Главная страница
Навигация по странице:

  • «note»

  • Нотариаттық іс-әрекеттердің субъектілері

  • Консулдық қызметтi жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар

  • Заңда көрсетiлген басқа да тұлғалардың

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • Оралбай Аян Нотариат. Нотариатты ісрекеттерді субъектілеріні зіреттілігі


    Скачать 18.51 Kb.
    НазваниеНотариатты ісрекеттерді субъектілеріні зіреттілігі
    Дата03.04.2018
    Размер18.51 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОралбай Аян Нотариат.docx
    ТипДокументы
    #40243

    Нотариаттық іс-әрекеттердің субъектілерінің құзіреттілігі


    Жалпы нотариаттық құқық деген негiз 2 түрлi мағынада берiледi:

    1. бiрiншiден – нотариаттық қызметтi анықтайтын арнайы курс ретiнде жеке құқықтың бiр түрi;

    2. екiншiден – нотариаттық құқық өзiне тән қатынастарды реттейтiн пән.


    Сондықтан да, көптеген авторлар нотариаттық құқық жеке автономияға (дара) ие деп көрсетедi. Себебi, нотариустың қызметi, мiндеттерi, жауапкершiлiгi, жеке нормаларды реттеудiң пәнi ретiнде қолданылады. Ал, кейбiр авторлар нотариаттық құқықты жеке деп санау үшiн оларды реттейтiн жеке қайнар көздерi болу керек дейдi.
    Нотариаттың пайда болуы сонау ерте заман мемлекетiнде Вавилон мен Египетте – ол кезде «писцы» деп атады, ал Римде «note» деген сөзден шыққан, яғни «жаза бiлетiндер» деген мағынаны бiлдiредi. Ал кейiнен бұл қызмет дами келе хат жүргiзушiлер (письмоводители) немесе нотариустар деп аталған.
    Нотариус – бұл азаматтық қоғамда заңды айғақтар мен әрекеттердi куәландыратын тұлға. Сондықтан да, ол қоғамда көптеген жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың мүддесiн қамтамасыз етедi.
    Нотариус дегенiмiз заңда көрсетiлген тәртiп негiзiнде белгiлi бiр заңды фактiлермен даусыз құықтарды және заңда белгiленген құжаттарды мемлекет атынан куәландыратын, яғни нотариаттық куәландыруды жүзеге асыратын лауазымы тұлға болып табылады. Себебi, оның жүргiзетiн қызметi мемлекеттiк органдармен реттелiп, мемлекетпен берiлген лицензия арқылы жүзеге асырылады. Нотариустың лицензиясы тұрақты (мерзiмi көрсетiлмейдi), мерзiмсiз бас лицензия арқылы жүзеге асырылады.
    Нотариаттық іс-әрекеттердің субъектілері:

    • Мемлекеттік нотариустар;

    • Жекеше нотариустар;

    • Жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғасы;

    • Консулдық қызметті жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар;

    • Заңда көрсетілген басқа да тұлғалар болып жіктеледі


    Нотариат туралы заңның 34 бабына сәйкес нотариустар келесi iс-әрекеттер жасауға құқылы; бiрақ бұл iс-әрекеттер мемлекеттiк нотариустар мен жекеше нотариустардың жүзеге асыруына жататын iс-әрекеттер болып табылады:

    1. Мәмiлелердi куәландыру;

    2. Шаруашылық серiктестiктердiң құрылтай құжаттарын куәландыру;

    3. Мұрагерлiк мүлiктiң қорғалуына байланысты шараларды қолдану;

    4. Мұрагерлiк құқық туралы куәлiк беру;

    5. Ортақ бiрлескен меншiк құқығында мүлiктерi бар жұбайлар мен басқа да тұлғалардың ортақ мүлiктегi өз үлесiн куәландыратын куәлiк бередi;

    6. Мүлiктi иелiктен шығаруға тыйым салады және оны алып тастайды;

