Главная страница

эссе. оамдаы стаз мртебесі


Скачать 14.56 Kb.
Названиеоамдаы стаз мртебесі
Дата15.03.2022
Размер14.56 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаэссе.docx
ТипДокументы
#397235

Қоғамдағы ұстаз мәртебесі 358 сөз

Ұстаз. Ұстаз деген кім? Осы сауалға әр адамның жауабы әр түрлі. Бірі үшін бұл көп мамандықтың бірі, екінші біреуі үшін шәкірт тәрбиелеуші тұлға, ал енді біріне болашақ өмірге жетекші. Ал, осы нұсқалардың қайсысы дұрыс? Менің ойымша, нақты осылардың бірі ғана дұрыс деп айтуға келмейді. Себебі, ұстаз – шәкіртінің бойынан білімге деген құлшынысын арттыратын, бойындағы қабілеті мен талантын дамытатын, оқуда және жалпы өмірде биік белестерді бағындыруға жетелеуші тұлға. Ия, дүниеде мамандық көп, бірақ сол мамандықтың иесі атану үшін, әрине, ең бірінші, ұстаздан білім аласың. Мысалы, біреу депутат, әкім, тіпті, мүмкін, президент болуды қалайды, ұмтылады. Ал ол үшін, әрине, жақсы ұстаздың білімі мен өнегесінен бастау алады. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы», – деп бекер айтпаса керек.

Ұстаз болу – үлкен жауапкершілік. Алдыңа келген оқушының жақсы, не жаман болып өсуі ата-анадан кейін ұстаздың ықпалында. Мұғалімдерді екінші анаң, әкең дейтіні де осыдан болар.

Бұл аталып өтілгендер нағыз ұстаздың келбеті. Себебі, күнделікті жай ғана сабақ өткізу немесе саналы да сауатты ұстаз болу – менің түсінігімдегі екі түрлі нәрсе. Ия, мамандығыңды бітіріп, мұғалім болу көбінен қолынан келеді. Бірақ, барлығы бірдей нағыз ұстаз бола ала ма? Әрине, егер шынымен де өз мамандығыңа жаныңды салып, әр шәкірттің бойына өмірлік білім мен болашаққа серпіліс сіңіре білсең, неге болмасқа?

Ұстаздан шәкірт қай уақытта озады? Тек тәлім алушысы сауатты, саналы болған жағдайда ғана! Бұл жерде сауаттылық дегеннің өзі тек қана дұрыс оқу-жазуда ғана емес, ол - тәжірибесін өмірде қолдана алатын және оның жолдарын шәкіртіне үйрете алатын, әр оқушының жан-дүниесін түсіне алатын, жүрегі адалдыққа толы жан бола алса деген сөз деп түсінемін.

Қазіргі таңда мұғалімдікке көптеген түлектер аз балл жинап қалса немесе оқу үлгерімі нашар болса, түсе салатын мамандық ретінде қарайды. Менің пікірімше, мұғалім мамандығына тек таңдаулылар түсуі керек. Себебі, ұстаз болу – білімділердің білімдісі игеретін мамандық. Олай дейтінім, ұстаздың міндеті тек қана күнделікті сабақ берумен шектелмейді. Оның басты міндеті – саналы ұрпақ тәрбиелеу. Сондықтан, ұстаз ізденімпаз, дұрыс ойлайтын, өз ісін бар ынтасымен, жігерімен атқаруы керек. Бұл айтылған қасиеттердің барлығын сауаттылықтың негізі деп білемін.

Қорыта айтқанда, тұңғыш елбасы Н.Ә.Назарбаев айтып кеткендей «Еліміздің болашағы- бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың болашағы- бүгінгі ұстаздың қолында». «Ұстаз» деген ардақты атқа ие болу – үлкен құрмет, ал оған лайықты болу – біздің, осы мамандықты болашағым деп таңдау жасап, игеріп жатқан біздің қолымызда.



написать администратору сайта