Главная страница
Навигация по странице:

  • Оқиғаның дамуы

  • Оқиғаның байланысы

  • Оқиғаның шиеленісі

  • Оқиғаның шарықтау шегі

  • Оқиғаның шешімі

  • Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымы

  • Оианы басталуы


    Скачать 18.26 Kb.
    НазваниеОианы басталуы
    Дата01.03.2023
    Размер18.26 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлашұға.docx
    ТипДокументы
    #963256


    Оқиғаның басталуы

    Сапарлас екі жолаушы бір ауылды бетке алып, жолға шығады. Бірі – автор, екіншісі – Шұға оқиғасына куәгер Қасымжан. Автордың суреттеуінде кең даланың табиғаты сипатталады. Сапарласы сөзінің арасында «Шұғаның белгісі» деген жер атауын ауызға алады. Осылайша, Шұға жайындағы хикая бастау алады.

    Оқиғаның дамуы

    Қасымжан Шұғаның ауылының жайын айта келіп, Есімбек байдың шаңырағы жөнінде сөз қозғайды. Байдың төрт ұлы мен бұраңдап өскен Шұға есімді кенже қызы болады. «Шұға десе, Шұға» деп, сұлу келбетті, ажарлы, ақылды он алтыдағы қыз бейнесі оқырманға таныстырылады. Ауылдағы бозбала біткеннің Шұғаға ғашық кезі. Осы бөлімде Шұғаның әкесінің досы Қалидың ұлына атастырылғаны да белгілі болады.

    Оқиғаның байланысы

    Есімбектің отауындағы ойын-сауық. Шұғаның ерекше сұлулығына тәнті болып, тілі байланған Қасымжан. Есімбектің ауылына орысша киінген Қазақбайдың ұлы Әбдірахман деген мұғалім келеді. Шұға мен Әбдірахман бір-біріне ғашық болып, құпия сырларын алтыбақанда бөліседі.

    Оқиғаның шиеленісі

    Ауыл адамдары Әбдірахман Күлзипаны алады деген сенімде еді. Күлзипа сол ауылдың адамы Айнабайдың қызы, жасы он жетілерде. Бұл екеуінің қосылуы Айнабайдың да, тұрмысы нашар Әбдірахманның әкесінің де қалауы еді. Алайда Әбдірахман «Тіпті сүймеймін, сүймеген адамды не қып аламын» деп жақтырмайтын.

    Оқиғаның шарықтау шегі

    Шұға мен Әбдірахманның шынайы махаббаты ауыл-аймаққа тегіс жайылып, Күлзипа да Әбдірахманнан күдер үзеді. Әкесі Айнабай болса оған «Түріктерге жасырын ақша жинап беріп жүр» деген жала жауып, жер аударғызады.

    Оқиғаның шешімі

    Әбдірахманнан айрылған Шұға қайғыға батып, құсалықпен ауырады. Ауыруына ешқандай ем көмектесе алмайды. Шұғаның ауруы жанына батқан әкесі Әбдрахманды алдыртқанымен, ол жеткенше Шұға қаза болады. Осылайша, Шұғаның басына орнатылған тас «Шұғаның белгісі» аталып кетеді.
    Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымы:



    написать администратору сайта