    7. Құжаттарды және олардың үзiндiлерiн куәландырады;

    8. Құжаттарда қойылған қолдардың растығын куәландырады;

    9. Құжаттарда пайдаланылған аударманың растығын куәландырады;

    10. Азаматтың тiрi жүргендiгi туралы айғақты куәландырады;

    11. Азаматтың белгiлi бiр жерде жүргендiгi туралы айғақты куәландырады;

    12. Құжаттардың берiлген уақытын куәландырады;

    13. Белгiлi бiр жеке немесе заңды тұлғалардың арыздарын (өтiнiштерiн) басқа жеке немесе заңды тұлғаларға тапсырады;

    14. Ақшаларды дипозитке қоюды куәландырады;

    15. Вексельдерге байланысты наразылық бiлдiредi;

    16. Бағалы қағаздар мен құжаттарды сақтау үшiн қабылдайды;

    17. Теңiздiк наразылықты жүзеге асырады;

    18. Дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.



    Нотариат туралы заңның 35 бабына сәйкес жергiлiктi атқарушы органның лауазымды тұлғасы, тек заңда көрсетiлген кейбiр нотариаттық iс-әрекеттердi жүргiзуге ғана құқылы:

    1. Өсиеттi куәландырады;

    2. Сенiмхаттарды куәландырады;

    3. Құжаттармен олардың үзiндiлерiнiң көшiрмесiнiң растығын куәландырады;

    4. Арыздардағы қойылған қолдардың растығын куәландырады;

    5. Мұрагерлiк мүлiктiң қорғалуына шаралар қолданылады.



    Консулдық қызметтi жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар келесi нотариаттық iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы:

    1. Қазақстан Республикасының территориясындағы жылжымайтын мүлiктiң иелiктен шығаруы туралы шарттарды және басқа да мәмiлелердi куәландырады;

    2. Мұрагерлiк мүлiктiң қорғалуына шаралар қолданылады;

    3. Мұрагерлiкке құқы туралы куәлiк бередi;

    4. Ортақ бiрлескен меншiк құқығында мүлiктерi бар жұбайлар мен басқа да тұлғалардың құқықтарын куәландырады;

    5. Құжаттар мен олардың үзiндiлерiнiң көшiрмесiн растайды;

    6. Құжаттарда қойылған қолдардың растығын куәландырады.



    Заңда көрсетiлген басқа да тұлғалардың жүргiзетiн iс-әрекеттерiне:

    1. Сауықтыру-профилактикалық орындарда емделiп жатқан азаматтардың өсиеттерi (кезекшi дәрiгер немесе сол мекеменiң бастығымен куәландырады);

    2. Әскери мiндетiн атқарып жүрген азаматтардың өсиеттерi мен сенiмхаттарын куәландыру (егер госпитальда болса дәрiгер, ал әскери бөлiмде болса командир);

    3. Бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп жатқан адамдардың өсиеттерi мен сенiмхаттары (сол мекеменiң бастығы);

    4. Теңiзде жүзушiлердiң өсиеттерi (сол команданың немесе кеменiң капитаны);

    5. Экспедицияда жүрген адамдардың өсиеттерi (экспедиция басшысы);

    6. Халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiндегi әрекет қабiлеттiлiгi жоқ адамдардың сенiмхаттарын куәландыру (сол мекемелердiң инспекторлары мен басшысы).



    Пайдаланылған әдебиеттер:


    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл.өзгертулер мен толықтыруларымен бірге, эл.база «ЮРИСТ»,2014ж.




    1. “Нотариат туралы 1997 жылғы 14 шілдедегі ҚР Заңы.- // Электронная база «Юрист»




    1. Қосанов Ж.Қ., Әленова А.Х., Мадиярова А.С., Нотариаттық іс әрекеттерді жасау тәртібі.,-А.,2008ж.




    1. Ғаламтор желісі.


    написать администратору сайта