Главная страница
Навигация по странице:

  • Мәтіннен ақпаратты іріктеп, оған комментарий жасаңыз.

  • ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі әлемдегі және Қазақстандағы қандай өзекті мәселелерді шешуге жол ашты Пікіріңізді білдіруде оқылым мәтінінен авторына сілтеме жасай отырып, дәлел келтіріңіз.

  • НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! БАЛЛ ШӘКІЛІ ӨЗГЕРЕДІ!!!! Оқылым және мәтінді талдауға арналған балл қою кестесі

  • Тапсырма № Жауабы Балл

  • Жазылым бойынша балл қою кестесі Балл

  • 2т №2ТЖБ 9 қазақ тілі (копия). Оылым Тапсырма Мтінді оып, тменде берілген тапсырмаларды орындаыз.7 балл экспо2017 крмесі алай тті


    Скачать 41.76 Kb.
    НазваниеОылым Тапсырма Мтінді оып, тменде берілген тапсырмаларды орындаыз.7 балл экспо2017 крмесі алай тті
    Дата12.05.2022
    Размер41.76 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2т №2ТЖБ 9 қазақ тілі (копия).docx
    ТипДокументы
    #525738

    2 ТЖБ 9-сынып. «Қазақ тілі» пәні бойынша тапсырмалар. 2-тоқсан. Күні: ______


    Оқушының аты-жөні _________________________________________________ Балл ______

    Оқылым

    Тапсырма

    Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.[7 балл]
    ЭКСПО-2017 көрмесі қалай өтті?

    «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, «ЭКСПО, ЭКСПО» деп жүргенімізде ЭКСПО да өтті. Иә, ол қалай өтті? Халықаралық маңызы ерекше көрмені өткізу барысында қандай дайындық қамы жасалды? Не істеді? Не істелінді? Біз осы сауалдарға жауап іздейміз.

    ЭКСПО көрмесін өткізу барысында барлығы 647 мәдени шара ұйымдастыруды жоспарланған болатын. Барлық іс-шаралар бекітілген мерзімде ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылған. ЭКСПО-ға дайындық штабының жұмысы негізгі бес бағыт бойынша жүргізілді. Олар: құрылыс нысандарын уақытында аяқтап, пайдалануға беру, көлік және инженерлік инфрақұрылым, шетелден келген қонақтарды қарсы алу, қаланы мерекелік безендіру, мәдени және спорттық шараларды ұйымдастыру; қоғамдық көліктің қозғалыс бағытының сызбасын даярлау; қажетті азық- түлікпен қамтамасыз ету; елге келген туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Көрме өз жұмысын бастағалы бері Астанаға 2,1 миллион адам келген. Оның 1,4 миллионы – шетелден келген туристер. Темір жол бекеттерінің қызметіне сұраныс – 60 пайызға, әуежай қызметіне – 70 пайызға, туристік операторлардың жұмысына сұраныс 78 пайызға артты. Қала қонақтары үшін ақпарат беретін алты дүңгіршек іске қосылып, үш тілде қызмет көрсетіп жатты. Сондай-ақ, туристер үшін Welcometoastana интернет-порталы ашылды. Үш айдың ішінде оның тұрақты қолданушыларының саны 20 мыңды құраса, барлығы 95 мың адам кіріп көрген екен.

    Астана қаласындағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін ситуациялық орталық ашылған еді. Оның көмегімен көшелерге бейнебақылау камераларын орнату арқылы қылмыс деңгейін төмендетуге жол ашылды дейді аталмыш орталық қызметкерлері.

    Осынша ауқымды шара аясында азық-түлікпен қамтамыз ету мәселесінің де туындауы ықтимал еді. Алдын ала болжам бойынша, көрмеге келетін қонақтардың есебінен азық- түлікке деген сұраныс 20-30 пайызға артып, қалаға күн сайын 1500 тонна азық-түлік әкеліне бастады. Жаңадан базарлар желісі құрылды. Баға тұрақтылығын бақылауда ұстау үшін

    «Кенмарт», «Астықжан» сауда үйлеріне 300 миллион теңге көлемінде қарыз берілді. Сөйтіп аталған сауда үйлері 49 азық-түлікке өз бағаларын қойған. Ол жыл соңына дейін сақталды. Бұл шаралар азық-түлікке деген сұраныстың 30 пайыздан 80 пайызға өсуіне қарамастан, бағаны тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік берді.

    Астана қаласы әкімдігінің мәліметтеріне сүйенсек, ЭКСПО көрмесін өткізуге байланысты ұзындығы 23,4 шақырым 11 көше салынып, 17,6 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көрме аймағын жылумен және электр жүйесімен қамтамасыз ету үшін 50,2 шақырымдық жылу жүйелері, 25 585 шақырым электр желісі, үш электрмен қамтамасыз ету жүйесі, «Жаңа жол» қосалқы электр станциясы салынды. Одан бөлек, қала қонақтарының саны артуына байланысты жаңадан жеті Shuttle Bus автобусы қосылды. Ол ЭКСПО көрмесі мен қала сыртындағы ауылдардың арасында қатынап, жолаушыларды тасымалдап жүрді. Қаланың 142 қоғамдық көлігі күн сайын 55 мың жолаушыны тасымалдаған. Қала тұрғындары осы қоғамдық көліктер мен олардың қозғалыс бағытын көрме аяқталған соң да, қала тұрғындары үшін қызмет көрсетуін жалғастыра беруін сұрап, диспетчерлік орталыққа өтініштерін білдірген соң, ол мәселе де шешілді.

