Главная страница
Навигация по странице:

  • Орындау

  • Бағалау

  • 3-тоқсан бойынша қазақ тілінен жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 6 сынып Бөлім «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер.Морфология Оқу мақсаты

  • Су - тіршілік көзі

  • Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл

  • Барлығы 7

  • бжб. 6 бжб қазақ тілі , әдебиет 3 тоқсан. Оылатын шыарма С. Торайыров Шыамын тірі болсам адам болып


    Скачать 31.87 Kb.
    НазваниеОылатын шыарма С. Торайыров Шыамын тірі болсам адам болып
    Дата14.03.2022
    Размер31.87 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла6 бжб қазақ тілі , әдебиет 3 тоқсан.docx
    ТипДокументы
    #395728

    3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 6 сынып

    Оқылатын шығарма

    С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Шәкірт ойы».

    Оқу мақсаты

    6.2.2.1 - эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау

    6.2.1.1 - шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау


    Орындау уақыты 15-20 минут

    Шығармадағы автор бейнесін анықтайды.

    1-тапсырма
    Шығамын тірі болсам адам болып,

    Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып.

    Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,

    Жүргенше өмір сүріп, надан болып.

    Мен балаң жарық күнде сәуле қуған,

    Алуға күнді барып белді буған.

    Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,

    Болмасам толғанайдай балкып туған.

    Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,

    Ойында оты барлар асылық демес.

    Тебем деп тірі болсам надандықты,

    Серт етіп, өз-өзіме еткем егес.
    2- тапсырма

    Автордың: «Шығамын тірі болсам адам болып..

    Жүрмеймін бұл жиһанда жаман болып »,- деп ой толғауының мәні неде деп ойлайсыз? Ойыңызды 5-6 сөйлеммен жеткізіп жазыңыз.


    Бағалау критерийі

    Тапсырма

    Дескриптор

    Балл

    Білім алушы

    - эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау




    1

    үзіндіні негізгі мәселені ажыратуда

    қолданады;

    1

    1

    көтерілген әлеуметтік-қоғамдық

    мәселені анықтайды;

    1

    1

    үзіндінің идеясын анықтайды;

    1

    Нақты эпизодтың маңыздылығын талдайды

    2

    автор сөзінің маңызын анықтайды;

    1

    толғаудың мәнін ажыратады;

    1

    өз ойын білдіреді.

    1

    Барлығы




    8



    3-тоқсан бойынша қазақ тілінен жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 6 сынып
    Бөлім «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер.Морфология
    Оқу мақсаты

    6.4.4.1. сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану

    6.1.3.1- тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау

    Орындау уақыты 15 -20 минут
    1 -тапсырма

    Мәтіндегі есімдіктерді теріп жазып, қай сөз табының орнын басып тұрғанын анықтап,жазыңыз.

    Су - тіршілік көзі

    Су − тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді. Алайда күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған судың емдік қасиеттері жайында көбі біле бермейді. Су адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да жайларда пайдаға асады. Назарларыңызға судың пайдасы, емдік қасиеттері жайында мәлімет ұсынамыз. Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жыл бойы судың қасиетін зерттеген. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты жақсы сөздер айтқан. Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға «ыза», «соғыс», «қан», «өлім» сияқты жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа, бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген.

    Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілі көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70% судан тұрады. Ендеше ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады.
    2. Мәтін мазмұнын түсіне отырып,сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды табыңыз.
    Судың қасиетін зерттеген ғалым кім?______________________


    Ол зерттеу барысында нені байқады? _____________________


    Сумен емделудің қандай түрі бар? ________________________


    Адам денесінің қанша пайызы судан тұрады? _____________



    Бағалау критерийі

    Тапсырма



    Дескриптор

    Балл

    Білім алушы

    Мәтіндегі есімдіктерді теріп жазып, қай сөз табының орнын басып тұрғанын анықтайдч.


    1

    Есімдіктерді теріп жазады;

    -қай сөз табының орнында тұрғанын анықтайды.



    1

    1

    мәтіннің мазмұнын түсінеді,детальді ақпаратты жазады.

    2


    мазмұнын жұпта талқылайды;

    1-ақпарат

    2-ақпарат

    3-ақпарат

    4-ақпарат


    1

    1

    1

    1

    1

























    Барлығы







    7








    написать администратору сайта