Главная страница
Навигация по странице:

  • НУО КАЗАХСТАНСКО -РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

  • 4 ЖМ студенттеріне « Балалар аурулары » пәні бойынша 1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер 2020-2021 о.ж. №1 есеп

  • 4 ЖМ студенттеріне « Балалар аурулары » пәні бойынша 1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер 2020-2021 о.ж. №2 есеп

  • Ауру және өмір анамнезі

  • 4 ЖМ студенттеріне « Балалар аурулары » пәні бойынша 1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер 2020-2021 о.ж. №3 есеп

  • Тапсырмалар

  • 4 ЖМ студенттеріне « Балалар аурулары » пәні бойынша 1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер 2020-2021 о.ж. №4 есеп

  • Бахытжан, 2 ай. Шағымдары

  • Баланың түскен кездегі жағдайы ауыр.

  • Кеуде торының

  • 4 ЖМ студенттеріне « Балалар аурулары » пәні бойынша 1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер 2020-2021 о.ж. №5 есеп

  • Бахытжан, 2 ай . Шағымдары

  • 4 ЖМ студенттеріне « Балалар аурулары » пәні бойынша 1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер 2020-2021 о.ж. №6 есеп

  • 4 ЖМ студенттеріне « Балалар аурулары » пәні бойынша 1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер 2020-2021 о.ж. №7 есеп

  • 4 ЖМ студенттеріне « Балалар аурулары » пәні бойынша 1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер 2020-2021 о.ж. №8 есеп

  • 4 ЖМ студенттеріне « Балалар аурулары » пәні бойынша 1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер 2020-2021 о.ж. №9 есеп

  • 4 ЖМ студенттеріне « Балалар аурулары » пәні бойынша 1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер 2020-2021 о.ж.

  • 4 ЖМ студенттеріне « Балалар аурулары » пәні бойынша 1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер 2020-2021 о.ж. №11 есеп

  • РК 1 Каз 4 ОМ 20-21. Нуо казахстанско

    Скачать 178 Kb.
    НазваниеНуо казахстанско
    Дата15.09.2022
    Размер178 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаРК 1 Каз 4 ОМ 20-21.doc
    ТипДокументы
    #679526

    МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ

    НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ

    МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

    МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

    4 ЖМ студенттеріне «Балалар аурулары» пәні бойынша

    1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер

    2020-2021 о.ж.
    1 есеп
    10 күндік нәресте қыз бала үй жағдайында педиатр дәрігерге қаралды. Қарау барысында кіндік аймағында ісік пен кіндік жарасының айналасының гиперемиясы, кіндік терісінің айналасының қантамырларының инъекциясы байқалады. Жараны ашу және кіндік тамырларының массажы барысында кілегей тәріздес ірің бөлінген. Үй жағдайы қанағаттандырмайды. Анасында зиянды әдеттері бар, баларға күтім көрсетілмеген.
    Сұрақтар:

    1. Балада қандай болжамды диагноз?

    2. Қандай маманның консультациясын ұйымдастыру қажет?

    3. Осы науқасқа емдеу жоспарын тағайындаңыз?

    4 ЖМ студенттеріне «Балалар аурулары» пәні бойынша

    1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер

    2020-2021 о.ж.
    2 есеп
    Босану үйінде жаңа туған нәресте қыз, жасы 4 күн. Баланың жағдайы орташа ауырлықта, есі анық, тексеріске іс әрекетті мазасыздықпен жауап қайтарады, бұлшықет тонусы қанағаттанарлық, тума автоматизмді рефлекстері шақырылады (іздеу, сору, қармаушы, тірек, еңбектеу және авоматты түрде жүру). Көзін ашады, көз қарашықтары бірдей көлемді, ұстамалары жоқ, менингеальды белгілері теріс. Тері жабындысы айқын сарғыш, Крамер шкаласы бойынша 3 аймаққа дейін (бас, кеуде, іш аймағы, бөкселер). Шырышты және сілемейлі қабаттары да сарғыш түске боялған. Тынысы еркін, ентігу мен тахикардия жоқ. Іші жұмсақ, бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. Үлкен дәреті өз еркімен, тәулігіне тек 1 рет, өтпелі, несеп шамалы сарғыш.

