Главная страница
Навигация по странице:

  • Жедел госпитализация кезінде

  • Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер: Жедел госпитальдау кезінде

  • Диагностикалық критерийлер

  • Емдеу тактикасы Дәрі дәрмексіз емдеу

  • нейротоксикоз. Нейротоксикоз. Нейротоксикоз кезіндегі жедел кмек Астана медицина университеті КеА Балалар жпалы аурулар кафедрасы


    Скачать 185.51 Kb.
    НазваниеНейротоксикоз кезіндегі жедел кмек Астана медицина университеті КеА Балалар жпалы аурулар кафедрасы
    Анкорнейротоксикоз
    Дата31.03.2022
    Размер185.51 Kb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаНейротоксикоз.pptx
    ТипДокументы
    #430930

    Нейротоксикоз кезіндегі жедел көмек

    Астана медицина университеті КеАҚ

    Балалар жұқпалы аурулар кафедрасы

    Орындаған: Имамжан Қ.М.

    Тексерген: Дауылбаева А.У.

    Нурсултан 2021

    ЖОСПАР

    Анықтамасы

    Жіктелуі

    Диагностикасы

    Емі

    Жедел көмек

    Қолданылған әдебиеттер

    Нейротоксикоз - перифериялық гемодинамика жетіспеушілігінің ілгерілеуі көрінісінде неврологиялық бұзылулардың, таралған реакцияның ағымының нұсқасы басым болатын токсикалық энцефалопатия, балалардағы токсикоздың ең жиі нұсқасы. Әдетте ол бейспецификалық респираторлы-вирустық (тұмау, аденовирусты, парагриппозды инфекция) және спецификалық (қызылша) инфекцияларында туындайды, әсіресе 3 жасқа дейінгі балаларда ауыр өтеді.

    Жіктелуі

    I деңгей - жеңіл: Қозғалыстың мазасыздығы, діріл, гиперестезия гипертермия,тахипноэ, тахикардия, лоқсу, бір реттік құсу, қысқа уақытты клоника-тоникалық құрысу, үлкен еңбектің томпаюы және соғуы. ликвор мөлдір, қысыммен ағады, құрамы қалыпты

    II деңгей – орташа: гипертермия, ыстық түсіретін дәрілерге торпидты, естің тежелуі: сомноленция, жалпы ми симптомдарымен айықандалған сопор: көп рет құсу, бас ауыру, бас сақинасы симптомының ошақты симптоматикасы: желке бұлшық еттерінің ебедейсізділігі, Керниг, Брудзинский симптомдары, тахипноэ 60–80/1 мин. дейін, тахикардия 200/1 мин.дейін АҚ шамалап көтеріліуі немесе түсуі, акроцианозды бозғылттық, сан және іштің төменгі бөлігінде домбығу. 1 мл/кг/сағ аз олигурия, шамалы гипоксемия, гипокапния, аралас ацидоз

    III деңгей –ауыр: опор немесе  кома, құрысу, тыныс алудың бұзылуы: тахипноэ, қатқыл тыныс алу,  көп ылғалды қырыл, жүрек қызметінің бұзылуы: брадикардия, брадиаритмия, АҚ төмен, пульс соғуы өте жіңішке, дене температурасы өте жоғары немесе субқалыптыға дейін төмендеуі мүмкін тері жабындысы сұр-бозғылт- цианозды мәрмәр тәріздес, «ақ дақтың» оң симптомы, петехиальді  геморрагия мүмкін, ішектің ІІ-ІІІ деңгейлі парезі болуы мүмкін. Диурездің анурияға дейін төмендеуі коагулология – ДВС синдром II-III гипоксемия, гиперкапния, метаболиялық ацидоз

    Жедел госпитализация кезінде: ·          ЖҚТ (6 параметрде); ·          ҚҰУ анықтау; ·          ЖЗТ; ·          қанның биохимиялық талдауы: АЛаТ, АСаТ, жалпы билирубин, тік билирубин, тимолды сынама, сілтілі фосфатаза, жалпы ақуыз, С-реактивті ақуыз, жалпы альфа-амилаза, жалпы холестерин, триглицеридті анықтау; • қосымша тестімен газдар мен электролиттерді анықтау (лактат, глюкоза, карбоксигемоглобин); ·          коагулология (қан плазмасында белсенді ішінара тромбопластинды уақытты (ББТУ) анықтау, плазмадағы фибриногенді анықтау, қан плазмасының фибринолитикалық белсенділігін анықтау, адгезия және агрегация (ГАТ) реакцияларын өткізу, плазманың гепаринге төзімділігін зерттеу, плазмадағы антиплазминның белсенділігін анықтау, қан кету уақытын анықтау, қан плазмасындағы тромбинді уақытты (ТУ) анықтау, ерітілетін фибромономер кешенің анықтау (ЕФМК), плазмадағы VIII факторын анықтау, плазмадағы XI факторын анықтау); ·          люмбальді пункция; ·          жұлын ми сұйықтығын зерттеу; ·          НСГ(бір жасқа дейінгі балаларда); ·          бас миының МРТ/КТ; ·          Электрокардиографиялық зерттеу (12 жалғамда); ·          ЭЭГ.

    Стационарлық деңгейде жүргізілетін қосымша диагностикалық тексерулер: Жедел госпитальдау кезінде: ·          зарарсыздыққа қанды бактериологиялық зерттеу; ·          Neisseriameningitis жұлын ми сұйықтығын бактериологиялық зерттеу; ·          цитомегалавирусқа IgM, Ig G, ИФТ-әдісімен қан сарысуындағы 1 және 2 типті ЖҚШ анықтау; ·          ПТР әдісімен биологиялық материалдарда цитомегаловирусты, 1 және 2 типті ЖҚШ анықтау; ·          аңқадан бөліндіні бактериологиялық зерттеу; ·          копрология; ·          гепатобилиопанкреатикалық аймақтың УДЗ.

