Главная страница

Урбанизация. оамдаы урбанизация рдісі мен миграцияны зара байланысын айындаыз. Мысалдар келтіре отырып, азастанны ерекшелігін крсеті


Скачать 13.39 Kb.
Названиеоамдаы урбанизация рдісі мен миграцияны зара байланысын айындаыз. Мысалдар келтіре отырып, азастанны ерекшелігін крсеті
Дата10.12.2021
Размер13.39 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаУрбанизация.docx
ТипДокументы
#299477

Қоғамдағы урбанизация үрдісі мен миграцияның өзара байланысын айқындаңыз. Мысалдар келтіре отырып, Қазақстанның ерекшелігін көрсетіңіз.

Урбанизация – әлем елдері дамуының бір белгісі ретінде танылған маңызды көрсеткіш. 2018 жылы әлемдегі қала тұрғындарының саны 4,2 млрд-қа жетіп, 55%-ды көрсеткен.Қазір жан саны 10 млн-нан асатын қаланың саны – 38. Қазақстан халқының қалалануы және үш миллионер қала 2019 жылы 1 ақпанда Қазақстандағы қала тұрғындарының саны 58,1%-ға жетіп, 2009 жылмен салыстырғанда 4,9%-ға өскен. Сонымен бірге үш миллионер қала пайда болды: Алматы (1 856 480 адам), Астана (1 080 298 адам), Шымкент (1 011 538 адам).

Қазақстанда қалаланудың жағымды жағы: тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО кезінде Қазақстанға жер аударылған миллиондаған халық өз атажұрттарына қайтты. Сол кезде жұмыс іздеген халық босап қалған зауыт-фабрикаларға жиналды. Осылайша қаланы қазақыландыруға мүмкіндік туды.

Жағымсыз жағы: Қазақстандағы ауыл-шаруашылық кооперативтері, колхоздар мен совхоздар жекешелендіріліп, ауылдағы халық жұмыс көзінен және ішер астан тарығып, қалалы жерлерге үдере көшті. Алайда нарықтық құн көзқарасына, базар шаруашылығына үйренбей, ауыр дағдарысты бастан кешірді, кейбірі әлі күнге дейін қалада үйсіз-күйсіз жүр.


написать администратору сайта