Главная страница
Навигация по странице:

  • Негізгі синдром

  • Тамырлық делирий

  • Обиөж 1. Негізгі синдром


    Скачать 9.36 Kb.
    НазваниеНегізгі синдром
    Дата30.01.2021
    Размер9.36 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла Обиөж 1.docx
    ТипДокументы
    #172674

    Тапсырма № 1. Науқас 75 жаста. 2 апта бұрын ванна бөлмесінде құлап, жамбасын сындырып алған, ортопедиялық клиникаға жатқызылып, онда остеосинтез отасы жасалынды. Ауруханада отадан кейін науқаста түнде бөлімшедегі палаталарды кезіп, басқа науқастардың тынышын алатын сананың бұлыңғырлануы мен мазасыздық пайда болған. Өзіне не болғаны, неліктен ауруханаға жатқызылғаны есінде жоқ. Күні бойы тынышсыз, палатада мақсатсыз кезіп жүреді. Оқи алмайды, теледидар көре алмайды, туыстарын танымайды, медбикелерді өзінен алыстатады. Төбенің бір нүктесіне қарап, өзі елестететін адамдармен әңгімелеседі. Тітіркенгіш және оңай ашуланады, тамақты жерге лақтырады, тағайындалған дәрілерді қабылдаудан бас тартады. Қозу ұстамаларының арасында тыныштанып, жарты сағатқа ұйықтайды. Түнгі уақытта ұйықтай алмайды, күйгелектеніп кетеді. Палаталарды кезіп, басқа науқастардың төсегіне шығуға тырысады, науқастарды оятады. Бірнеше рет ауруханадан түнгі жейдемен кетпекші болған, бірақ токтатылып, палатасына жеткізілген. Ауруханаға дейін өзін қалыпты ұстаған, балалары бұрын ес және назар аудару тарапынан қандай да бір бұзылыстар барын байқамаған. Қараған кезде: науқас аң-таң және алаңғасар күйде. Науқас толықтай дезориентирленген және қатынасқа түспейді, өзімен өзі күбірлеп, дәрігердің бар-жоқтығына назар аудармайды. Депрессия және үрей белгілері жоқ. Интеллектті тексеруге қандай да бір зерттеулер жүргізу мүмкін емес. Синдром және ауруды анықтаңыз ?

    Негізгі синдром: Сананың бұлыңғырлану синдромы, Астениялық, Аффективті синдром, Галлюцинация.

    Остеосинтез кезінде жүйке жүйесінің морфологиялық бұзы лысы нәтижесінде дамыған сана бұзылысы.Операциядан кейінгі психоз.

    Тамырлық делирий .Делирий – сана- сезім бұзылысының ең жиі кездесетін түрі. Делириде уақытқа, айналасына бағдары бұзылады, тұлғалық бағдары сақталған. Көптеген иллюзиялар мен шынайы галлюцинациялар (көру, есту, тактильды) байқалады. Науқастар үрей мен қорқынышты сезеді.


    написать администратору сайта