Главная страница

1-Практикалық сабақ Жеке тұлға. Оимыз. Сйлейміз. Жазамыз


Скачать 0.67 Mb.
НазваниеОимыз. Сйлейміз. Жазамыз
Дата12.10.2021
Размер0.67 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла1-Практикалық сабақ Жеке тұлға.docx
ТипДокументы
#246374

Жеке тұлға.



Оқимыз.Сөйлейміз.Жазамыз.

Сөздік қор жеке тұлға, әлеумметтік индивид ретінде, жаңа туылған нәресте, кісі болып ер жету үшін, нәресте, сәби, бөбектерді, кісі, тұлға, бір іспен айналысатын, өз бетінше әрекет ете алатын, өмір тәжірибесі, білім мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам-мұраты бағыт-бағдары, биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, адамгершілік қасиеттер, әрекет ету, өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырлары.

Ойтүрткі

-Жеке тұлға деген кім?

- Сіз өзіңізді жеке тұлғамын деп санайсыз ба?

- Сіздің ойыңызша, жеке тұлғаның қоғаммен байланысы бар ма?

1-тапсырма. Мәтінді оқып, әңгімелеңіз.

Қазақстан Республикасы Aзаматтық кодексі бойынша Жеке тұлға – Қазақстан Республикасы немесе басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Яғни қapaпaйым сөзбeн айтсaқ, «жеке тұлғa» ұғымы «aзaмaт» деген ұғым рeтінде қолдaнылaды. Жеке тұлғaғa философияда мынaдaй aнықтaмa береді: «Жеке адам- әлеумметік индивид ретіндегі адам, қоғам мүшесі... Әр aдaмның өзіне тән мінез-құлқы, интеллектісі, сезім-түйсігі болaды. Сол қaсиеттердің толықтығы жеке адамның психологиялық тұрғыдан жан дүниесі қалыптастырады».

Жaңa туылған нәрeсте «aдaм» деп aтaлғaнымeн, «тұлғa» дeгeн aтқa көпкe дeйін иe бoлa aлмaйды. Өйткені, жеке тұлға болып ер жету үшін бала оңын мен солын, өзінің «менің» басқа «мендермен», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын, есейіп ер жетіп өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға деп атаймыз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білім мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам-мұраты бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады.

Жеке тұлға дегеніміз – биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі. Жеке

тұлғаның ең негізгі белгілері – саналылық, жауапкершілік, ой-пікір еркіндігі, адамгершілік қасиеттер болып табылады. Адамның жеке тұлға болып қалыптасуы үшін отбасы ең басты рөл атқарады. Отбасында адам тұлғасының негіздері қаланады. Ғалымдардың зерттеулерінде адамның тұлғалық негіздері 3 жасқа дейін қаланады деген тұжырымдар айтылған. Бұл жаста адамның, психикалық үрдістері ғана дамып қоймай, ол өмірдің соңына дейін бойында сақталатын алғашқы тәжірибе мен өзін-өзі ұстау тәрбиесін алады.

Тұлға – жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Барлық адамдарға тән ортақ қасиет - ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі, ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді.
2-тапсырма. Берілген әр атауды жеке тұлға ретінде сипаттап беріңіз.


студент

  • Жеке тұлға

тыңдаушы

оқушы

жолаушы

тұтынушы

жұмысшы

қызметкер

заңды тұлға



3-тапсырма. Мәтіндегі етістіктердің мағынасын түсініп, қарапайым сөйлем құрыңыз.

Қолданылу, құрау, болу, айту, ер жету, ажырату, әрекет ету, атау, айналысу, қалыптасу, атқару, сақтау, ұстану, өмір сүру, сіңіру.
4-тапсырма. Сөйлемдерді тиісті жалғаулармен толықтырыңыз.


әке ...



Бұл кісі менің ...
Бұл кісі оның ...
Бұл кісі біздің ...



ана...



Бұл кісі кім?


ата...



әже...


5-тапсырма. Берілген сұраққа қалай жауап берер едіңіз?


спорт

IT технология

Қандай да болмасын бір іспен айналысатын адамды жеке тұлға деуге болады. Ал, сіз немен айналысасыз



шығару...

жасау...

өндіру...

тігу...

өсіру...


Тұрғын үй жобасын


Заманауи киім үлгілерін


Көкөніс


Бидай


Мал шаруашылығы


айналысу



Сүт өнімдерін


жеке кәсіпкерлік

6-тапсырма. «егер, онда» қолдана отырып, әр тұлға қайда жұмыс істейтінін анықтаңыз.

Егер, ол дүкеннен зат сатып алса, онда ол ..... .

Егер, ол жалпы білім беру мекемесінде оқып жүрсе, онда ол ..... .

Егер, ол семинар, курстарға қатысып білімін шыңдап жүрсе, онда ол .... .

Егер, ол мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін болса, онда ол ..... .

Егер, ол жоғары оқу орнында үздік диплом алу үшін оқып жүрсе,онда ол...

Егер, ол банкте кәсіпкер ретінде төлемақы төлейтін болса, онда ол .... .

Егер, ол алыс сапарға пойызбен шығатын болса, онда ол .... .

Егер, ол зауыдтта қарапайым жұмыс атқаратын болса, онда ол .... .
7-тапсырма. Сұраққа үлгі бойынша жауап беріңіз.

Қандай адам жеке тұлға бола алады?


Үлгі: Кәмелетке толған әр азамат жеке тұлға бола алады.

Кәмелетке толған әр азамат жеке тұлға бола алмайды.

