Главная страница
Навигация по странице:

  • 2 тапсырма. Несептің түзілуіне гидростатикалық қысымның, осмостық қысымның, капсулаға қан әкелетін және әкететін артерия қантамырлары диаметрінің әсері.

  • Виртуальды физиологиялық тәжірибе)

  • Құрал-жабдықтар

  • 3 тапсырма. Несеп түзілуінің жылдамдығына қандағы глюкоза деңгейінің әсері.

  • Мақсаты

  • Қалыпты жағдайда 120 мл/мин диурез пайда болды. Одан кейін оған натрий хлориді мен мыс сульфатын қосып, қыздырғанда Троммер реакциясына теріс жауапты.

  • Қорытынды: мен, Кулумбетова Жанасыла, виртуалды бағдарламаны қолданып, тәжірбие жасап, несеп түзілуінің қарқындылығы мен несептегі глюкозаның мөлшеріне гликемияның әсерін көрдім. Қалыпты жағдайда

  • Орындаған студент

  • Тақырып қабылданды

  • 13 апта Мухаммедова. Несепжыныс жйесі бойынша бж тапсырмалары хаттамаларды толтыру 1 тапсырма. Несеп тзілуіні гормондар арылы реттелуі. анны ионды рамы


    Скачать 19.2 Kb.
    НазваниеНесепжыныс жйесі бойынша бж тапсырмалары хаттамаларды толтыру 1 тапсырма. Несеп тзілуіні гормондар арылы реттелуі. анны ионды рамы
    Дата28.11.2022
    Размер19.2 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла13 апта Мухаммедова.docx
    ТипДокументы
    #817200

    НЕСЕП-ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША БӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ

    ХАТТАМАЛАРДЫ ТОЛТЫРУ:
    1 тапсырма. «Несеп түзілуінің гормондар арқылы реттелуі. Қанның иондық құрамы» тақырыбы бойынша кесте толтыру.




    Гормон мен оны бөлетін бездің атауы

    Гормонның қызметтік маңызы

    1.

    АДГ(антиурездік гормон) – гипоталамус гормоны


    Судың сіңуін күшейтеді.



    2.

    Альдостерон – бүйрекүсті безінің гормоны


    Натрий ионының сіңуін күшейтеді.



    3.

    Натрийурелік гормон – пептидтік гормон, кардиомиоциттер әсерінен бөлінеді

    Натрий ионының шығарылуын күшейтеді.



    4

    Парагормон – қалқаншамаңы безінің гормондары


    Кальций ионының сіңуін күшейтеді.




    5


    Тирекальцийтонин – қалқанша безінің гормоны



    Кальций ионының шығаруын күшейтеді.

    6

    Адреналин – бүйрекүсті безінің гормоны

    Аз мөлшерде сүзілуді төмендетеді, көп мөлшерде сүзілуді күшейтеді.

    7

    Тироксин – қалқанша безінің гормоны

    Диурезді арттырады.

    8

    Соматотропты гормон – гипофиз гормоны

    Диурезді арттырады.

    9

    Инсулин – ұйқы безі гормоны

    Калий ионының шығаруын төмендетеді.



    2 тапсырма. Несептің түзілуіне гидростатикалық қысымның, осмостық қысымның, капсулаға қан әкелетін және әкететін артерия қантамырлары диаметрінің әсері.

    (Виртуальды физиологиялық тәжірибе)
    Капсула шумақтарында жүретін сүзілу үдерісіне шумақ мембранасының барлық сүзілу үдерісі жүретін беткі қабаты, шумақ капиллярларындағы қан қысымы (ШҚҚ), Шумақтық сүзілу коэффициенті (ШСК) әсер етеді. Шумақтық сүзілу коэффициенті (ШСК) жүректен шығатын қанның (Жүрек шығарылымының) шамамен 20%-ын құрайды және оның көлемі капиллярлардың тарылуы немесе кеңеюіне байланысты болады.

    Құрал-жабдықтар: жеке компьютер, Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасы.

    Мақсаты: Несептің түзілу қарқындылығына шумақ капиллярларындағы қан қысымы (ШҚҚ), шумақтық сүзілу коэффициенті (ШСК) және онкотикалық қысымның әсерлерін көрсету.

