп 1) Элея мектебі; 2) Милет мектебі; 3) Атомистикалық мектеп; 4) Пифагоршылар мектебі; 5) Афина мектебі. 15.Адамдар өміріндегі дүниетанымның тарихи түрлері: 1) Мифология,дін, философия; 2) Саясат,мораль,өнер; 3) Тарих; 4) Мораль, дін, право; 5) Философия 16.»Өлсе өлер табиғат,адам өлмес» деген; 1) Абай; 2) Аристотель; 3) әл-Фараби 4) Шәкәрім; 5) Ы.Алтынсарин. 17.Платонның таным теориясынын сипаттаңыз: 1) Еске түсіру теориясы; 2) Агностицизм; 3) Скептицизм; 4) Схоластика; 5) Эмпиризм. 18.Сократикалық диалогтардың авторы кім ? 1) Платон; 2) Парменид; 3) Демокрит; 4) Аристотель; 5) Плотин. 19.Антикалық философияның шыңы болып есептелетін философ: 1) Аристотель; 2) Фалес; 3) Демокрит; 4) Сократ; 5) Плотин. 20.Көне грек атомистерін атап беріңіз: 1) Левкипп, Демокрит, Эпикур; 2) Фалес, Анаксимандр, Анаксимен; 3) Парменид, Зенон, Мелисс; 4) Сократ, Платон, Аристотель; 5) Анаксагор, Протагор, Эмпедокл. 21.Апейрон дегеніміз: 1) Шексіз әлдебір затша; 2) Философиялық трактат; 3) Көне Грек философы; 4) Көне грек Құдайшасы; 5) Платонның отаны. 22.Адамның әр түрлі құрамды жақтары мен қырларын тұтас қарастыратын ғылым: 1) Философия 2) Антропология; 3) Тарих; 4) Социология; 5) Қоғам. 23. «Бақыт-әр адамның көздейтін мақсаты,үлкен игілік» 1) Әл-Фараби; 2) Аристотель; 3) Конфуций; 4) Сократ; 5) Платон. 24.Левкипп пен Демокрит ілімі қалай аталады ? 1) Атомистика; 2) Софистика; 3) Монадология; 4) Схоластика; 5) Логистика. 25.Демокриттің атомистикалық ілімінің ізбасары кім болған ? 1) Эпикур; 2) Протагор; 3) Сократ; 4) Софокл; 5) Цицерон. 27.Демокрит атомдарының бір-бірінен өзгешелігі неде ? 1) Формасында; 2) Салмағында; 3) Жылуында; 4) Түр-түсінде; 5) Қаттылығында. 28.Идеалды мемлекет туралы ілімді баяндайтын «Мемлекет» атты философиялық-саяси шығарманың авторы кім ? 1) Платон; 2) К.Маркс; 3) Сократ; 4) Эпикур; 5) Конфуций. 29.Аристотель қай мектептің түлегі ? 1) Платон академиясының; 2) Милет мектебінің; 3) Элея мектебінің; 4) Атомистикалық; 5) Пифагоршылар мектебінің. 30.Аристотель құрған мектеп қалай аталған ? 1) Ликей; 2) Академия; 3) Колледж; 4) Университет; 5) Схола. 31.Аристотельдің негізгі философиялық шығармасы қандай 1) «Метафизика»; 2) «Жан туралы»; 3) «Никомахтың этикасы»; 4) «Топика»; 5) «Физика». 32.Адамды «саяси жануар» деп анықтаған Көне Грек философын атап беріңіз: 1) Аристотель; 2) Сократ; 3) Эпикур; 4) Анаксагор; 5) Платон. 33.Аристотельдің ізбасарларын қалай атайды 1) Перипатетиктер; 2) Скептиктер; 3) Схоластар; 4) Реалистер; 5) Номиналистер. |