    Мыңдаған меймандарға көрсетілетін медициналық көмектің де сапасының жоғары болуы – басты мәселенің бірі болды. Бұл ретте медициналық қызмет көрсететін жедел штаб құрылды. Көрме аймағында жеті медициналық бөлім мен медициналық орталық жұмыс істеді. Қала бойынша жеті қалалық медициналық мекеме мен жеті республикалық клиника қызмет көрсетті. Жедел жәрдем қызметінің жаңа Орталық станциясы ашылды.

    Ауқымды шараның сәтті өтуі – ұйымдастырудағы ұсақ-түйек детальдардан басталатыны белгілі. Соның ішінде еріктілер еңбегінің жұмысы айрықша. Ұлттық компанияның еріктілерінен бөлек, қаладан 510 ерікті жиналды. Олар күн сайын әуежайдан, бекеттерден туристерді күтіп алу мен түрлі іс-шараларды ұйымдастыру сынды жұмыстарға белсене араласты. Көрме аяқталған соң, еріктілердің белсенділері арнайы қала әкімшілігі тарапынан марапатталды.



    1. Мәтіннен ақпаратты іріктеп, оған комментарий жасаңыз.







    Іріктелген ақпарат


    Комментарий

    Мәселенің оң

    жақтары



    1.

    2.






    Мәселенің

    мүмкіндіктері



    1.

    2.






    Қорытынды








    1. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі әлемдегі және Қазақстандағы қандай өзекті мәселелерді шешуге жол ашты? Пікіріңізді білдіруде оқылым мәтінінен авторына сілтеме жасай отырып, дәлел келтіріңіз.



    Жазылым




    Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында жанры мен стильдік ерекшеліктерін ескеріңіз. Көркемдегіш құралдарды, ыңғайлас, себеп-салдар, қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданып, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз. [8 балл]



      1. «Адам құқығы бала құқығын қорғаудан басталады» тақырыбында жинақы мәтін (тезис) жазыңыз. Жазба жұмысын орындауда жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ескеріңіз. (80-100 сөз)

    1. 10 -сынып оқушысы Азаматтың ата-анасына баласының 2019 жылдың ақпан айында кешкі 22:00-ден кейін беймезгіл жүргені үшін ішкі істер қызметкерлері  ескерту  берген болатын.  Сол жағдай мамыр айында қайталанып, ІІБ қызметкерлері Азаматты тағы  да бөлімшеге алып кетті.  Баланың бұл іс-әрекетіне  ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қандай шара қолданған болар еді? Өз ойыңызды дәлелдеп, аргументативті эссе жазыңыз. (120-150 сөз)



    НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! БАЛЛ ШӘКІЛІ ӨЗГЕРЕДІ!!!!

    Оқылым және мәтінді талдауға арналған балл қою кестесі

    Тапсырма



    Жауабы

    Балл

    1

    Мәселенің 2 оң жағын көрсетеді;

    1




    Мәселенің 2 мүмкіндігін жазады;

    1




    Мәселенің оң жағына комментарий жасайды;

    1




    Мәселенің мүмкіндіктеріне комментарий жасайды

    Қорытынды шығарады.

    1


    2

    Пікірін мәтін түрінде жүйелі білдіреді

    1




    Авторына сілтеме жасай отырып, мәтіннен дәлелдер

    1




    келтіреді. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін пайдаланады және сызып көрсетеді

    1

    Барлығы




    7

    Жазылым бойынша балл қою кестесі

    Балл

    Сипаттамасы

    8

    Жанры мен стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымы мен тілдік құралдарды орынды қолданады.

    Салалас құрмалас сөйлемдерді жүйелі қолданады, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады

    6-7

    Жанры мен стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымы мен тілдік құралдарды қолдануда мардымсыз қателер жібереді.

    Салалас құрмалас сөйлемдерді жүйелі қолдануда, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазуда жіберген қателері түсінуді қиындатпайды.

    4-5

    Жанры мен стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымы мен тілдік құралдарды қолдануға тырысады.

    Салалас құрмалас сөйлемдерді қолдануда қателіктер жібереді

    Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы,

    шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.

    2-3

    Жанры мен стиліне сай құрылымы жүйесіз немесе анық емес.

    Салалас құрмалас сөйлемдерді қолдануда жіберген қателері ақпаратты түсінуге кедергі келтіреді.

    Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.

    1

    Стилі мен жанрына сай көркем тіл құралдарын, салалас құрмалас сөйлемдерді аз қолданады немесе мүлдем қолданбайды.

    Сөздері кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың,

    бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.







    написать администратору сайта