    Ауру және өмір анамнезі:

    Қыз балада терісінің сарғыштануы өмірінің 3ші күні байқалған. Бала 2 жүктіліктен, 2 шұғыл босану. Анасы мен балаға қан құюлар жүргізбеген. Ана мен балада II қан тобы, резус (оң). Жүктілік кезінде ешқандай препараттарды қабылдамаған. Жүктілік ерекшеліксіз өткен. Нәресте 38 аптада, Апгар шкаласының 7-8 балымен туылған. Салмағы 3900,0 гр, бойы 52 см. Сол сәтте шыңғырған. Төске бірден қойылған, белсенді сорған.

    Сұрақтар:

    1.Осы баладағы сарғыштықтың болуының ең ықтимал себебі?

    2. Протопорфирленген гем сақинасының катаболизмінің ең соңғы өнімі не болып табылады?

    3. Осы науқасқа емдеу тағайындау үшін қандай зертханалық тексерулер жүргізу керек?
    4 ЖМ студенттеріне «Балалар аурулары» пәні бойынша

    1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер

    2020-2021 о.ж.
    3 есеп
    Бала 3,5 айда. 1,5 айынан бастап терлегіштік, мазасыз ұйқы, жоғары қозғыштық, сескену байқалады және оны перинатальды ОЖЖ бұзылысының белгілері ретінде бағалаған.

    Қарау барысында, шүйденің тегістелуі мен таздануы бар. Үлкен еңбегі 2,5х3,0 см, қырлары жұмсақ, икемді. Бас сүйегінің пальпациясында ауырсыну мен шүйде сүйегі аймағының жұмсаруы байқалады. Кеуде торы икемді, төменгі апертураның кеңеюі, «гаррисонова борозда» қалыптасуы. Айқын бұлшықет гипотониясы, тері тургорының төмендеуі, іші «құрбақа» тәрізді жалпайған. Бала эмоциональды лабильді, мазасыз, жоғары терлегіштік анықталады. Улкен дәреті қатуға бейім.

    Тапсырмалар:
    1. Болжамды диагноз қойыңыз?

    2. Диагнозды айқындау үшін қосымша зертханалық зерттеулерді тағайындаңыз?
    3. Осы аурудың алдын алу және емдеу үшін қандай арнайы терапияны тағайындауға болады?

    4 ЖМ студенттеріне «Балалар аурулары» пәні бойынша

    1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер

    2020-2021 о.ж.
    4 есеп
    Бахытжан, 2 ай.

    Шағымдары жөтел, дене температурасының көтерілуі, тыныс алудың қиындауы.

    Ауру анамнезі: бала 3 күн бойы ауырған, дене температурасының көтерілумен және тұмауратып бастаған. Амбулаторлы симптоматикалық ем қабылдаған, бірақ 3 күні жөтел, ысқырықты тыныс шығарумен сипатталатын тыныс алудың қиындауы дамыған. Бала мазасызданып бастаған, ұйқысы бұзылған.

    Өмір анамнезі: бала бірінші жүктіліктен, бірінші жедетілген босанудан туылған. Жүктілік нефропатиямен қатар жүрген. Бірден шыңғырған, төске бірінші сағаттарда қойылған, белсенді емген. Туылған кездегі дене салмағы 2700 г, бойы 48 см. Төспен ана сүтімен тамақтандырылады. Бөлімшеге түскен кездегі дене салмағы - 4100 г.

    Баланың түскен кездегі жағдайы ауыр. Дене температурасы   С . Кеуде торы аймақтарының тарылуымен жүретін айқын ентігу, тыныс алу кезіндегі басының шайқалуы, периоральды цианоз, оральды крепитация, ауырланған ысқырықты тыныс шығару байқалады. ТЖ 68 рет мин. Өкпесінде қорапты дыбыстар. Аускультативті: қатқыл тыныс, тыныс алу мен шығару кезіндегі көптеген ылғалды майда көпіршікті сырылдар, тыныс шығаруы ұзарған. Жүрек үндері тұйықталған, ритмді, жиілеген. ЖЖЖ - 152 рет мин. Іші шамалы ісінген, пальпацияланады, бауыр төменгі қабырға доғасынан +1,5 см, консистенция жұмсақ-эластикалы. Көкбауыр ұлғаймаған.

