сочинение. Ұлы Жеңіс!. Неменее жетісті бала батыр
Скачать 19.31 Kb.
|
Ұлы жеңіс Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Ұлы Отан соғысы төрт жылға созылды.Майдан даласында 600 мыңнан астам қазақстандық қаза тапты.Соғыста қаза тапқандар туралы мәлімет бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Неменеңе жетістің бала батыр, Қариялар азайып бара жатыр Бірі мініп келместің кемесіне, Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали атамның мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын көтеріп, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл- Ұлы мереке. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік”. Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақындарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500- ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Солардың қатарында менің үлкен атам Көкбай Түсіповта бар.Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ жастары арасынан тұңғыш рет «Катюша»батареясының командирі,гвардия- аға лейтенанты болған.Атамның айтуынша үлкен атам өте ержүрек,әрі батыл адам болған екен.Майдандағы ерең ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен,1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін тағы басқа көптеген медальдармен марапатталды.Көкбай Түсіпов атақ-даңққа бой ұрмай,соғыстан алған жарақатым бар деп жар салмай,өзі туралы аз айтып,өзгелер жайлы көбірек айтуды жаны сүйетін,өте қарапайым,елгезек кісі болған.1418 күнге созылған қаһарлы күндер атамның бұл мінезін өзгерте алған жоқ.Майдангер атамның өмірі ұрпаққа үлгі дегім келеді. Ашық аспан, бейбіт өмір. Бүгінгі ұрпақ қазіргі тәуелсіз Қазақстан елінде алаңсыз өмір кешуде. Мұндай еркіндік бақытын адамзат тарихындағы ең жойқын күресте бесіктен белі шықпай еңбекке араласып, бұғанасы бекімей қолына қару алып, қасық қаны қалғанша күрескен аға ұрпақ сыйлады. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді.Сонау жер-ананы өрт шарпыған соғыс жылдарында елі мен жерін,ұрпағының болашағын қорғаған Отанға бейбіт өмірді тарту еткен,қан майданда оқ кешкен ержүрек жауынгерлер – бүгінгі ақ сақалды ардагерлер мен ақ жаулықты аналар әрқашан жоғары құрметке лайық екені даусыз.Сондықтан да, оларға деген ыстық ықылас пен құрмет,алғыс ешқашан толастамайды,керісінше «тау алыстаған сайын биіктей түседі»демекші,уақыт өткен сайын еселене бермек. Торқалы тойдың қуанышы өзі сүйген халқы үшін ерекше болмақ. Найзағайдай жарқылдаған отты ой бар қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін, ұрпақ мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Бауржан Момышұлы есімі, ерлігі жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. "Ер есімі – ел есінде”,- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. Сәулесін шашып түнекке, Ысырып жауды жер-көктен, Қасірет тұнған жүрекке Жеңіс боп келді сол көктем. Бар еді оның салмағы, Шаттықтың әсем гүлі атты. Миллионның еді ол арманы, Миллионды қоса жылатты. Ерлікті жұртты бағалар, Із қалған өткен жылдарда. «Жеңіс!» деп тұрды қалалар, «Жеңіс!» деп тұрды қырлар да. Ұлы Отан соғысының Қазақстандық шежіресінен өшпес даңқтар өз орнын табар дейміз.Олардың ерлігі,кейінгі жас ұрпаққа өз Отанын, елін, жерін, халқын сүюдегі патриоттық рухтары-үлгі өнеге болары сөзсіз.Міне,Ұлы жеңіске осындай үлкен қиыншылықпен жеттік.Бұл жеңістің маңызы біз үшін зор!!! |