    Диагностикалық критерийлер Диагноз қою үшін тіреуіш пунктер: ·           полижүйелі зақымдану белгілерімен үйлемкен жіті инфекциялық ауруларда әртүрлі деңгейлі неврологиялық бұзылулар; ·           мидың ісіну-домбығу белгілерінің клиникалы-зертханалық бар болуында естің бұзылуы (сопор, кома); ·           клиникалы-зертханалық көрсеткіштермен расталған әртүрлі деңгейлі перифериялық қанайналымның жеткіліксіздігі; ·           емдеуі қиын тұрақты гипертермияз; ·           неврологиялық симптоматиканың кері дамуы перифериялық гемодинамиканың бұзылуының жойылуымен тығыз байланысты.

    Шағымдар: ·          естің бұзылуы – қатты әлсіздік, ұйқысырау, реакцияның жоқ болуы, тежелу; ·          қарқынды бас ауруы; ·          мазасыздану, гиперестезия, ұйқының бұзылуы, тамақтанудан бас тарту (жас балаларда); ·          лоқсу немесе құсу; ·          температураның жоғарылауы. Анамнез: ағымды вирусты немесе вирусты-бактериалды инфекция, қызылша инфекциясы; алдында болған егу; осы көріністегі кеселдің бар болуы (анемия, аллергиялық диатез, гипотрофия, рахит, ауыр неврологиялық анамнез).

    Зертханалық зерттеу: ·          қанның зертханалық зерттеу көрсеткіші бейспецификалық және нейротоксикоз дамыған кесел бейнесіне сәйкес келеді, мысалы, вирусты, вирусты-бактериялы инфекциялар – лейкоцитоз, лейкограмманың нейтрофильді жылжуы, лимф, лимфоцитоз, моноцитоз, ЭШЖ  тездету кезінде; ерекшеленген вирусты инфекцияда – қанда ерекшеленген вирусқа қарсы антиденелер, биоматериалдарда вирусты антиген  анықтау;  анемия бейнесінде – гемоглобин, эритроциттер, түсті көрсеткіштердің деңгейінің төмендеуі;  вакцинация, диатез, аллергия бейнесінде – эозинофилия; ·          тәуліктік диурез: олигоурия, анурия; ·          ҚСТ: метаболиялы ацидоз; ·          қанның газдық құрамы: гипоксемия, гиперкапния; ·          коагулология: ДВС синдром I-III деңгей; ·          ликворология: көрсеткіштер қалыпта

    Аспаптық зерттеулер Нейрорадиологиялық зерттеу – бас миының МРТ/КТ: ·          ми  паренхимиясының ісінуі; ·          қарынша көлемі кішірейген немесе қалыпты ісіну. Ультрадыбыстық зерттеу – НСГ: ·          ми  паренхимиясының ісінуі. Офтальмологиялық зерттеу – офтальмоскопия: ·торқабықтың нейроангиопатиясы; ·КЖД ісінуі.     Люмбальді  пункция: ·          ликворлы қысымның жоғарылауы (250-500 мм.су.ст).

      Емдеу тактикасы Дәрі дәрмексіз  емдеу: ·          қатаң төсек тәртібі; ·          сүңгі көмегімен тамақтандыру; ·          салқындатудың физикалық әдістері; ·           ішекті босату (тазарту клизмасы); ·           ылғалданған оттекпен оксигенді терапия; ·          трофикалық бұзылулардың профилактикасы.   Дәрі-дәрмекпен емдеу: ·          асқынуға қарсы стероидты емес құралдар; ·          дегидратациялау терапиясы – ми ісінуімен күресу мақсатында (маннитол, глюкокортикостероидтер, диуретиктер, ацетазоламид); ·          құрысуға қарсы (туынды вальпроев қышқылдары, бензодиазепиндер, натрий оксибаты, магний сульфаты); ·          седативті құралдар (бензодиазепиндер, натрий оксибаты); ·          ДВС синдромын түзету (гепарин); ·          инфузиялық терапия, электролитті бұзылуын түзетуге бағытталған терапия (натрий, калий, декстран, декстроза ерітінділері); ·          симптоматикалық терапия (бейінді мамандардың ұсынысы бойынша).  

    Пайдаланған әдебиеттің тізбесі
    • Протоколы заседаний Экспертной комиссии по вопросам развития здравоохранения МЗ РК, 2014
      • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Заболевания нервной системы у детей. В 2-х т./Под ред. Ж.Айкарди и др.: перевод с англ.-М.:Издательство Панфилова: БИНОМ, 2013.-1036 2. Петрухин А. С. Неврология детского возраста / под ред. А. С. Петрухин. – М: Медицина, 2004. – 784 с. 3. Шток В.Н. Фармакотерапия в неврологии. Практическое руководство. Москва, 2000. – 301 с. 4. Шабалов Н.П., Скоромец А.А., Шумилина А.П. Ноотропные и нейропротекторные препараты в детской неврологической практике // Вестник Российской Военно-медицинской академии. – 2001.- Т. 5 - № 1. – С. 24-29 5. Нейрофармакология: основные лекарственные препараты и их возрастные дозы. Пособие для врачей. Санкт-Петербург. - 2005 г. 6. Трошин В.Д. Неотложная неврология, 3 изд. М., 2010.-592с.


    написать администратору сайта