    Клинико-инструментальды зерттеулердің нәтижелері:

    • ЖҚА: эритроциттер-3,3х 10 12/ л, Hb 110 г/л, лейкоциттер - 5,6 х 109/л, с/я – 22 %, лф – 68%, эоз.-3 %, мон-7 % , ЭТЖ - 12 мм/сағ

    • Кеуде торының R – графиясы: өкпе алаңдары ісінген, өкпе түбірі суреті күшейген және деформирленген, диафрагмасы төмендеген, өкпе түбірі структуралы. Жүректің көлеңкесі ұлғаймаған.

    Сұрақтар:

    1. Аурудың жетекші синдромын атаңыз

    2. Болжамды диагнозды негіздеңіз

    3. Емдеу тактикасын тағайындаңыз

    4 ЖМ студенттеріне «Балалар аурулары» пәні бойынша

    1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер

    2020-2021 о.ж.
    5 есеп

    1. Тыныс алу жетіспеушілігінің дәрежесін көрсетіңіз және негіздеңіз?

    2. Баладағы тыныс алу жетіспеушілігінің себептерін көрсетіңіз және даму механизмін түсіндіріңіз?

    3. ТАЖ басатын емдеу тактикасы қандай?

    4 ЖМ студенттеріне «Балалар аурулары» пәні бойынша

    1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер

    2020-2021 о.ж.
    6 есеп
    Бала 7 жаста, жедел ауырған. Дене температурасы 39,0оС дейін көтерілген, басы ауырған, құрғақ ауырсынатын жөтел. Анамнезінде: өмірінің бірінші жылы ЖРВИ мен 3 рет ауырған. Келесі жылдары ЖРВИ 4-5 реттен қайталанып отырған. Үйде қарау кезінде: жағдайы ауыр, шағымдары бастың ауруы және құрғақ ауырсынатын жөтел. Тері жамылғысы ылғалды, бозарған, «мәрмәр» тәрізді. Шырышты қабаттары таза. Аңқасы гиперемирленген. Тынысы ысқырықты. ТЖ – 32 рет 1 мин. Перкуторлы: оң жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың тұйықталған алаңы анықталады. Аускультативті: тынысы қатқыл, тұйықталған аймақ үстінде әлсіреу бар, сырылдар жоқ. Жүрек үндері тұйықталған, ритмді, шулар жоқ, ЖЖЖ 110 соққы/мин. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасының астында, көкбауыр пальпацияланбайды.

    ЖҚА: Hb - 105 г/л, Эр – 4,0х /л, Лейк – 18,6х /л, т/я – 10%, с/я – 57%, э – 1%, л – 23%, м – 9%, ЭТЖ – 28 мм/сағ.

    Кеуде торының рентгенографиясы: төменде көрсетілген.

    Тапсырма:

    1. Зертханалық зерттеу әдістерінің және кеуде торының рентгенограммасын интерпретациясын жасаңыз.

    2. Клиникалық диагнозды негіздеңіз.

    3. Емдеуді негіздеңіз

    4 ЖМ студенттеріне «Балалар аурулары» пәні бойынша

    1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер

    2020-2021 о.ж.
    7 есеп
    Бала А, 9 жаста.

    Шағымдары: периодты түрде пайда болатын тыныс алудың қиындаған ұстамалары, кеуде қуысының қысылу сезімі, жөтел. Жөтел түнгі және таңертеңгі уақыттарда күшейеді. Тұншығу ұстамалары өздігінен басылады, кейде эуфиллин қабылдаған соң.

