Реферат. Облысты соттарындаы алалароларды тсінігі мен ыты мртебесі Облысты жне олара теестiрiлген соттарды ру
Скачать 18.01 Kb.
|
Облыстық соттарындағы алқалар-олардың түсінігі мен құқықтық мәртебесі Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды құру Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi – облыстық соттар) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады, қайта атайды және таратады. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Әрбір облыстық сот үшiн судьялардың санын уәкiлеттi органның ұсынуы негізінде Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша Жоғарғы Соттың Төрағасы белгiлейдi. Облыстық соттың құрылымы мен құрамы Облыстық сот төрағадан және судьялардан тұрады. Облыстық сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін. Облыстық соттың органдары: Жалпы отырыс; Жалпы отырыстың төралқасы; Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы; Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы; Кассациялық сот алқасы болып табылады. Апелляциялық сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын төраға басқарады. Кассациялық сот алқасын осы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын облыстық сот төрағасы басқарады. Сот алқасының сандық және дербес құрамын облыстық сот төрағасының ұсынуы бойынша облыстық соттың жалпы отырысы белгілейді. Мамандандырылған құрамдарды облыстық соттың төрағасы жасақтайды. Судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау үшін облыстық сот жанынан консультативтік-кеңесші орган – Қоғамдық кеңес құрылады. Қоғамдық кеңестің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады. Облыстық соттың өкiлеттiгi Облыстық сот: Өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды; Сот тәжiрибесiн зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды; Уәкілетті органның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады; Заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 14-бап. Облыстық соттың төрағасы Облыстық соттың төрағасы судья болып табылады және судья міндеттерін атқарумен қатар: Сотта сот ісін жүргізуді ұйымдастыру мәселелерін шешеді; Кассациялық сот алқасының отырыстарында төрағалық етеді; Облыстық соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау және судья әдебі нормаларын сақтау жөніндегі жұмысты қамтамасыз етеді; Соттың жалпы отырысының қорытындысы негізінде Жоғары Сот Кеңесіне судья лауазымына кандидаттың тағылымдамасының нәтижелері туралы қорытынды жібереді; Облыстық соттың жұмыс жоспарын бекітеді; Сот практикасын зерделеуді ұйымдастырады; Өкімдер шығарады; Облыстық соттың, Астана және Алматы қалалары соттарының кеңсесіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; Азаматтарды жеке қабылдауды жүргізеді; Заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Облыстық сот төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндеттерін уақытша атқаруды Жоғарғы Сот Төрағасы облыстық соттың апелляциялық сот алқалары төрағаларының біріне жүктейді, ал апелляциялық сот алқаларының төрағалары болмаған жағдайда облыстық сот төрағасының міндеттерін уақытша атқару облыстық соттың кассациялық сот алқасының судьясына жүктеледі. |