Главная страница
Навигация по странице:

  • Ревматология

  • Анализдерде: Жалпы қан анализі

  • Жауабы

  • БӨЖ ревма Айдана. ожа Ахмет Ясауи атындаы халыаралы азатрік университеті Пропедевтика жне ішкі аурулар кафедрасы


    Скачать 17.42 Kb.
    Названиеожа Ахмет Ясауи атындаы халыаралы азатрік университеті Пропедевтика жне ішкі аурулар кафедрасы
    Дата23.11.2022
    Размер17.42 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаБӨЖ ревма Айдана.docx
    ТипДокументы
    #808755

    Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық

    қазақ-түрік университеті

    Пропедевтика және ішкі аурулар кафедрасы

    Ревматология
    БӨЖ
    Тақырыбы Подагра

    Қабылдаған: Абдирамашева К.С

    Орындаған: Қонысбек А

    Тобы: ЖМ-901F

    Түркістан

    2022-2023

    50 жастағы ер адам, учаскелік терапевтке ішінің қатты ауырсынуына, және оң аяғының қатты ауырсынуына ісінуіне, буын үстіндегі терісінің гиперемиясына, дене қызуының 38,5°С-қа дейін көтерілуіне шағымданып түседі.

    Анамнезінде: Бір күн бұрын көп мөлшерде ет пен қызыл шарап ішкені белгілі болды. Ауыруы бірінші рет болып тұр. Және кенеттен таңғы сағат 6-лар шамасында пайда болған. Ауырсыну сезімі оң аяқтың 1-ші метатарсофалангальды буыны аймағына локализацияланған.

    Отбасылық анамнезінде: Анасы – 2-ші типті қант диабетімен және артериялық гипертониямен сырқаттанады. Әкесі – Подагра және подагралық полиартритпен сырқаттанады.

    Жалпы қарағанда: Жағдайы қанағаттанарлық. Бойы – 172 см, дене салмағы – 105 кг. Дене массасының индексі- 35,59 кг / м2. Бел шеңбері – 115 см, жамбас шеңбері – 123 см. Тері жамылғысы қалыпты. Бел аймағындағы қағу симптомы теріс. Оң аяғының 1-ші саусағының метатарсофалангальды буынын тексергенде: буын үстіндегі терісі күрт гиперемияланған, ұстағанда ыстық, буынның ісінуі көрші жұмсақ тіндерге таралуда. Оң яғын пальпациялағанда саусағы, буыны қатты ауырады, қозғалысы және жүруі шек-телген, жүруі мүмкін емес. Ауырсынуы аналогтық шкала бойынша қарқындылығы 7 баллды қүрайды.

    Аускультацияда : Өкпесінде везикулярлы дыбыс, сырылдар жоқ. Тыныс алу жиілігі - 16 рет/ мин. Жүрек тондары әлсіреген, ритмі дұрыс. ЖСЖ- 82 рет/мин. АҚҚ- 130/84 мм.сын.бағ . Пальпацияда:Іші жұмсақ,ауырсынусыз. Бауыры және көкбауыры ұлғаймаған Дизурия жоқ.

    Анализдерде: Жалпы қан анализі: эритроциттер – 5,1*1012/л, лейкоциттер – 11,8*109/л, тромбоциттер – 280*109/л, ЭТЖ – 30 мм/сағ.

    Биохимиялық қан анализі: жалпы холестерин – 6,0 ммоль /л, ТГ – 2,0 ммоль/л, холестерин – ХС- ЛПВП ( холестерол липопротеины высокой плотности) – 0,86 ммоль/л; глюкоза - 5,7 ммоль/л; зәр қышқылы - 576 мкмоль/л,

    СРБ ( С реак белок) - 18 мг/л,

    Ревматоидты фактор - теріс, серомукоид – 0,15 бірлік, креатинин – 87 мкмоль/л.( Скорость клубочковой фильтрации) СКФ (CKD-EPI) - 92 мл/мин 1,73 м2. Альбуминурия – 10 мг/тәу.

    Жауабы Диагноз Бірінші реттіжедел подагралық артрит. Оң жақ бірінші табан башпай буынының артритінің жедел ұстамасы. Жеңіл даму барысы

    Синдромдар Буындық синдром

    Диагностикасы Ең маңызды диагностикалық әдіс поляризацияланған микроскопия арқылы натрий урат кристалдарын анықтау. ЖҚА ( ЭТЖ жоғарылауы). БҚА ( креатинин, зәр қышқылының жоғарылауы) Синовиальді сұйықтықты зерттеу ( нейтрофильдер, лейкоциттер көбеюі)

    Емі .

    Сұйықтықты көп ішу керек күніне 2-2,5 л.су

    Подагралық артриттің жедел ұстамасын басу үшін БҚҚП, глюкортикоидтар және

    Колхицин қолданылады. БҚҚП ішінен қолданылатындары:

    - диклофенак 25-50 мг 4 рет/тәул - ибупрофен 800 мг 4 рет/тәул.;

    - индометацин 25-50 мг 4 рет/тәул - кетопрофен 75 мг 4 рет/тәул;

    - напроксен 500 мг 2 рет/тәул - нимесулид 400 мг/тәул

    Колхицинді эдетте БҚҚП тиімсіз болғанда немесе оларды тағайындауға қарсы көрсетпе барында береді. Колхицинді ішке 0,5-0,6 мг әр сағат сайын, артрит ұстамасы тоқтағанға дейін немесе ең жогарғы дозага (6 мг) жеткенге дейін қабылдайды. Тез әсер етуі үшін және асқазан-ішек жолдарында болатын асқынулардың алдын алу үшін колхицинді венаға егеді; 10-20 мл физиологиялық ертіндіге колхициннің 3 мг артык емес дозасын қосып, 10-20 мин. Подаграның ұстамасын тоқтату үшін алдын ала жуылған буынға глюкокортикоидтар жібереді. \Ірі буындарға преднизолонның 10-40 мг , ұсақ буындарға 5-20 мг жібереді. Глюкокортикоидтарды жүйелі түрде беруге болады, преднизолон 0,5 мг/кг дозасында ішке қабылданады, метилпреднизолон 50-150 мг дозасында венаға жіберіледі. Ұзақ (түрақты, перманентті) емдеу. Кұрамында пуриндер, майлар және белоктар аз антиподагралық диета белгіленеді. .

    Подаграның базисті емі

    1. Урикодепрессиялық дәрілер (ксантиноксидаза ферментін ыдырату арқылы несеп

    қышқылының синтезін азайтады): аллопуринол (милурит).

    2. Урикозуриялық дәрілер (ураттар реабсорбциясын азайту жэне олардың

    бүйректердегі секрециясын көбейту арқылы несеп қышқылының экскрециясын

    күшейтеді): бенемид (пробенецид), антуран (сульфинпиразон), кетазон.

    3. Аралас әсер көрсететін дәрілер (урикодепрессиялық және урикозуриялық әсер

    көрсетеді); алломарон.


    написать администратору сайта