    Анамнезінде: бала бірінші жүктіліктен, жүктілік токсикозбен және соңғы мерзімдегі түсіктің қаупімен өткен. Босануы жеделдетілген, уақытысынан ерте ұрық жолдасының ажырауы болған, ұрықтың гипоксиясы орын алған. Босануға кесарев тілігі арқылы рұқсат етілген. Бала 9 айға дейін төске салынған. Бір айлық жасынан бастап атопиялық дерматит көрініс берген. Кейін тұмау ауруларының фонында, анық температуралық реакциясыз ұстама тәрізді жөтел дамыған, қиындаған тыныс эпизодтары. Осындай жағдайлар жиі жаз айларында құрғақ және жылы ауа райы кезінде дамыған. 5 жасында саяжайға барған кезде ауыр тұншығу ұстамалары дамып, жедел жәрдем шақырған. Соңғы 2 жылда ұстамалар сиреген, 2 – 3 рет айына , ағымы жеңілдеген. Ұстамалардың аралығында жағдайы жақсарған.

    Тұқым қуалаушылығы – анасы жағынан әжесінде бронхиальды астма, баланың анасының дені сау.

    Объективті: тұншығу ұстамалары айына 1-2 рет болады. Баланың жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы қалыпты, жеңіл периорбитальды цианоз байқалады. Кеуде қуысы дұрыс формада. Перкуторлы – анық өкпелік дыбыс. Аускультативті барлық алаңда қатқыл тыныс, сырылдар жоқ.

    Зерттеу нәтижелері:

    - ЖҚА: эритроциттер –3,4х1012/л; Нв – 122 г/л; лейкоциттер -7,3 х 109/л; эозинофилдер – 10%, т/я -2%, с/я -48%, лимфоциттер -37%, моноциттер -3% ЭТЖ 9 мм/сағ.

    - Сыртқы тыныс функциясының зерттеуі – форсирленген тыныс шығарудың көлемі қалыптыдан 10%ға төмендеген.

    Сұрақтар:

    1. Осы ауруға жүйелі ГКС тағайындауға көрсетілімдер бар ма және не себепті

    2. Осы аурудың болжамы қандай?

    3. Науқас қандай спорт түрімен шұғылдана алады?

    4 ЖМ студенттеріне «Балалар аурулары» пәні бойынша

    1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер

    2020-2021 о.ж.
    8 есеп
    Ұл бала 7 жаста. 2 апта бұрын ЖРВИ мен ауырған. Дене температурасының 39°Сқа дейін көтерілуі байқалған, ауруының 5 күні денесінде бөртпелер және сол жақ балтыр-табан буынында ауырсыну пайда болған. Қарау кезінде: балтыр, бөксе аймақтарында, тізе айналасы және балтыр табан буынында петехиальды бөртпелер бар. Жүрек шекаралары қалыпты. Жүрек тондары шамалы-тұйықталған, тахикардия, пульс-120. Өкпе аускультациясында тынысы везикулярлы. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. ЖҚА: НЬ — 110 г/л, Эр — 4,5х1012/л, т.к. — 0,9. Тромб — 435х109/л, Лейк — 8,5х109/л, т/я — 2%, с — 57%, э -2%, л -28%, м — 7%, ЭТЖ — 15 мм/сағ.

    1. Балада қандай диагноз ең ықтимал болуы мүмкін?

    2. Науқаста қандай синдромдар анықталады?

    3. Осы ауруда ұандай нысан көп зақымданады?

    4. Болжамды диагнозды негіздеу үшін қандай қосымша зерттеу әдістерін жүргізу қажет?

    5. Терапия қағидаттары?

    4 ЖМ студенттеріне «Балалар аурулары» пәні бойынша

    1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер

    2020-2021 о.ж.
    9 есеп
    Қыз бала 10 жаста, бір жыл бойы қайталанатын мұрыннан қан кетуге, ЖРВИ мен ауырғаннан кейін денесінде және аяқ қолдарында көгерулер мен бөртпелердің пайда болуына шағымданады. Қыз бала қалыпты физиологиялық бірінші жүктілік пен босанудан туылған. Мерзіміне жетіп туылған. Туылған кезіндегі салмағы 3500 гр. Ерте анамнезі: ерекшеліксіз, жасына сай өсіп дамыған. Күнтізбесіне сәйкес екпелерді қабылдаған. Соңғы 1,5 жиі тұмауратып ауырған. Тұқым қуалаушылығы ауыртпалықсыз.

