Главная страница
Навигация по странице:

  • Бағалау критерийі

  • Ойлау дағдысының деңгейлері Қолдану Орындау уақыты

  • Ұлттық құндылық Драмадан мысал

  • Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл

  • Барлығы 10

  • Ттт. бжб 10 сынып адебиет 4 токсан 1. Оылатын шыарма Ш. Мртаза Бесеуді хаты


    Скачать 16.14 Kb.
    НазваниеОылатын шыарма Ш. Мртаза Бесеуді хаты
    Дата25.04.2023
    Размер16.14 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлабжб 10 сынып адебиет 4 токсан 1.docx
    ТипДокументы
    #1088026

    «Тарих тағылымы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


    Оқылатын шығарма

    Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты»

    Оқу мақсаты

    10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру;

    10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;

    Бағалау критерийі

    Білім алушы




    Ұлттық құндылықтарды контекстермен байланыстырады;

    шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, пікір білдіреді.

    Ойлау дағдысының деңгейлері

    Қолдану

    Орындау уақыты

    15-20 минут


    1-тапсырма. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы Тұрар Рысқұловтың бейнесі арқылы дәріптелетін ұлттық құндылықты анықтап, шығармадан мысал келтіріңіз.

    Ұлттық құндылық

    Драмадан мысал




    «Менен басқалар да Қазақстандағы өрескел бұрмалаушылықты Сізге жеткізуге тырысқан. Бірақ олардың дауысы Сізге жетпей жатыр...Мысалы, жазушы Ғабит Мүсірепов бастаған бес адам Сізге хат жазған. Бірақ...хат ұсталған...»




    «Жарық дүниеде жазықсыздарға жапа шеккізген озбырлар. Қиянатшыл бәлеқор-жалақорлар. Әділет тағынан тайғандар. Пейілі жаман пенделер. Танаураған тайтақайлар...»



    «Мансап та ауру. Мансапқорлар да нашақорлар сияқты. Мансаптың мастығы – нашақор мастығынан да қауіптірек...»


    2-тапсырма. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасындағы Т.Рысқұлов, Ғ.Мүсірепов, Нұрхан образдары арқылы дәріптелген құндылықтың қазіргі қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін дәлелдеңіз. (5-6 сөйлем)

    ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

    3-тапсырма. Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасының тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, ойыңызды «Төрт сөйлем» әдісі арқылы жеткізіңіз.

    1. Пікір. Шығарманың тарихи құндылығы туралы өз пікіріңізді жазыңыз. (1 сөйлем)

    2. Дәлел. Өз ойыңызды аргументпен дәлелдеңіз. (1 сөйлем)

    3. Мысал.Шығарманың көркемдік құндылығына мысал келтіріңіз. (1 сөйлем)

    4. Қорытынды. Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығы жайлы өзіндік қорытынды шығарыңыз. (1 сөйлем)



    Бағалау критерийі

    Тапсырма

    Дескриптор

    Балл

    Білім алушы

    Ұлттық құндылықтарды контекстермен байланыстырады.

    1

    Кейіпкер бейнесі арқылы дәріптелген 3 құндылықты анықтайды.

    3

    2

    Құндылықтың маңыздылығын дәлелдейді;

    1

    Образдар арқылы дәріптелген құндылықты анықтайды;

    1

    Шығармадан дәлел келтіреді.

    1

    Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, пікір білдіреді.



    3

    Тарихи құндылығын анықтайды;

    1

    Көркемдік құндылығына мысал келтіреді;

    1

    Өз ойымен байланыстырады;

    1

    Төрт сөйлем арқылы өз ойын дәлелдеп мысал келтіреді.

    1

    Барлығы

    10




    написать администратору сайта