Главная страница
Навигация по странице:

  • Нəрестелік (оральды-сенсорлы) кезең

  • Ерте балалық шақ (бұлшық ет – анальды) кезеңде

  • Мектепке дейінгі (локомоторлы-генитальды) кезең

  • Мектептегі (латентті) кезең

  • Жасөспірімдік (пубертантты) кезең

  • Жастық шақ (генитальды)

  • Ересектік кезеңі

  • мінез туралы түсінік. РК - 2 2 сұрақ. Нрестелік (оральдысенсорлы) кезе


    Скачать 8.12 Kb.
    НазваниеНрестелік (оральдысенсорлы) кезе
    Анкормінез туралы түсінік
    Дата20.12.2020
    Размер8.12 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаРК - 2 2 сұрақ.docx
    ТипДокументы
    #162230

    Аралық бақылау - 2

    2. Э.Эриксон теориясы бойынша тұлға дамуының кезеңдері

    Психолог, психоаналитик Эрик Хомбургер Эриксон адам дүниеге келген сәттен бастап, өмірден өткенге дейінгі уақытын 8 кезеңге бөліп көрсетеді.

    1. Нəрестелік (оральды-сенсорлы) кезең - тұлға дамуының бастапқы кезеңі. Туғаннан бастап - 1 жас аралығын қамтиды. Бұл жас аралығында балаға ең жақын адам ол анасы болады. Және анасы қандай қарым қатынас жасаса соған қарап балада адамдарға деген сенімділік немесе керісінше сенімсіздік пайда болады.

    2. Ерте балалық шақ (бұлшық ет – анальды) кезеңде - баланың тілі шыға бастайды, әрекеттері дамиды, аты айтып тұрғандай бұлшық ет жүйесін меңгереді және 1-3 жас аралығын қамтиды. Бала анасынан алшақтап тәуелсіздіккі ұмтыла бастайды. Және де балада ұялу, қобалжу секілді сезімдер дамиды.

    3. Мектепке дейінгі (локомоторлы-генитальды) кезең - 3-6 жас шамасы. Бұл жас аралығында бала көп уақытын ойынмен өткізеді. Ойын кезінде бала достарымен адамдар арасындағы қарым -қатынастың қыр сырын меңгереді. Ойын барысында ойынның белгілі бір ережелері, тыйымдары болады, осының нәтижесінде бала тыйымдарды бұзбауға, тәртіпке бағынуды үйренеді.Сонымен қатар балада инициативтілік яғни кінә сезімі пайда болады.

    4. Мектептегі (латентті) кезең - 6-12 жас,яғни мектепке алғаш қадам басқан кезден бастап жыныстық жетілудің басталуы аралығын қамтиды. Бұл кезеңде баланың басты міндеттері білім алу және іскерлікті меңгеру болып табылады.

    5. Жасөспірімдік (пубертантты) кезең - 12-20 жас аралығы. Адам өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі - өтпелі кезеңмен сәйкес келеді. Эго - біртектіліктің тұтас формасы қалыптасады. Ал эго - біртектіліктің қалыптасуы жасөспірімге жастық шаққа өтуге өз ықпалын тигізеді. Және адам өзін - өзі анықтағысы келеді, жанқиярлық жасауға дайын тұрады.

    6. Жастық шақ (генитальды) - 20-25 жас аралығын қамтиды. Және бұл кезеңде әр адам өміріндегі ең маңызды таңдау жасайды. Түрлі себептермен әлеуметтік психологиялық дағдарысқа түседі.

    7. Ересектік кезеңі - 25-65 жас аралығындағы даму кезеңінде адам үлкен жауапкершілік алады. Адамда шығармашылық тоқырау, түрлі дағдарыстар болады.

    8. Кәрілік кезеңі - 65 жастан дүниеден өткенге дейінге кезең. Белсенді іс-әрекеттер тоқтайды, күш-қуаты төмендейді.Және ата - аналық қызметтері соңына жетеді. Бұл кезеңдегі тұлғаларда көбіне данышпандық тән.


    написать администратору сайта