Главная страница

Оытуды функциялары


Скачать 15.17 Kb.
НазваниеОытуды функциялары
Дата15.12.2021
Размер15.17 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла3 c.docx
ТипДокументы
#304844

Оқытудың функциялары
Оқытудың білім беру функциясы - бұл адам баласын білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау.

Оқытудың тәрбиелік функциясы - оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы идея Я.А.Коменскийдің, И.Ф.Гербарттың, Ф.А.Дистервектің, Н.И.Пироговтың және К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған. Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.

Оқытудың дамыту функциясы. Белгілі психологтар Л.С.Выготский мен С.Л.Рубинштейн ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адамның тәрбие мен оқыту процесінде жетіледі. Дамытып оқыту - бұл оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Дамытып оқытудың міндеті - «Ең таяу даму зонасын» жасау.

Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және бөліктерімен сипатталады. Олар:

Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру мазмұны).

Мұғалім, оның өмірге, ғылымға көзқарасы және оқушылармен қарым-қатынасы (сабақ беру).

Оқушылар, сынып ұжымы (оқу іс-әрекеті).

Оқыту әдістері.

Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың техникалық құралдары.

Оқыту нәтижелері.

Оқу - оқыту процесіндегі оқушылардың іс - әрекеті. Оқыту процесінің логикасы және құрылымын анықтайды, ал құрылымына оқыту процесінің таным іс-әрекетінің кезеңдері кіреді.

Tаным міндеттерін жете түсіну. Таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар өз бетімен ізденіп шешуге тырысады, оқыту процесінің әрбір кезеңдеріне жеке-жеке дайындалады.

Жаңа материалды қабылдау. Оқушыларды жаңа материалдармен таныстыру, бақылау, эксперимент, практикалық жұмыстар процесінде тікелей қабылдау арқылы және жанама түрде мұғалімнің сөзі, эвристикалық әңгіме, оқулық арқылы іске асырылады.

Оқытудың 3 функциясы бар:

1.білімдік - оқушыларды білім негіздерімен қаруландыру.

2. тәрбиелік - адамгершілік, ұқыптылық, жауапкершілік, отансүйгіштік, т.б. қасиеттерді тәрбиелеу.

3. дамытушылық - баланың таным қабілеттерін арттыру.
Оқыту процесінде оқушыларға білім берумен қатар, ең алдымен тәрбие берілуі керек. Оқушыларға адамгершілік, еңбексүйгіштік, ақыл-ой, дене, т.б. тәрбие беру міндеті жүзеге асырылады. Соның ішінде оқыту, ең алдымен, ақыл-ой тәрбиесімен тығыз байланысты.


написать администратору сайта