Главная страница

Нсіл сырты физикалы ерекшеліктеріне арай жіктелген леуметтік маызы бар адамдар тобы


Скачать 39.09 Kb.
НазваниеНсіл сырты физикалы ерекшеліктеріне арай жіктелген леуметтік маызы бар адамдар тобы
Дата11.12.2021
Размер39.09 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаНәсіл.docx
ТипДокументы
#299859

Нәсіл - сыртқы физикалық ерекшеліктеріне қарай жіктелген әлеуметтік маңызы бар адамдар тобы.

Этностық топ - тіл мен дін сияқты ортақ мәдениеттің маңызды элементтері арқылы біріктірілген адамдар тобы.

Нәсіл мен этностық топтың әлеуметтік қүрылымы - мәдениет арқылы (биологиялық фактілерден гөрі қоғамдық көзқарасқа негізделген) нәсілдік немесе этностық топтың ерекшеліктерін анықтау процесі.

Көпшілік топ - мәдени, экономикалық және саяси үстем топ.

Азшылық топ - мәдени, экономикалық және саяси түрғыдан бағынышты топ.

Плюрализм - әрқайсысы өзінің дара мәдениетіне ие екі немесе бірнеше топтың бір қоғамда теңдікті сақтап, бейбіт қатар өмір сүруі.

Төмендеуші ассимиляция -иммигранттар ұрпақтарының негізгі топқа емес, АҚШ-та туған азшылықтардың «жасырын» әлеміне қосылып, сіңу процесі.

Геноцид - халықты жоюға бағытталған жаппай қыру.

Бұрмаланған пікір - бұл адамдарды белгілі бір санатқа жатқызуда иррационалды, бүрыс пікірде болу.

Нәсілшілдік - жеке тұлғаның қабілеттері мен нәсілге тән физикалық айырмашылықтарына байланысты және бүл - теңсіздік үшін заңды негіздеме деп санау.

Нәсілшілдік дальтонизм барлық нәсілдер бірдей, нәсілдер арасында теңдік орнаған деген пікірді басшылыққа алады.

Стереотип - топ мүшелеріне қатысты алдын ала үйғарылған, күмәнсіз, қарапайым идея.

Кінәліні іздеу - адамдардың немесе топтардың мақсатқа қол жеткізуі қиынға соққанда өз сәтсіздігіне басқаларды кінәлау.

Дискриминация - адамдарды санаттардагы мүшелігіне қарай кемсіту.

Сегрегация — азшылық және көпшілік топ мүшелерін күштеп айыру, оқшаулау.

Заңдастырылган нәсілшілдік - бейтарап процестердегі қалыпты әрекеттер нәтижесінде көпшілік пен азшылық топтар арасында жүйелі түрде теңсіздіктіц орнауы.

Саясат және экономика

Мәжбүрлеу - күш көрсету немесе қорқыту арқылы жүргізілетін билік.

Бедел - қолданылуын ақтайтын ережелермен құндылықтарға сүйенетін билік.

Дәстүрлі бедел - биліктің қасиеттілік тұрғысынан сенім мен тәжірибеге сүйенуі.

Харизматикалық бедел - адамның жеке-дара қасиеттері арқылы шешім қабылдау құқығына ие болуы.

Рационалдық-құқықтық бедел - адамдардың рационалды түрде берілген ережелерге сүйенген билікті ұстануы.

Саясат дегеніміз - қоғамдағы биліктің әлеуметтік құрылымы.

Мемлекет дегеніміз - өз аумағында күш көрсету мен мәжбүрлеуді заң жүзінде қолдана алатын қоғамдық құрылым.

Үлттық мемлекет дегеніміз - билік ел азаматтарының пайдасы үшін қызмет ететін көпшіліктің сеніміне сүйенетін заңды мемлекет.

Үлтшылдық дегеніміз - белгілі бір аумақта тұратын барлық адам «ұлт» деген жалтыз атауға ие болып, ортақ мәдениет пен тарих төңірегінде бірігетіндіктен, жеке мемлекетке лайықты екендігін білдіретін тұжырым.

Авторитарлық жүйе - халық басқарушыны таңдай алмайтын және заң жүзінде ауыстыра алмайтын саяси жүйе.

Демократия - көпшіліктің қалауына сәйкес басшылықты ауыстыру үшін тұрақты әрі заңды мүмкіндік герді қамтамасыз ететін саяси жүйе.

Азаматтық - мемлекеттің толыққанды азаматы болып мойындалғандарға кең спектрлі құқық ұсынатын заңды мәртебе.

Билік элитасы - әскерде, өндірісте және үкіметтің атқарушы билігінде лауазымды қызмет атқаратын адамдар.

Элита-билік өкілдері - әскерде, өндірісте және үкіметтің атқарушы билігінде лауазымды қызмет атқаратын адамдар.

Экономика - тауарлар мен қызметтерді өндіруге және таратуга қатысты дүниелер.

Капитализм-көптеген байлық (жер, капитал және еңбек) жеке меншікте болатын, ашық нарықта саудаланатын және меншік иелерінің жеке пайдасы үшін қолданылатын экономикалық жүйе.

Социализм - қоғам немесе үкімет өндіріс құралдарын (жер, еңбек және капитал) баршаның игілігі үшін қолданатын экономикалық жүйе.

Коммунизм - өндіріс құралдары мен барлық мүлік мемлекет меншігінде болатын және әрбір адам қабілеті мен қажеттілігіне қарай жүмыс істеп, еңбекақы алатын теориялық экономикалық жүйе.

Саяси экономика елдегі саяси және экономикалық нысандардың өзара әрекеттесуін білдіреді.

Жекешелендіру - мемлекеттік қызметтердің корпорациялар ретінде «төселу» процесі, осы қызметтердің корпоративтік үлгіде қайта қаралуы немесе оларды үкіметтің жауапкершілігі емес, қайта жеке таңдау ретінде анықтау.

Бастауыш сектор - экономиканың қоршаған ортадан шикізат алумен айналысатын бөлігі.

Екінші деңгейдегі сектор -экономиканың шикізатты өңдеумен айналысатын бөлігі.

Үшінші деңгейдегі сектор қызмет көрсетуді ұсынады.

Кәсіпқой мамандар - жоғары кәсіби даярлықты талап ететін, айтарлықтай жеке дербестігі қамсыздандырылған және қоғамның сеніміне ие мамандар.

Көлеңкелі экономика - экономиканың жұмысшылар мемлекеттік бақылаудан жасырынатын бөлігі.

Жұмыссыздар - жүмысы жоқ, жұмыс істей алатын және жүмысты белсенді турде іздеп жүрген адамдар.

Тұрақсыз жұмыс - жұмысшыларға ұзақ мерзімге шамалы ғана тұрақтылық ұсынатын жүмыс түріне жатады.


написать администратору сайта