Кәмелетке толған әр азамат жеке тұлға болу. Біз – білім алушылар жеке тұлға болу. Сен білімді, білікті азамат ретінде жеке тұлға болу. Олар жеке кәсіпкер ретінде жеке тұлға болу. Сіз саналы, білімді, жан-жақты адам ретінде жеке тұлға болу. Сендер Қазақстан Республикасының азаматысыңдар, сондықтан да жеке тұлға болу. Жaңa туылған нәрeсте «aдaм» деп aтaлғaнымeн, «тұлғa» дeгeн aтқa көпкe дeйін иe бoлу.


Неге қол жеткізгім келеді?

(мақсат қою)
7-тапсырма. Адамның тұлға ретінде өсу кезеңдерін кесте бойынша әгімелеңіз.


Неліктен бұл маңызды? (құндылық бағдарлар)

Мақсатыма қалай жетемін? (даму жоспарлары)

Мен кіммін?

(өзін-өзі бағалау)





Мақсатыма жеткенімді қалай білем? (өзін-өзі талдау)



Мен қандай тұлға болып қалыптасамын? (өзіндік идентификация)




Жазамыз. Сөйлейміз.

8-тапсырма. Екі мәтінді салыстыра отырып, постер құрастырыңыз.

1.Менің жеке тұлға боп қалыптасуыма отбасымның қосқан үлесі өте зор. Себебі, әкем де, анам да маған саналы тәрбие беру үшін бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп отырды. Әрине, ол кісілер жұмыс істеп, өз қызметтерін де атқарып жүрді. Дегенмен, жұмыстан бос уақыттарын отбасымызбен бірге өткізіп, оқыған кітап, көрген фильмдер, естіген аңыз-әңгімелерді ортаға салып, қызықты ойларымызбен бөлісетінбіз. Бара-бара бұл жағдай біздің отбасымыздың дәстүріне айналды. Әкем көп оқитын және үлкен ата-бабаларымыздың өсиет, нақыл сөздерін айтып, дәріптеп отыратын. Содан болар мен санама адам бойына тән жақсы мінез-құлықтарды жинақтап, үлкен рухани байлық алып өстім.

2.Мен де барлық адамдар сияқты өзімді жеке тұлға ретінде сезіне аламын, себебі, мен атам мен әжемнің тәлім-тәрбиесін алып өстім. Ол кісілер мені бір ерекше жақсы көріп, ерекше тәрбие берген деп айтсам, артық емес. Атам көпті көрген, ауылдың ең ақылды, данагөй адамы еді, сондықтан да болар мен ертедегі аңыз-әңгіме, нақыл сөздер, ғибратты әңгімелерді өте көп біліп өстім. Бұл маған өмір бойғы өмірлік азығым болды. Әжем әркез ыңылдап ән айтып, домбырада ойнайтын, менің домбырада ойнауымның сыры да осы болар. Менің ойымша , әр жеке тұлға ол қоғамның мүшесі, ал, оның жақсы, жағымды тұлға болуы – ол отбасындағы тәрбие.
9-тапсырма.Берілген сөйлемдерді мәтіннің көмегімен толықтырыңыз.

Қарапайым сөзбен айтсақ, «жеке тұлға» ұғымы ... . нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген .... . кісі болып ер жету үшін бала оңын мен солын, өзінің ... . ..... ...... кісі, тұлға деп айту қиын, есейіп ер жетіп өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға деп атаймыз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білім мен дағдысы, икемі, ..... . Адамның жеке тұлға болып қалыптасуы үшін .... . Тұлға – жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып,..... .
10-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін мәтіннен тауып, мағынасын ашыңыз.

Қарапайым сөзбен айтсақ, жеке адамның, «жеке тұлға» ұғымы, әр адамның өзіне тән мінез-құлқы, «тұлға» деген атқа, айту қиын, бір іспен айналысатын, биологиялық құрылысы бар, ең негізгі белгілері, адамның жеке тұлға болып, ғалымдардың зерттеулерінде, психологиялық қырларын, жан-жақты сипаттайтын ұғым.

11-тапсырма. Мәтінді оқып, маpмұнына қарай жалғастырыңыз.

Отбасында адам тұлғасының негіздері қаланады. Ғалымдардың зерттеулерінде адамның тұлға негіздері 3 жасқа дейін қаланады деген тұжырымдар айтылған. Бұл жаста адамның, психикалық үрдістері ғана дамып қоймай, ол өмірдің соңына дейін бойында сақталатын алғашқы тәжірибе мен өзін-өзі ұстау тәрбиесін алады.

Жазамыз. Сөйлейміз.

12-тапсырма. Кестедегі сөйлемдерді мәтіннің көмегімен сәйкестендіріп, өз ойыңызды айтуға жаттығыңыз.

1.

Жеке тұлға -


ол қоғам мүшесі.



2.

Жеке тұлға дегеніміз -


«азамат» деген ұғым ретінде қолданылады.



3.

Жеке тұлға ұғымы -

биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі.



4.

Өмір тәжірибесі, білімі, дүниетанымы, икемі, мақсаты бар адамды ...

отбасынан бастау алады.



5.

Адамның жеке тұлға болып қалыптасуы

жеке тұлға деуге болады.



6.

Нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын...

есейіп ер жетіп өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға деп атаймыз.



7.

Жеке тұлғаның ең негізгі белгілері

саналылық, жауапкершілік, ой-пікір еркіндігі, адамгершілік қасиеттер болып табылады.





написать администратору сайта