Главная страница

Бұраушы момент. О, ал саат тілі баытымен айналдырса теріс табалы


Скачать 14.12 Kb.
НазваниеО, ал саат тілі баытымен айналдырса теріс табалы
Дата29.11.2021
Размер14.12 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаБұраушы момент.docx
ТипДокументы
#285653



Бұралу деп сыртқы күштердің әсерінен біліктің көлденең қимасында тек бұралу моменті пайда болып, қалған ішкі күш факторлары нольге тең болатын біліктің деформациялану түрін (жүктелуін) айтамыз. ішкі күш факторлары деп отырғанымыз Nz , Qx , Qy , Mx , My нөлге тең болады.

Бұралып жұмыс істейтін бөлік білік деп атау деп қалыптасқан, бұраушы моменті Т әрпімен белгілейді.

Бұралу деформациясы іс жүзінде өте жиі кездеседі. Мысалы, машиналардың жетекші дөңгелектері отырғызылған осьтерде, берілгіш қорабындағы біліктерде, трансмиссиялық біліктерде т.б.

Бұралу деформациясын зерттеу, біліктердің көлденең қималарындағы бұраушы моменттері анықтап, олардың эпюрін тұрғызудан басталады. Ол үшін, бізге белгілідей, қию әдісі қолданылады. Эпюра деп отырғанымыз біліктің барлық ұзындығы бойынша бұралу моментінің өзгеру графигі бұралу моментінің эпюрасы деп аталады.

Қарастырушы біліктің қандай да бір қималардағы бұраушы моменттерін табу үшін, сол қима арқылы оны ойша екіге бөлеміз де, бір бөлігін алып тастаймыз (2.18, б – сурет). Алып тасталған бөліктің қалған бөлікке әсерін бұраушы моментпен алмастырамыз. Қалған бөлік, сыртқы айналдырушы момент пен қимадағы бұраушы моменттің әсерінен тепетеңдік күйде болады, яғни T=M. Егер қалған бөлікке бірнеше айналдырушы моменттер әрекет ететін болса, онда жоғарғыдай тұжырымдай отырып, мынаған көз жеткізуге болады:

Кез келген қимадағы бұраушы момент, қиманың бір жағында жатқан сыртқы айналдырушы моменттердің алгебралық қосындысына тең.

Егер айналдырушы момент М, қалған бөлікті, қима жағынан қарағанда сағат тілі бағытымен айналдырса, онда қимадағы бұраушыы момент Т оң, ал сағат тілі бағытымен айналдырса – теріс таңбалы деп аталады. Таңбалар туралы ережелер шартты түрде қабылданған, өйткені біліктерді беріктікке немесе қатаңдыққа есептегенде бұраушы моменттерінің таңбалары ескерілмей, ең үлкен абсалют шамасы ғана ескеріледі.


написать администратору сайта