    Жұмыс барысы: Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасын пайдаланып, бастапқы қалыптағы несептің түзілу қарқындылығы (мл) зерттеледі, содан соң келесі көрсеткіштердің өзгерістері анықталады: капсулаға қан әкелетін және әкететін артерия қантамырлары диаметрі, қанның гидростатикалық қысымы мен онкотикалық қысымы, және де несептің түзілу қарқындылығының өзгеруіне талдау жасалынады.

    Жұмыстың нәтижесі: алынған көрсеткіштерді жазып алып, қорытынды жасау керек.

    Несептің қалыпты жағдайдағы түзілуі – 135 мл/мин.

    Қан әкелетін артерия қантамырының диамерінің кішіреюі – 75 мл/мин

    Қан әкететін артерия қантамырының диаметрінің кішіреюі – 165 мл/мин

    Қанның гидростатикалық қысымын көтергенде – 234 мл/мин

    Қанның гидростатикалық қысымын төмендеткенде – 76,5 мл/мин

    Онкотикалық қысымды көтергенде – 90 мл/мин

    Онкотикалық қысымды төмендеткенде – 180 мл/мин.

    Қорытынды: Мен, Кулумбетова Жанасыла, виртуальды бағдарламада несептің түзілуіне тәжірбие жасадым. Осы тәжірбиеден ең алғаш қалыпты жағдайда алынған несептің мөлшерін біліп алып, тәжірбиеден әртүрлі жағдайлардың несеп түзілуіне әсерін білдім. Қан әкелетін артерия қантамырының диаметрінің өзгеруі несептің түзілуін азайтады. Ал қан әкететін артерия қанының диаметрінің кішіреюі несептің біраз көбеюіне алып келетінін білдім. Қанның гидростатикалық қысымын көтергенде несептің түзілуі күшейеді. Ал осы қысымды төмендеткенде несеп түзілуі төмендегенін білдім. Онкотикалық қысымды көтергенде несеп түзілуі төмендеп, ал төмендеткенде несеп түзілу жоғарылағанын байқадым.

    Мухаммедова

    3 тапсырма. Несеп түзілуінің жылдамдығына қандағы глюкоза деңгейінің әсері.

    (Виртуальды физиологиялық тәжірибе)
    Құрал-жабдықтар: жеке компьютер, Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасы.

    Мақсаты: Несеп түзілуінің қарқындылығы мен несептегі глюкозаның мөлшеріне гликемияның әсерін көрсету.

    Жұмыс барысы: Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасын пайдаланып, глюкозаның концентрациялық ерітіндісін вена тамырына енгізгенге дейінгі және енгізгеннен кейінгі несептің түзілу мөлшері мен глюкоза деңгейін анықталады (есептелінеді). Содан соң, бақыланған өзгерістер талданады.

    Жұмыстың нәтижесі: алынған көрсеткіштерді жазып алып, қорытынды жасау керек.

    Қалыпты жағдайда 120 мл/мин диурез пайда болды. Одан кейін оған натрий хлориді мен мыс сульфатын қосып, қыздырғанда Троммер реакциясына теріс жауапты.

    Глюкоза енгізілген диурездің түзілу мөлшері 210 мл/мин. Одан кейін оған натрий хлориді мен мыс сульфатын қосып, қыздырғанда Троммер реакциясы оң жауапты.
    Қорытынды: мен, Кулумбетова Жанасыла, виртуалды бағдарламаны қолданып, тәжірбие жасап, несеп түзілуінің қарқындылығы мен несептегі глюкозаның мөлшеріне гликемияның әсерін көрдім. Қалыпты жағдайда 120 мл/мин диурездің пайда болатынын білдім. Оның Троммер реакциясына жауабы теріс екенін білдім. Алайда несепке глюкозаны қосқанда несептің түзілуі жоғарылады. Глюкоза қосылған несептің көп түзілуі – глюкозаның бүйрек қақпаларынан өтіп, нефрон каналдарына өтіп, осмостық қысым жоғарылап, глюкоза өзіне су тарта бастайды. Осыдан несептің түзілуі жоғарылайды. Сонымен қатар, Троммер реакциясына жауабы оң болғанын білдім.
    Орындаған студент Мухаммедова Уғлай факультеті ТФПтобы 22_026


    Тақырып қабылданды, уақыты


    Оқытушы қолы ___________


    написать администратору сайта