    Объективті: аңқасы таза, бүкіл денесінде және аяқ қолдарында әр түрлі дәрежеде боялған петехиальды және дақты геморрагиялар. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. ЖҚА: эритроциттер - 3,2х1012/л, Нb - 80 г/л, ТК - 0,80, тромбоциттер- 40х109/л, лейкоциттер – 8,2х109/л, ЭТЖ - 20 мм/сағ.

    1. Қыз балада қандай диагноз ең ықтимал болуы мүмкін?

    2. Науқаста қандай синдромдар анықталады?

    3. Қандай синдром осы диагноз туралы ойлауға мүмкіндік береді?

    4. Ажыратпалы диагностикада болжамды диагнозды негіздеу үшін қандай қосымша зерттеу әдістерін жүргізу қажет? (лейкоз)

    5. Мұрыннан қан кету кезіндегі дәрігердің тактикасы.

    4 ЖМ студенттеріне «Балалар аурулары» пәні бойынша

    1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер

    2020-2021 о.ж.
    10 есеп
    Ұл бала 5 жаста емханаға велосипедтен құлаған соң тізе буынының аймағындағы ісіктің пайда болуына, буынның ауырсынуына, күрт қимылдың шектелуіне шағымданып келді. Анамнезінде бала 4 жыл бойы ауыратыны анықталды. Өмір анамнезі: тұқым қуалаушылығында: анасының жағынан ағасында жарақаттармен шартталған айқын қан кетулері бар.

    Гематологтың Д-есебінде тұрады. Көгерулер мен мұрыннан қан кету кезінде периодты түрде емханада ем қабылдайды.

    Объективті: зақымдалған буынның көлемі ұлғайған, ұстағанда терісі жылы. 3 жасында тілін тістеп жарақаттаған кезде көптеп әрі ұзақ қан кету болған. Бөлімшеге түсу кезінде балада ұзақ мұрыннан қан кету болғанын айтады. 4 жасынан бастап балтыр табан және тізе буындарына қайталамалы қан құюлар байқалады. Буындары ісінген, деформирленген, қимылдың жалпы көлемінің шектелуі байқалады.

    ЖҚА: гемошлобин– 100 г/л, эритроциттер – 3,0x10 12/л, ретикулоциттер – 3%, тромбоциттер – 300x109/л, лейкоциттер – 8,3x109/л, Т/я –3%, С/я– 63%, Э – 3%, Л – 22%, М – 9%, ЭТЖ – 12 мм/сағ. Дьюк бойынша қан кетудің ұзақтығы: 1 мин. 30 сек. Время свертывания крови по Ли-Уайт бойынша қанның ұю уақытысы: 15 минуттан аса.

    1. Балада қандай диагноз ең ықтимал болуы мүмкін?

    2. Науқаста қандай синдромдар анықталады?

    3. Қанның ұю жүйесінің аталған көрсеткіштерінің қайсысы осы ауруға тән?

    4. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі ең ақпаратты болып табылады?

    5. Ұзақ мұрыннан қан кету кезіндегі жедел жәрдем.

    4 ЖМ студенттеріне «Балалар аурулары» пәні бойынша

    1 аралық бақылауға арналған жағдайлық есептер

    2020-2021 о.ж.
    11 есеп
    Қыз 9 айлық. Анасының шағымдары бозару, белсенсіздік, баласында тәбеттің төмендеуі. Өмір және ауру анамнезінен: анасында жүктілік кезінде анемия болған, бала мерзіміне жетіп туған, 2 айынан бастап – жасанды тамақтандыруда, жеміс шырындары мен езбелері 6 айынан бастап енгізілген, тұрақты емес, ет тағамдарын қабылдамайды.

    Объективті: бала белсенсіз, адинамиялы, жылауық. Тері және шырышты қабаттары бозарған, серпімділігі төмендеген. Тіндердің тургоры мен бұлшықет тонусы төмендеген. Тері асты шелмай қабаты нашар дамыған. ЖЖЖ 150 рет мин. Бауыр қабырға доғасынан 4 см, көкбауыр 3 см шығып тұр.

    1. Сіздің болжамды диагнозыныз?

    2. Диагноз неге негізделіп қойылған?

    3. Диагнозды растау үшін қандай қосымша зерттеу әдістерін қолданасыз?

    4. Осы науқасқа терапия түрін тағайындаңыз?

    написать администратору сайта